Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Су қажеттілігінің мөлшері.




Су барлық дерлік технологиялық процестердің бөлінбес элементі және шарты болып табылады.Оған пайдалану жылдамдығының жоғары болуы тән. Мысалы, 1т болат өндіру үшін 30т су ,спиртке-300 т,целлюлозаға-500 т,синтетикалық талшықтарды алуға 5000т су қажет.

Қазір дүние жүзінде орташа шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500-2000 литр су қолданылады, олардың ішіне 100-150 литр су тұрмысмық-коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалынады.Судың негізгі бөлігі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық мақсатында қолданылады.

Жылдан-жылға судың бағасы артып барады. Кларктың мәліметтері бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстық қажетті суға шамамен 100 есе ,ауыз суға-1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде сату әдеттегі көрінестерге айналды. Табиғи таза су маңызды ұлттық байлық көзіне айналып отыр.

Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісу себебіне айналып отыр. Мысалы Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы шиеленістердің тууы белгілі.

 

Әлемдегі адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта, оның ішінде ауыз суы ретінде пайдалануы тек болашақтың ғана ісі болып отыр. Дегенмен мардымсыз мөлшердегі теңіз сулары тұщытылып, қолданылып та жүр. Біздің Республикада су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адамның басына шаққанда тәулігіне 12 - 18 литр су пайдаланса, ХХ ғасырда мәдениетті дамыған оның шамасы орта есеппен 200 -400 литрге жетіп отыр.

Тарихи мәліметтерге жүгінсек, 98 – 117 жылдары Рим мемлекеті дамып тұрған шағында, император Троянның басқаруы кезінде, Римдегі адамдар саны 1 млн. болғанда, адам басына шаққанда тәулігіне 100 л су жұмсалады екен. Егер назар аударсақ, 1968 бұл көрсеткіш - 475 л ғана. Демек судың қолданысы, елдің немесе қаланың цивилизациясының өсуін немесе құлдырауын көрсетеді.

Әдебиеттердегі мәліметтерге сүйенсек, әлемдегі адамдардың үштен бірі теңіз жағалауында, ал қалған үштен екі бөлігі, су бар жағалауларында: өзен, көл, каналдар, жер асты сулары шығатын жерлерде тұрады екен. Тіпті көшпенді халықтардың, өздері тұратын немесе жүретін жолдары - су бар жерлерде болған.

Су ресурсының тапшылығы, Қазақстандағы маңызды экологиялық проблемалардың бірі. Республикамыздағы өзен суларының жартысы, көрші мемлекеттерден келеді. Қазақстанның су қорын 85 мыңға жуық үлкен және шағын өзендер құрайды. Олардың ішінде ең үлкендері: Есіл, Ертіс; Іле, Сырдария, Орал, Талас, Ассы.

Соңғы жылдары бірқатар көлдердің тартылып қалуы, оларға құятын су мөлшерінің азаюна байланысты болып отыр. Ертіс, Іле, Сырдария сияқты бірқатар өзендердің суларын, жол бойы егін шаруашылығына пайдаланып, бұл төменгі ағыстағы жағдайларды қиындатып отыр.

Судың меншікті сыйымдылығы жоғары болғандықтан, ол жылу тарату жүйелерінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, өндіріс және ауыл шаруашылық салаларында да, су көп мөлшерде қолданылады. Көптеген өндіріс процестерде – кептіру, жылыту, энергия алу, жүк тасу, комуналдық – шаруашылық және т. б. қажеттіліктер үшін, су таптырмайтын ресурс көзі.

Кейбір мәліметтер бойынша, тәулігіне бір адамға – 10 л, бір ірі қара малға – 40 л, бір қойға – 10 л су қажет. Әсіресе күріш өсіруге көп су қажет, ал еккен күннен бастап піскенге дейін судың ішінде өседі. Күріш егілген 1 гектар жерге – 20 мың тоннаға дейін су жұмсалады. Тағы да мысал келтіретін болсақ, 1 т бидай алу үшін 1,5 т су жұмсалады. Өнеркәсіпте, сулы сынамалар дайындау және газ сұйықтарды жылыту не салқындату, жуу үшін қолданады. Мысалы, төмендегі заттардың 1 т алу үшін, қажетті орташа су мөлшері мынандай:

Шойын - 15,20 м3

Күкірт қышқылы - 25 – 80 м3

Визкоза талшығы - 300 -400 м3

Мыс - 500 м3

Синтетикалық каучук - 2000 -3000 м3

Сода - 10 м3

Азот қышқылы - 80 – 180 м3

Жасанды талшық - 500 м3

Пластмасса - 500 – 1000 м3

Қуаты 300 мың кВт электр станциясының жұмыс істеуіне жылына 300 км3 су қажет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 119; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты