Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экологияның негізгі бағыттары




Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:

1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің
қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және
тұтастығын зерттейді.

3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта
жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.

4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға
антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.

5. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік
ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.

6. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала
экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын
зерттейді.

7. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын
болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

5. Экологияның зерттеу обьектілерінің сатылама деңгейлері. Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық –>Жасушалық деңгей –>Ұлпалар мен мүшелер деңгейі–>Организмдік (Особь) деңгей –>Популяциялық (түрлік) деңгей –>Экожүйелік деңгей - >Биосфералық деңгей.

6. Экологиялық зерттеу әдістері.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.

Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялықжағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы – климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, анатикалақ таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс.

Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі.

Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.

Бақылау сұрақтары:

1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.

2.Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.

3.Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.

4.Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.

5.Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.

6.Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 188; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты