Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңыз




Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :

1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10% — дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% — дан төмен.

Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Медицинада литий иондарының организмдердегі атқаратын жұмысы мен орны жайлы айтарлықтай мәлімет жинақтары. Айталық, литийдің кейбір қосылыстары психикалық ауруларды емдеуге қолданылады.

Сілтілік металдардың бірқатар органикалық қосылыстары медицина іс жүзінде қолданылуда.

Натрий хлориді, . Нарий хлоридінің қан құрамындағы концентрациясы 0,5%, бұл мөлшер қандағы осмостық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Натрий хлоридін концентрациясына байланысты изотондық 0,9% және гипертонолиялық -3%, 5% 10% ерітінділерге бөледі. Натрий хлоридінің изотонды ерітіндісін адам көп сұйықты жоғалтқанда, тері астына көк тамырға және клизма арқылы енгізеді. Сол сияқты, бұл ерітінді әртүрлі дәрі-дәрмектерді ерітіп, даярлау үшін де қолданылады. Ал гипертонологиялық ерітінді қабынған кезде дененің сыртынан сулап, қысып таңу үшін қолдаылады.

Гипертонологиялық ерітнділермен ауызды, шайып, ттыныс алу жүйесін емдеп, булау (ванна) жасауға болады.

Калий хлориді . Бұл тез бұлшық етазып-тозып әлсіреген кезде қаңқалық бұлшықетті қысқарту үшін қажет. Калий хлоридін қолданудың басты көрсеткіші, ол жүрек соғуы жиілігінің бұзылғаныү Калий хлориді глюкозада ерітілген күйінде көк тамырға егімді немесе судағы 10% ерітінді түрінде ішеді.

Натрий гидрокарбонаты (ас содасы), еріген кезде гидролиз нәтижесінде, сілтілік ерітінді береді және осыған орай ол медицина жиі қолданылады. Асқазан сөліндегі қышқылдық жоғарылаған кезде оны ішеді және оның ішек-ішкі құрылым ауруларын емдеуге қажет дәрі-дәрмек құрамына қосады.

Натрий бромиді, және калий бромиді . олар тыныштандырушы, жайландырушы препарат ретінде қолданылады, өйткені олар бас қабатындағы мидың қозуы мен тежелуі арасындағы қатынастың бұзуымен реттеп, қалыпқа келтіреді. Натрий иодиді, және калий иодиді қалқынша безі ауырған кезде қолданылады. Калий иодиді тыныс жүйесі қабынғанда және көз аурулары кезінде де пайдаланылады.

Литий карбонаты . Қияли ауру жиі-жиі және күшті ұсқағанда қолданылады.

Медициналық емдеу жұмысында, сілтілік металдардың басқа да тұздары жиірек және кеңінен қолданылады. Мысалы, калий перманганаты мен натрий тетрабораты антисептік ретінде, калий гидротартраты (шарап қышқылды калий) мен натрий сульфаты ішті айдайтын дәрі-дәрмектер ретінде қолданылады.

Кальций ионы структура құруға қатынасады: сүйек тініндегі кальцийдің үлесі 98%. Сүйектің өзі 40% судан, 30% күлден, 20% ақ заттан, 10% майдан тұрады. Сүйек күлін кальцийден, фосфорадан, магнийден басты компонент гидроксил аппатит Кальций сүйектің өсуіне, енгізулі ана сүтінің пайда болуына, жүрек жұмысының қалыптылығына, сондай-ақ қанның ұйып қалу организмге кальций тұзын артықтау енгізу арқылы қанның ұюын тездетуге болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 313; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты