Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Физика заңдарының классификациясын беріңіз.




Физика (көне грекше: φύσις — табиғат) — зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады. Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Аталмыш заңдар еблгілі бір ғылым саласына негізделуі хақ. Ендеше физтканың сол салаларына тоқталар болсақ:

1. Механика-[грек. ''mechanіke'' (techne) – машина және машина жасау өнері] – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым.

Ньютонның бірінші заңы- егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады дегенқорытындыға келген болатын. Бұл — инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Ньютон екінші заңы - материалдық нүкте импульсінің уақыт бойынша бірінші туындысы нүктеге әсер ететін барлық күштердің қосындысына теңдігі туралы механиканың заңы:

Ньютонның үшінші заңы-Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

· Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos – қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі.

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығы деп ∆V(speed)= ∆S/∆t=(x2-x1)/(t2-t1)

қатынасын айтады. Егер v > 0 онда дене ОХ осінің оң бағытына қарай қозғалады,

егер v < 0, онда қарама-қарсы бағытта қозғалады. х координатасының t уақыттан

тәуелділігі (қозғалыс заңы) бірқалыпты түзусызықты қозғалыста сызықты

математикалық теңдеумен өрнектеледі: x(t) = x0 + vt. Бұл теңдеуде v = const - дене қозғалысының жылдамдығы, x0 - дененің t = 0 кезіндегі нүктенің координатасы.

· Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.

Әрбір дененің импульсі өзгергенімен, олардың импульстерінің қосындысы өзгеріссіз қалды. Сонымен, тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады):

 

Статика (гр. statіke – салмақ, тепе-теңдік туралы ілім) – механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы; механикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін күш әсерімен зерттейтін механика бөлімі.

Аксиомы (законы) статики: 1) инерция аксиомасы: Под действием взаимно уравновешивающихся сил материальная точка (тело) находится в состоянии покоя или движется прямолинейно и равномерно. 2) аксиома равновесия двух сил: Две силы, приложенные к абсолютно твердому телу, будут уравновешены тогда и только тогда, когда они равны по модулю, действуют по одной прямой и направлены в противоположные стороны. 3) аксиома присоединения и исключения уравновешивающихся сил: Действие системы сил на абс. твердое тело не изменится, если к ней прибавить или отнять уравновешенную систему сил. Следствие: Действие силы на абс.тв. тело не изменится, если перенести точку приложения силы вдоль ее линии действия. Т.е. сила, приложенная к абс.тв. телу– скользящий вектор. 4) аксиома параллелограмма сил: Равнодействующая двух пересекающихся сил приложена в точке их пересечения и изображается диагональю параллелограмма, построенного на этих силах. ;

. 5) аксиома равенства действия и противодействия (3-й закон Ньютона): Всякому действию соответствует равное и противоположно направленное противодействие. 6) принцип отвердевания: Равновесие сил, приложенных к нетвердому телу, не нарушается при его затвердевании.

2. Молекулалық физика – физиканың әр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың физикалық қасиеттерін олардың молекулалық құрылысы негізінде зерттейтін саласы. Молекулалық физиканың ең алғаш қалыптасқан бөлімі – газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы.

Заңдары: 1) әлемдегі барлық денелер мен заттар атомдар мен молекулалардын тұрады, олар өз кезегінде одан да кішкентай элементар бөлшектерден тұрады.

2) молекулалар мен атомдар үздіксіз хаостық қозғалыста болады.

3) Молекулалар мен атомдар арасында өзара тартылыс және тебіліс күштері болады.

3. Электродинамика- электромагниттік өрісті жалпы түрде (яғни өрістердің ауыспалы, уақытқа тәуелді түрлері қарастырылады) және оның электр заряды бар денелермен өзара әрекеттесуін(электромагниттік өзара әрекеттесу) зерттейтін физика саласы. Электродинамика пәні электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланысты электромагниттәк сәулеленуді, электрлік токты, және оның электромагниттік өріспен байланысын зерттейді

Электр зарядының сақталу заңы- тұйық жүйеде барлық бөлшектер зарядының алгебралық қосындысы тұрақты болып қалады.

4. Термодинамика - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы.

 

· Термодинамиканың бірінші заңы-жүйеге берілген жылу-Q оның ішкі энергиясының өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін жұмысына жұмсалады: Q=∆U+A

· Термодинамиканың екінші заңы- статистикалық нысандардың (мысалы, атомбеидардың, молекулалардың) үлкен санынан тұратын жүйелердің өз бетінше ықтималдығы аздау күйден ықтималдығы молырақ күйге ауысу процесін сипаттайтын табиғаттың түбегейлі заңы.

· Термодинамиканың үшінші бастамасы — абсолюттік нөлге жуық температура маңында, реакцияның жылу эффектісі мен максималжұмысты сипаттайтын қисық сызықтар өзара бірігіп кетеді, ал олардың ортақ жанамасы температуа осіне параллель болады дейтін, химиялық реакцияларға тән эксперименттік нәтижелерді қорытындылаудан туатын постулат

5. Электростатика- қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әрекеттесуін зерттейтін физика саласы. Электростатикадағы негізгі заңға Кулон заңын жатқызсақ болады. Формуладан көріп отырғанымыздай, вакуум ішіндегі екі нүктелік зарядтың арасындағы күш зарядтың көбейтінділеріне тура, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал.

5. Кванттық физика- теориялық физиканың кванттық-механикалық, кванттық-өрістік жүйелері мен қозғалу заңдары зерттелетін бөлімі. Планк гипотезасының мәні-заттың атомдары сәуле шығаруы мүмкін, бірақ үздіксіз емес, бөлек үлес, яғни квант түрінде. Әрбір квант энергиясы жарық толқыны жиіліген пропорционал: Е= ћ·ν; ћ – 1,054·10_34 Дж·с-Планк тұрақтысы

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 181; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты