Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Менеджмент тарихынан. Рысқұлов Тұрар - мемлекет және қоғам қайраткері, Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азатт




      ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ (1894-1938)  

 

Рысқұлов Тұрар - мемлекет және қоғам қайраткері, Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болған. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, ит-жеккенге жер аударылады. Паналар басқа жері жоқ жетім Тұрар қашан әкесі сотталып, жер аударылғанша түрмеде, соның қасыңда болып, бас бостандығы жоқтардың бақытсыз күңдерін солармен бірге бастан кешіреді. Теңсіздіктің, әділетсіздіктің небір сорақы түрлерін көзімен көреді. Ол 1907 жылы ғана әкесін білетін жақсы адамдардың көмегімен, оңда да ат-жөнін өзгертіп, «Қырғызбаев» деген фамилиямен, Әулие атадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке оқуға енеді. Бұдан кейін ол Пішпектегі ауыл шаруашылығы мектебін бітіріп, Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. Бірақ онда оқудың мүмкіндігі болмайды.

1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды.

1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Монғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Рысқұлов Моңғолия конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын.

1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді.

ТұрарРысқұлов қоғамдық-саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған. Ол Орта Азия мен Қазақстанның кеңес дәуіріндегі тарихшылардың бірі әрі қалам қарымы мықты журналист ретінде де танылды. Оның қаламынан шыққан оннан астам кітап жарық көрді.

1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.

 

 

Мәтінге берілген тапсырмалар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 123; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты