Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.




Тірі табиғаттың пайда болуы мен тіршіліктің мәні – адамзаттың өзін қоршаған ортаны түсініп білуінде, өзінің табиғаттағы орнын анықтауында үлкен қызығушылық тудырды.

Жалпы, ғылымда тіршілік пайда болуы туралы 5 концепция бар:

1) креационизм, немесе тіршілікті құдай жаратуы;

2) тіршіліктің өз-өзінен пайда болуы туралы концепция;

3) стационарлық күй концепциясы;

4) панспермия концепциясы;

5) жер бетінде тіршіліктің өткен тарихи кезеңдерде физикалық және химиялық процестердің нәтижесінде пайда болуы туралы концепция.

1-ші концепция діни тұрғыда болғандықтан, ғылымға тікелей қатысы жоқ. Ежелгі гректің атақты ғұламалары, философтар Платон мен Аристотель осы көзқарасты ұстанған адамдар болды. Сонымен қатар, бұл сұраққа басқаша жауап берген философтар мен ғалымдар болды. Олар тірі табиғат және басқа да обьективті дүниені түсініп, танып білу үшін ешқандай құпия рух бастамасы қажет емес деп тапты. Дәл осындай көзқарасты натурфилософтар, Милет мектебінің өкілдері де қолдады.ХІХ ғасырға дейін ғалымдардың көпшілігі тіршіліктің әр түрлі материалды дүниеден, атап айтқанда, шіріген топырақтан, қалдықтардан тағы басқа өздігінен пайда болғандығы туралы идеяны ұстады. Бұл көзқарасты ұстанған ірі ғалымдар мен ойшылдар: Аристотель, дәрігер Парацелье, эмбриолог Гарвей, Коперник, Галилей, Гете, Декарт, Шеллинг тағы басқа. Олардың ғылыми дүниетанымдағы беделі бұл көзқарастың ұзақ уақыт қалыптасып тұруына әсерін тигізді. XVII ғасырда Ф.Редидің жасаған тәжірибесі бұл көзқарасты дәлелдей алмады.Мөлшермен осы уақытта (1865 ж.) космогония мен физиканы ұштастыра отырып неміс ғалымы Г.Рихтер жер бетіне жанды заттардың космостан енуі туралы панспермиялық теорияны жасады. Бұл идея бойынша тірі организмдердің ең алғашқы ұрығы жер беріне метеориттер мен космостық шаңдар ақылы түсіп, тіршілік эволюциясының бастауын берді. Панспермия концепциясын қолдағандардың ішінде ірі ғалымдар С.Аррениус, Г.Гельмгольц, В.И.Вернадский болды. Тіршілікті материя қозғалысының ерекше формасы ретінде және оның белгілі бір даму сатысында пайда болдатындығы туралы көзқараспен қарастыру дұрысырақ болады. Әрине, тіршілік пайда болуында кездейсоқтың элементі бар, дегенмен, оның өзі бір қажеттіліктен, заңдылықтан туындаған құбылыс.Осыған байланысты, бүгінгі күнде жаратылыстануда ең бір болашағы бар ғылыми бағыт болып тіршіліктің біздің планетамызда өлі материядан өзіндік ұйымдасу процесі кезінде пайда болуын зерттеу саналады.

 

 

 

 

36) Кибернетика (грекше кyбернетіке – басқару өнері, ағылшынша цyбернетіцс) – басқаружүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикадағы зерттелетін негізгі нысандар – кибернетикалық жүйелер дерексіз (абстракт) түрде, яғни олардың табиғаты физика мазмұнына байланыссыз зерттеледі. Мұндағы басқару жүйелері ұғымына техника қана емес, кез келген биологиялық, әкімшілік және әлеуметтік жүйелер де жатқызылады.Кибернетикалық жүйе ақпаратты қабылдау, өңдеу, түрлендіру, сақтау және алмастыру қабілеті бар бір-бірімен байланысты нысандардан – жүйе элементтерінен тұрады. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника реттеуіштер, электрондық есептеу машинасы (компьютер), тірі организмдердің жүйке жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал бола алады. Кибернетика ғылым ретінде техникадағы кері байланыс ашылған уақыттан қалыптасты. Адамның ойлау қабілеті де кері байланыс принципіне негізделгендіктен, осы ұқсастық кейбір биологиялық процестердің электроника терминдері арқылы сипатталуына себеп болды.

Кибернетика - 1) табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; практикалық мағынада — күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс туралы ілім; 2) ақпарат жинау, жеткізу, түрлендіру, басқару жайындағы ғылым. Кибернетикалық жүйелерге мысал ретінде автоматтық реттеуіштерді, компьютерлерді, адамзат қоғамын және т.б. Келтіруге болады. Кибернетиканың теориялық өзегіне ақпарат, алгоритмдер, автоматтар теориясы, операцияларды зерттеу, оңтайлы басқару теориясы, бейнелерді айыру-тану теориясы кіреді. Электрондық есептеу машиналары кибернетика мөселедерін шешудің негізгі техникалық құралы болып саналады. Н.винердің еңбектерінде келтірілген күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс жайындағы ілім; 3) техникалық, биологиялық, өлеуметтік және т.б. Жүйелердегі басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.

Қазіргі кезде кибернетиканың бірнеше бөлімдері бар. Теориялық кибернетикада дискреттік математика негізінде жасалған басқару теориясы мен ақпарат теориясының ғылыми тәсілдері зерттеледі. Техникалық кибернетика автоматтандыру мен компьютерлер негізінде технология процестерді автоматтандыруды зерттейді. Экономикалық процестердің математика модельдерін жасап, компьютерлерді экономикалық есеп-қисап істеріне пайдалануды экономикалық кибернетика зерттейді. Теориялық кибернетика идеяларын медицина мен биологияда пайдаланумен айналысатын бөлім биологиялық кибернетика, ал адамзат қоғамының даму процестерін зерттеп, оны басқарудың математикалық моделін жасайтын бөлігі әлеуметтік кибернетика деп аталады. Кибернетиканың жетістіктерін жеке ғылымдар саласында кеңінен қолдану нәтижесінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болды.

«Кибернетика» терминін ежелгі гректерден кейін 1834 жылы француз ғалымы А.Ампер қолданып, ол ғылымдарды топтарға бөліп жіктеу кезінде қоғамды басқару ісін осылай атады. Мұнан кейін бұл терминді америкалық ғалым Н.Винер қолданды. Ол өзінің 1948 жылы шыққан еңбегін осылай атады. Осы жыл кибернетика ғылымының дүниеге келген жылы болып саналады. Винер кибернетиканы «жануарлар мен машиналардағы байланыс және оны басқару жайлы ғылым» деп тұжырымдады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 155; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты