Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.




Азық-түлік қауіпсіздігі қай елдің болмасын тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі болып табылады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыcтар атқарылуда. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту. Технологияның жедел игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы өңделмеуі, жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының бір көрінісі. Сондай-ақ, бұл жерде тікелей жеткізу жүйесінің дамымауы, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы тікелей сауда жасау жүйесінің жоқтығы да – жиналған өнімнің бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп. Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орны ерекше аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол.
Агроөндіріс кешенін дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстары мол. Бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселе болып отыр. Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауының басты себебі, бұл тауар өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы делдалдардың көптігі.
Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін біз тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды ендіріп отыруымыз керек. Алайда, ұсақ шаруалар жаңа инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндіктері келе бермейді. Себебі, қаржы айналымының жоқтығы.
Шаруалар мен ауыл кәсіпкерлерін несие ресурстарымен қамтамасыз ету толық шешілмеген. Олардың мүлкі мен жер телімдерін екінші деңгейлі банктер кепілдікке алмайды. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі шағын шаруашылықтарда өндірілсе де, жыл сайын республикалық бюджеттен «ҚазАгро» холдингі арқылы бөлінетін несиелерді тек ірі шаруашылықтар алады. Әрине, келешек ірі шаруашылықтарда, шағын шаруашылықтар іріленуі тиіс.
Қазіргі таңда аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ғылым, бизнес және аймақтық биліктің үйлескен әрекеттері арқылы ғана инновациялық дамуды қамтамасыз ете аламыз. Мұны қамтамасыз ету үшін ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған кешенді шараларды жалғастыру қажет. Бұл шараларға әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын өндіруді ынталандыруды, олардың резервін жасақтап, тұрақтандыру қорын құруды, азық-түлік тауарлары бағасының қалыптасу барысын қадағалауды жатқызуға болады. Қайта өңдейтін кәсіпорындар бәсекеге төтеп беретін өнімдер өндіру үшін оларды ең алдымен ауыл шаруашылығы шикізаттарымен қамтамасыз ету қажет.
Осыған орай, азық-түлік нарығындағы жағдайға байланысты қайта өңдеу өнеркәсібінде өзгерістер енгізумен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 157; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты