Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері




«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуының XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.

Ғылым дамуының бұл сатысынын өз ерекшеліктері болды:

1. Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дүниені өз заңдылықтары арқылы түсіндірумен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.

2. Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттар болды.

Элементаризм – күрделі құрылымдардың қарапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.

Статизм – бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару

Антиэволюционизм – реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.

Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адамзат ақыл-ойы және табиғаттың тәәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.

Дүние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола отырып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:

1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;

2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы;

3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.

Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:

- 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;

- 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;

- 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;

- 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.

Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.

Ол ХІХ ғасырдың 90-шы жалдарынан басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.

Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды. Г.Герц – электромагниттік толқындардың ашылуы;

- К. Рентген – қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;

- Дж. Томсон – электрондарды ашу;

- П.Н.Лебедев – жарық қысымы;

- М.Планк – кванттық идея;

- А.Энштейн – салыстырмалылық теориясы;

- Э.Резерфорд – радиоактивті бөліну.

1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің периодтық системасына сүйенді. Бұл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезеңі болды. Ол материя мен оның құрлысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бұрынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен ұштасуымен байланысты болды.

Революцияның үшінші кезеңі ХХ ғасырдың 40-шы жалдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибернетикалық пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар бұл кезде физикамен қатар химия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техника тұтасымен бірігіп қазіргі ғылыми-техникалық революцияға әкелді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 345; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты