Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары 4 страница




28. Транзиттік өзендердің экологиялық проблемалары. Транзиттік өзен – ағып өтетін аумақтың физикалық-географиялық жағдайларына сәйкес келмейтін су жүргісімен сипатталатын өзен телімі. Мұндай ерекшеліктің болуы транзиттік өзеннің басқа табиғи жағдайларда қалыптасуына байланысты (мысалы, Сырдария, Әмудария өзендері, Қарақұм, Қызылқұм арқылы өткенде мұнда жазғы ыстықта биік таулардағы қар мен мұз еруі жазғы су тасқынын ала жүреді).

Экологиялық проблемалары:

- су бөлу;

- трансшекаралық су объектiлерiн;

- атмосфералық ауа мен топырақты ластау;

- қауiптi технологияларды;

- заттар мен қалдықтарды өткiзу;

- пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру;

- бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi.

29. Орнықты даму тұжырымдамасы. Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.).

30. Ұлттық саябақтар, қорыққорлар, табиғат ескерткіштерінің табиғат объектілерін қорғаудағы маңызы: Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.

31. Топырақтың радиациялық ластануы. Қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:

1) радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі);

2) қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі.

Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне әкеледі.Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, олард басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та әсер ете алады.

Радиациялық ластанудың көздері.Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс — әрекеттерімен тығыз баланысты:

- атом өнеркәсібі;

- ядролық жарылыстар;

- ядролық энергетика;

- медицина мен ғылым.

Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алп келді.

Келесі бір қауіпті радионуклид – стронций – 90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі. Ол ағзаға асқазан – ішек трактісі, өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жинақталады. Стронциц қанада потологиялық құбылыстарды тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрылысынның бұзылуына әкеліп соғады. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.

32. Экологиялық білім беру мен ағарту. Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

33. Тұрақты дамудың басты 3 критерийі – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Тұрақты дамудың деңгейлері – локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экономикалық-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалану мен соның ішінде соларды алу мен өңдеу өнімдері шығару, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жою.

Әлеуметтік- әлеуметтік мәдени жүйелерде тұрақтысақтау, адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту тұрақты даму практикасын кең пайдалану ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ескерту.

Экологиялық - биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің бір-тұтастығын қамтамассыз ету, мұндай экожүйелердің өздерін қалпына келтіру және өзгерістерге динамикалық бейімделу қабілетін сақтау.

34. Адам экологиясы мен урбандалу. Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. Урбандалу (латынша urds - қала) дегеніміз - қалалар мен қала халқының әншейін көбеюі емес, сонымен қатар олардың рөлінің күшеюі, қалалық өмір салтының кеңінен дамуы. Бір-біріне жақын орналасқан қалалар көбінесе жалғасып, аса ірі қала "ядроның" орбитасына қамтылады. Урбандалу қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.

35. Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары.Қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiк проблемалары оларды жаhандық ұлттық және жергiлiктi ретiнде шешудiң маңыздылығы мен деңгейiне байланысты қаралады.

3.1. Жаhандық экологиялық проблемалар

3.1.1. Климаттың өзгеруi. “Қызу әсерiнiң” салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.

Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.

3.1.2. Озон қабатының бұзылуы. Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде.

3.1.3. Биоәртүрлiлiктi сақтау. Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi. Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды. Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi. 3.1.4. Жердiң шөлейттенуi және тозуы

Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды. Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.

36. Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндетері. Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Экологияның мазмұны-организмдердің бір бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық биосфералық деңгейде зерттеу болып таб.ды. Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты. Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.

Экология ғылымының даму кезеңдері:

І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;

ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;

ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.

Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.

Экологияның зерттеу әдістері:

1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.

2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

37. Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы

38. Экологияның алғашқы бөлінуі Брюссель конгресі. Реймерс бойынша экологияның жіктелуі.1910 жылы Брюссельде III ботаникалық конгрессте өсімдіктер экологиясы особьтар экологиясы (аутэкология) және бірлестіктер (синэкология) болып бөлініп, бұл жануарлар экологиясына да таралды.

Аутэкология – «аут» грек сӛзінен аударғанда жеке дара немесе биология тілінде особь деген мағынаны білдіреді. Сондықтан аутэкология особьтардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін бағыт. Басқаша, аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Синэкология – «син» грек сӛзінен аударғанда бірлестіктер немесе топтар деген мағынаны білдіреді. Сондықтан синэкология бірлестіктердың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін бағыт. Басқаша, синэкология - бірлестіктер экологиясы ретінде әр түрге жататын организмдер жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Қазіргі экологияның бағыттарын біз ресей ғалымы Реймерс ұсынған (1994 жылы) жіктеме бойынша карастырамыз. Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 10

Демэкология – «дем» грек сөзінен аударғанда популяция деген мағынаны білдіреді. Сондықтан демэкология популяциялардың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін бағытша. Басқаша, демэкология-бір тҥрге жататын организмдер (особь) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

39. Алтынемел ұлттық саябағы. «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Кербулақ ауданының аумағында 1996 ж. ұйымдастырылған ұлттық саябақ. Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ауданы 460 мың гектар. Оның құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» (жергілікті тұрғындар «Айқай құм» деп атайды) енеді. 3 ландшафты – таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» қорғанының маңызы үлкен. Шоқан Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы да осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүткоректілерден – құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян, т.б., құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, т.б., балықтардан – сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықшы бекеті және 3 туристік маршруттар жұмыс жасайды.

40. Климаттың өзгеруі. 1872 жылы француз ғалымы Фурье алғаш парниктік эффект туралы теориялық негіздеме ұсынған болатын. Ол: атмосфера қысқа толқынды күн сәулесін өткізіп, жер беті шағылыстырған ұзын толқынды жылу энергиясын ұстап қалады - деді. ХІХ ғасырдың соңында Швед ғалымы Аррениус көмірді көп мөлшерде жаққаннан атмосферада СО2 концентрациясы артып, жалпы климаттың жылынуын шақырады деді. 1957 жылы Халықаралық геофизика жылы деп аталып, атмосфераның химиялық құрамын бақылауда кешенді жұмыстар өткізілді. Сол ғылыми жұмыстардың есептемесі бойынша атмосферада СО2 –нің концентрациясы айтарлықтай артқаны айтылды. Ресей ғалымы Михаил Будыко климаттың өзгеруіндегі алғаш ғылыми дәлеледенген нақты есептеулер жүргізіп, оның жалпы табиғатының өзгергендігі туралы толық ашық мәліметтер ұсынған болатын. Парник эффектісі көп ретте ауада су буының, көмірқышқыл газының, метанның, азот тотығының және т.б. газдар концентрациясының артуымен пайда болады. Жерде атмосфера қабаты пайда болысымен, парник эффектісі түзіледі. Жер бетінің орташа температурасы +14 0С-қа тең, егер аз мөлшерлі парник эффектісі болмаса, оның орташа температурасы – 19 0С-қа тең болар еді. Яғни, 33 0С-қа төмен болар еді. Қазіргі таңда парниктік эффектісін қалыптастыруда антропогендік фактор алдыңғы орын алуда. Бұл ретте ең көп тараған парник газы – су буының концентрациясы өзгеріссіз қалуда. Жылу ағымының қарқынды өсуіне Жер бетінің антропогендік өзгеруі, қар жамылғысының еруі және орманды алқаптарды кесуі нәтижесінде альбедо күшінің артуы да маңызды рольге ие. Жер бетінің төменгі атмосфералық қабатының ғаламдық жылынуы соңғы 200 жыл ішінде байқалуда. 1950 жылдардың ортасынан бастап, ауаның төмеңгі орташа жылдық температурасының 13,8 0С-тан 14,6 0С-қа өсуі байқалған. Климаттың өзгеруінің басты себептері - табиғи және антропогендік факторлар болып табылады. Табиғи себептерінің ішінде – мұхит ағымдарының тұрақсыздығы, олардың айналымының бұзылуы, гидросфераның беткі жылу сыйымдылығының ұлғаюы, күн белсенділігінің тербелістері. Ресей ғалымдарының есептемелері бойынша парник эффектісін қалыптастыруда бөлек газдардың қатысты үлесі алуан түрлі: көмір қышқыл газы – 63%, метан - 21%, азот оксидтері - 5%, хлорфторкөміртектер үлесі - 11%. ХХ ғасырдан бастап, адамзаттың индустриалды қызметнінің қарқынды дамуына байланысты атмосфералық ауада көміртегі, азот, күкірт оксидтерінің концентрациясы күрт артып кетті. Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуіндегі негізгі көздері – жаңғыш қазба отындарды жағу (көмір, мұнай, газ), цементті өндіру, жолай газды жағу, ормандарды жою, Жердің өсімдік жамылғысының тозуы. Антропогенді азот және күкірт оксидтерінің көздері – жылу электр станцияларының, химия және металлургия кәсіпорындарының шығарындылары, көмір және сульфидті рудниктердің орындары, автокөлік шығарындылары және т.б. Парник газдарының ғаламдық ағыстарында антропогендік көздердің алар үлесі 3,7 %-дан (көмірқышқыл газы) 40 %-ға (күкірт газы) дейін жетеді Метан газының атмосфераға түсу жылдамдығы көмірқышқыл газына қарағанда 7 есе жоғары болып келеді. Оның жылуды сіңіру қабілеті 20 есе жоғары болып келеді. Метанның табиғи көздері - литосферадан лайлы вулкандардың қоспалары, мұнай, газогидратты заттар миграциясының қоспалары, көміртегінің сутектік мұзды қоспалары. Парниктік газдар концентрациясын шектеу мақсатында халықаралық құжат Киото хаттамасы (1997 жыл, желтоқсан, Жапония) қабылданды. Оның ұстанған мақсаты – 90-шы жылдармен салыстырғанда КҚ газының мөлшерін 2015 жылға қарай 5 %-ға төмендету болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 153; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты