Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары 7 страница




61. Табиғаты қорғаудың экологиялық негіздері. Табиғат - адам баласыньщ тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жаткан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осынын бәрі табиғатқа бұрын-сонды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, онын соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат – оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.

Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді.Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі-су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2\3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте ұқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.

Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы - әлімдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.

Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы заң” қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмірі үшін сақтау. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану – табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.

Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғат экожүйедегі рөлін білуі тиіс.

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқсықтыр көбеюде.

3. Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.

4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін.Осыған орай табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:

а)өндірісті,өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;

ә) өндіріспен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;

б) табиғат, ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;

в) табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет;

г) қоршаған орта мен адам баласының денсалығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.

Қорыта айтқанда, табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты – табиғатты қорғау. Табиғат қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Біздің елімізде табиғат қорғау мемлекеттік заңдармен қорғалады.

62. Қазақстан Республикасының тұрақты даму саясатының болашағы

63. Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.Су туралы қуып кетуге болады.

64. Қазақстанның қызыл кітабі. Қазақстан Республикасы аумағында жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1978 ж. 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес шыға бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған 1-бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. "Қ. Қ. к-ның" 2-бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. "Қ. Қ. к-ның" 1-басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері 2 категория бойынша: А категориясы — жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қ. Қ. к-ның" жануарларға арналған 1-басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушы-лардың 8, қүстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1-басылымда тіркелген жануарларға берілген деректер 10 - 20 жыл бүрынғы зерттеулер негізінде берілді. Сондықтан, 1985 ж. Қазақстан ҒА-ның жанынан "Қызыл кітапты" қайта басып шығару мақсатымен арнайы зоол. комиссия жүмыс істей бастады.Кітаптың мүқабасы, 1996 ж. Кітаптың мүқабасы, 1981 ж.

1991 ж. осы комиссия "Қ. Қ. к-ның" толықтырылған 2-басылымын шығарды. Оның таралымы 500 дана болды. Кітаптың 2-басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балыктардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, қүстардың 58, сүт-қоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. "Қ. Қ. к-ның" 2-басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, үлулардың 6, қүрттардың 2 түрі туралы деректер тіркел-ген. 1996 ж. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бүл 3-басылымның 1-томы "Жануар-лар", оның 1-бөлімі Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы ту-ралы деректер берілген. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория - жойылып бара жаткдн; 2-категория - саны жылданжылға күрт азайып бара жат-кдн; 3-категория — сирек кездесетін; 4-категория — ғыл. түрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория — қалпына келтірілген түрлер деп берілген. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымывда тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, кандай түқымдаскд жататъ» және әрбір жеке түрге қыcқша кдзақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдін суреті, Кдзақстан аумағынла таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне катысты акдарат көздері (кітаптар макалалар) көрсетілген. "Қ. Қ. к-ның" өсімдіктерге арналғаи 1-басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген (1981). Онда жабықтүқымдылардың 288, ашыктүқымдылардың 2, қы рыққүлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқүлактардың 10, қыналардың - 1 түрі берілген.

65. Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау. Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.

1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:

- әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;

- биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;

- биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;

- биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.

66. Қазақстанның апатты аймақтарының жағдайлары

67. «Қызыл кітап» және оның рөлі. Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралай келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы ойлана бастады. Кейбір өркениетті елдерде жануарлар, өсімдіктер, орман, көлдерді қорғау туралы мемлекеттік деңгейде құжаттар қабылдана бастады. Прогресшіл патша ретінде танылған 1 Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін "патша қазынасы" деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен өзен бойынан 3 шақырым жерге дейін ағаш кескендерді жер аударғаны белгілі. Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да елдерде қолдау тапты. Әсіресе Еуропа елдері, Ресей мемлекеті, Қытай, Үндістан, Жапония елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөле бастады. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылды. 1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (ХТҚО) ұйымдастырылды. Мақсаты - табиғаттың тұтастығы мен әралуандағын сақтау ісінде дүние жүзінің ұйымдарына ықпал ету, қолдай және көмектесу. Халықаралық "Қара кітаптың" тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола жойылып кеткен аңдар мен құста енгізілді. 1963 жылы Халықаралық "Қызыл кітаптың" алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның "Қызыл кітабы" содан бері 1978,1981,1991 жылы, 1996 жылы өңделіп қайта басылып көпшілікке ұсынылды. Соңғы басылымында 16 түрлі балық, 3 түрлі қосмекенділер, 10 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 56 түрлі құстар, 40 түрлі сүтқоректілер, 506 түрлі өсімдіктер қамтылған. Қызыл кітапқа ену үшін ғалымдар түрдің 5 категориясын анықтаған. Осы категорияларға сәйкес келген жағдайда ғана ол түр кітапқа енеді. Ол категориялар мынадай: 1 категория - жойылып бар жатқан түрлер. Мысалы, қызыл қасқар, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, күдір. 2 категория - саны азайып бара жатқандар (жуық арады жоғалып кетуі мүмкін). 3 категория - сирек кездесетін түрлер. Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, т.б. 4 категория- белгісіздер ( толық зерттелмеген түрлер). 5 категория - қалпына келгендер ( қоғау жұмыстарының нәтижесінде қайта көбейгендер). Мысалы, кіші аққу, көкқұс, т.б.

68. Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері

69. Биосфера және оның ресурстары.«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда ХІХ ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде австриялық ғалым Э.Зюсс (1875 ж.) қолданды. Биосфера, «тіршілік аймағы» туралы ғылыми ілімді жетілдірген орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол биосфера деп, тіршілікті түзуде маңызды рөл атқаратын Жер қабатын түсінді. «Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда, - деп жазды В.И.Вернадский.- Оның әсерінен бұл атомдар үздіксіз қозғалыста болды. Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзілуде. Бұл процесс үзіліссіз ондаған миллион жылдар бойы, ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде. Жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін, соңғы нәтижелері бойынша мықты да қуатты мұнан асқан химиялық күштер жоқ».

Сондықтан В.И.Вернадский тірі организмдерді негізгі өзгеруші күштер деп ерекше атап көрсетті. Сонымен, биосфера деп – тіршілігі бар (немесе бұрын болған) кеңістікті (Жер қабаты), яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.

Қазіргі таңда биосфера көптеген компоненттерден – тірі және өлі (тіршілік ету ортасы) табиғаттан тұратын күрделі жүйе. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өз ара байланысқан атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды.

Биосфераның атмосферадағы атмосферадағы шекарасы 20-25 км биіктікте – озон қабатына дейін жетеді. Озон қабаты Жер бетіндегі тіршілікті күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Зеңді саңырауқұлақтардың және кейбір бактериялардың спорлары 22 км биіктікте табылған. Кейбір тірі организмдер қысымы 1000 атм. Жоғары су тереңдіктерінде тіршілік ете береді. 12 000 атм. Дейінгі қысымға шыдайтын бактериялар да бар.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

70. Арал теңізінің экологиялық ахуалы. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал апатына себеп болған факторлар:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

71. Қарқаралы ұлттық саябағы. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысымен құрылған. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының шығыс жағында орналасқан. Ұлттық бақтың жалпы аумағы 90323 га жер учаскесін құрайды, оның 40341 га орман шаруашылығы. Орман шаруашылығы негізінен қарағайдан, қайың мен көктеректен, үйеңкі, шегіршін, терек тал және бұталардан тұрады. Ұлттық бақтың үш филиалы бар: Таулы (жалпы аумағы-25576га); Қарқаралы (жалпы аумағы-23846 га) және Кент (жалпы аумағы-40901 га).Қарқаралы-Кент таулы торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы, Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент алабы ерекше ландшафты асимметрияға ие: оның солтүстік баурайы шығыс және батысқа қарағанда өсімдіктерге және бұлақтарға өте бай. Олар бір-бірінен терең шатқалдармен алшақтанған, тау аралас жартас шоқылармен және шыңдарды құрайтын жоталар мен жатық жазықтықтардан тұрады. Қарқаралы алқабы Тар кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр жоталары мен жекелеген Комсомол (1403м), Шаңкөз (1360), Бұғылы (1323), Көктөбе (1254) шыңдарынан және бірқатар биіктігі бойынша маңызды емес жоталардан тұрады.Аудан аумағы үшін су тартылмайтын жылғалардан, терең аңғарлардан, таулы бұлақтардан және көл қазандықтарынан, сондай-ақ ұсақ құмдардан тұруы оның табиғатына тән. Қаралып отырған аумақтың климаты барлық ұсақ таулы алқап шегінде ауа-райының антициклондық түрімен континенттік болуы қыстың қаттылығымен, салқын жазбен, жылдың бұлтты күндері, жиі кездесетін құрғақшылдық, аңызақ желдерінің қайталанатыны тәуліктік және жылдық температурасының едәуір ауытқуына әкеліп соғады. Қарқаралы МҰТБ флорасы 198 түрлі жабын тұқымдық өсімдіктерден, 3 жалаңаш тұқымды түрі, 2 папортник тәрізді, 27 мүк түрлері, 14 қына түрлері, сондай-ақ әдебиет көздерінде олардың 800-дей түрі барлығы қазіргі кезде тіркелген. Бұл маңындағы дала зонасына қарағанда үш есе көп. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына осы өсімдіктердің 244 түрінен 5 енгізілген: қарқаралы бөріқарақаты, тегіс сфагнум, қырғыз қайыңы, жіңішке көкнәр, көктемгі жанаргүл, сібір қисық бұтасы, қалампыршөп. Қарқаралы флорасында және Кент таулы-орман алқабында эндемиялық және бореалдық өсімдіктердің көп екені белгілі. Өсімдіктердің жоғалып, азайып бара жатқан түрлері: Қарқаралы бидайығы, Қарқаралы бөріқарақаты, жіңішке көкнәр, қарқаралы сылдыршөбі...


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 183; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты