Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КАФЕДРА ОРТОПЕДИЧЕСКОЙ СТОМАТОЛОГИИ




“Молодежь и экономика. Новые взгляды и решения”

ФИО автора(ов) Иванов Иван Иванович, Петров Петр Петрович
Факультет, курс, группа ФЭУ, 4, Э-444
Вуз (полностью и сокращенно) Волгоградский Государственный Технический Университет, ВолгГТУ
Адрес ВУЗа, контактн. телефон 400005, г. Волгоград, пр. Ленина, д. 28, деканат ФЭУ, декану Сидорову Сидору Сидоровичу, т.(хххх)55-52-88
ФИО научного руководителя, ученая степень, должность К.э.н., доцент кафедры МЭиЭТ Сидоров Сидор Сидорович
Название работы Интеграция России в систему мирохозяйственных связей
Секция (номер и название) 1. Глобализация мировой экономики  
Обратный адрес 400005, г. Волгоград, пр. Ленина, д. 222, кв. 22
e-mail, телефон Mail@post.ru, (хххх)99-52-00
Необходимость бронирования гостиницы или общежития (Если да, то укажите пожелания) Да, общежитие
Ваши предложения и пожелания, необходимо ли спецоборудование Организовать централизованное питание в университете в день слушания работ; забронировать места в общежитии вместе с остальными делегациями; нужен проектор
Дата заполнения 10.01.2013

 

 

Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.Қазіргі кезде әкімшілік және құқықтық реттеу, тікелей және жанама экономикалық реттеу түрлері қолданылып жүр.Әкімшілік реттеуге үлестеу, контингенттеу, лицензиялау, бағаны, табысты, валюта бағамын, есептеу пайызын, т.б. бақылау шаралары жатады.Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тікелей экономиканы реттеуде секторларды, салаларды, аумақтарды, кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады.Бұған қарыз, демеуқаржы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан төленетін үстеме ақы, арнаулы қаржы, жеңілдікті несие жәнесалық жеңілдіктері жатады.Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, салық, амортизация, валюта, сыртқы экономика, кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.

Муниципалды басқару реализмінің (шынайылығының) теориясына анықтама беріңіз

Муниципалды басқару ұғымына анықтаманы 1985 жылы Еуропа кеңесінің бастамасымен қабылданған Еуропалық хартиядан таба аламыз, яғни " қоғамдық жұмыстардың басым бөлігін бақылауда жергілікті қауымдастықтардың қабілеттіліктерін, құқықтарын, сонымен қатар халықтың мүддесіне сәйкес қоғамдық жұмыстарды заң шеңберінде басқару”.
Муниципалды басқару өзі шешетін мәселелер сипатына сай болуы керек. Бұл мәселелерге төмендегілер жатқызылады:Муниципалды құрылымның әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру;Муниципалды құрылымның экономикасын тұрақтандыру;Аймақаралық және аймақішілік байланыстарды дамыту;Бір ыңгай экономикалық кеңістікті сақтау.
Осы мәселелерді шешуде әлеуметтік – экономикалық процестерге ықпал етудегі тиімділікті көтеруде комплектілік негізгі шарт болып табылады.Муниципалды басқару жүйесі өзін – өзі басқару принциптері негізінде қалыптасады. Ол басқару субъектісі (жергілікті өзін – өзі басқару органдары ) және басқару объектісі ( муниципалды құрылым және муниципалды шаруашылық).
Жергілікті өзін – өзі басқару принциптері халық қызметінің ұйымдасуын қамтамасыз етеді, яғни жергілікті маңызы бар сұрақтарды шешуді өздерінің жеке жауапкершіліктеріне алуды қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін–өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне – әлемдік тәжірибені және модельдерін қолдана отырып, жергілікті өзін – өзі басқаруды елімізде дұрыс іске асырып, экономикамыздағы шешілмеген бірқатар мәселелердің шешілуі, қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамыту, еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.

Муниципалды басқарудың дамуы: антикалылық – XIX ғасыр сипаттамасы

Антикалық әлемнің полистік демократиясы.Ең алғаш рет демократиялық құрылым б.э.д., VI ғасырда Эгейс аралы мен Кіші Азияның Ионин полистерінде пайда болған. Алайда бұл басқару үлгісінің түрі б.э.д., V ғасырда Афинада, 400 мың тұрғыны бар қала түріндегі мемлекетте жандана түскен.Байырғы Афинада саяси құқыққа ата-анасы Аттиканың тұрғындары болып, жасы 20 толған ер азаматтар ғана ие болған. Ел азаматтары салық төлеп, әскер қатарында боуға міндетті еді. Осындай шектеулі шеңбердің ішінде саяси құқықтар тең болатын. Әр азамат исономияны иеленген, яғни ол дегеніміз заң алдындағы құқықтарының теңдігі, ал исогория дегеніміз – Халықтық жиындардағы құқықтардың теңдігі.Өзің-өзі басқарудың жоғарғы органы – Экклессияда, яғни Халықтық жиын жұмысына кез-келген азамат қатысуға құқылы бодды. Осы деңгейде еш қандай өкілеттілік болған жоқ, сондықтан да афиналық демократия құқықтық тұрғыда тура әрі тәуелсіз болып саналады. Жиындар агорада, Дионис немесе Пирей театрларында айына төрт рет жүргізіліп отырған. Азаматтар ашық аспан астында орындықтарға тізіліп отырған. Осындай жиын өте ерте күн шығыста басталған.Әдетте жиын жұмысына 2–3 мың адам қатысады. Жедел сессияларға арналған Кворумдарда аса маңызды мәселелер қарастырылып, оларға 6 мыңға жуық адам қатысқан.

Муниципалды займдарды ұйымдастыру. Займдардың жіктелуі (инвестициялық, әлеуметтік, бюджеттік) және жергілікті басқарудың органдарымен шығарылатын борыштық міндеттемелердің түрлері

Муниципалды займдар шешетін тапсырмасы сипаты боынша шартты түрде үш негізгі топқа бөлінуі мүмкін: инвестициялық, әлеуметтік және бюджеттік. Біріншілер әлеуметтік – экономикалық жобаларды, тұрғын үй құрылысын және жергілікті инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыру үшін ұызмет етеді. Әлеуметтік займдар халықтң жинақтарын инфляциядан қорғауға, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экологиялық мәселелерді шешуге мақсатталған. Бюджеттік займдар бюджеттің ағымдағы шығындарын (тапшылығын) жабуға, төлемдердің түсуінің әртүрлілігін жоюға, кәсіпорындар алдындағы қарызды өтеуге, өзара есеп беруді жеңілдетуге көмектеседі

Муниципалды менеджер ептіліктері мен дағдыларының білім базасы ұғымын қалай сипаттайсыз

Менеджерлер мен топ жетекшілері ұйымның ішінде ғана емес, сонымен қоса оның шектеулеріндегі үлкен көлемдегі әр түрлі адамдармен жұмыс істеп, жақсы қарым-қатынасты сақтап отыру керек. Олар басқа адамдармен мақсатты желілер шегінде жұмыс істей білу керек, ол дегеніміз жұмыспен, карьералық желімен байланысқан спецификалық байланыстарды қолдау, карьера мен берілген мүмкіндіктермен және достар мен ұжымның ақталатын сенімінен тұратын әлеуметтік желілерге жетекшілік ету керек деген сөз.Менеджердің жұмыс уақытының ұзақтығы жоғары. Әдетте олардың бір жұмалық жұмыс уақыты, стандартты 40 сағаттан асып кетеді, және де сол уақыт ұйым басқару иерархиясының деңгейі бойынша қозғалуы заңды, сол себепті олар бәрінен көп жұмыс істейді. Менеджерлер — қолдары тым бос емес тұлғалар. Өте белсенді жұмыс істей отыра олар, бір күн бойында әр түрлі жұмыстар орындайды. Менеджердің жұмыс күні көңіл аударуды талап ететін жайттарды алмасуын сипаттайды, сондықтан жайттардың саны көбейген сайын менеджердің деңгейі де жоғары болады. Менеджерлер өз істерін жиі тоқтатуға шалдығады. Олардың қызметтері әр қилы болып, үзікті сипатқа ие. Оларды жиі тоқтатып кедергі жасайды, соған қарамастан олар көптеген тапсырмаларды өте жылдам орындауға тиіс. Менеджерлер көп жағдайларда басқа адамдармен жұмыс істейді. Және жалғыз жұмыс істеу оларға тән емес. Негізгі жұмыс уақытының көп бөлігін ұйымдарда қызмет ететін басқа адамдармен, яғни басшылармен, ұжыммен, олардың қарамағындағылармен өткізеді. Ал ұйымнан тыс олар клиенттермен, тасымалдаушылармен және тағы да басқа бөтен адамдарға қызмет көрсетеді. Менеджерлер коммуникатор түрінде де болады.Менеджерлер міндетті жеке сөйлесулер барысында және байланыстың электрондық түрлерінің көмегімен ақпаратты алуға, таратуға және қарастыруға көп уақыт кетіреді. Олар ресми және ресми емес кездесулерге көп қатысады, жалпы менеджер деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның алдын-ала жоспарланып қойылған кездесуге кететін уақыты да соншалықты көп болады.

Муниципалды менеджменттің пәні мен әдісін сипаттаңыз

Ғылым мен тәжірибеде «жергілікті өзің-өзі басқару» және «мемлекеттік жергілікті басқару» түсініктерімен қатар «муниципалды менеджмент» (басқару) термині қолданылады.Қолданыстағы Қазақстан заңнамасы берілген катерогияны түсіндіре алмайды, сондықтан оны талқылауда біршама қиындықтар туындайды.Көптеген ғалымдар муниципалдық (жергілікті) басқару мен жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару түсініктерін бір бірінен алшақтатады. Басқалары муниципалды басқаруды муниципалды құрылымдардың атқарушылық-бөлу органдарының қызметімен байланыстырады, яғни оны жергілікті өзің-өзі басқару жүйесінің құраушы элементі түрінде қарастырады.Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің ғылыми мектебі тәжірибе қажеттіліктерінен шегінгенде қалыптасады, оның академиялық курсы өте баяу және үздік-үздік болуда.Муниципалды менеджменттің әдістемелік негізі келесідей:1) ортақ ғылымдық білімдер — тарих, философия, дүние тану;2) ортақ және арнайы менеджменттің теория, соның ішінде басқарудың гуманизация және экологизация концепциялары, жиілілік, өсімділік, даму, дағдарыс, тұрақты даму циклдері;3) территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың арнайы теориялары, соның ішінде экономикалық-географиялық мектептер, кенттену және қайта кенттену концепциялары, территориялық кешенділік, адамдардың бейімделушілігінің әлеуметтік теориялары, және т.б. бұл пәндер бір-бірін толықтыра, ортақтай отыра қызмет етуде.

Муниципалды объектілерді құру, сатып алу, пайдалану, жалға беру тәртібі

Муниципалды меншіктегі объектілері сату-сатып алу мүлікті басқару комитетіне жазбаша өтініш беретін жеке және заңды тұлғаларғамен жүзеге асырылады.Комитет өтінішті тіркегеннен кейін территориалды әкімшіліктің және басқа ұйымдардың баланс ұстаушыларымен жылжымайтын мүлік объектісінің келісілген сатылымын жүргізеді.Муниципалды меншікке объектілерді сатып алу бөлімшелердің, комитеттердің, басқармалардың, департаменттің ұсыныстары, сондай-ақ әкімшіліктің тұрақты комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.Объектілерді сату және сатып алу бағасы лицензиясы бар нарықшылармен анықталған нарықтық бағамен жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік объектілерін сату-сатып алу келісім-шартын мүлікті басқару комитеті жазбаша нұсқада қатысушы жақтардың қолы қойылған құжат негізінде бекітеді.Айырбас. Ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй мен тұрғын емес ғимараттар және басқа жылжымайтын мүлік кез келген басқа меншікке басқа мүлікке айырбастау арқылы берілуі мүмкін. Айырбас келісім-шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабы сату-сатып алу ережесі қолданылады. Айырбас келісім-шартын мүлікті басқару комитетіжазбаа нұсқада бекітеді және міндетті түрде тіркеуге жатқызылады.Сыйға беру. Сыйға беру келісім-шартына сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй мен тұрғын емес ғимараттарды және басқа жылжитын және жылжымайтын мүлікті сыйға беруші жақ екінші жақтың муниципалды меншігіне тегін береді немесе беруі тиіс.Сыйға беруші мүлікті басқару комитеті болып табылады. Меншікті сыйға тарту туралы шешімді сыйға беру келісім-шартына сәйкес қала әкімі қабылдайды. Сыйға беру келісім-шарты мүлікті басқару комитетінде міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс.Барлық жағдайда: сатып алу, айырбастау, сыйға беру кезінде келісім-шарттар бойынша жылжымайтын мүлік объектілеріне иелік ету құқын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.Жалға беру. Мүлікті жалға беруші мүлікті басқару комитеті болып табылады. Жалға беруші ретінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шет мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары, бірлескен кәсіпорындар бола алады .Жалға жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар тұрғын үй және тұрғын емес ғимараттар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары берілуі мүмкін.

Муниципалды органдардың ішкі жұмыстарын ұйымдастыруда жоспарлауды пайдалану

Муниципалды орган (әкімшілік) – алқалық атқарушылық орган, оны облыс (мемлекеттік маңызы бар қалалар мен астаналар), аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімі басқарады, олар сәйкес территорияда, өз құзырының шегінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзіңдік басқаруды іске асырады.Әкім – Президент және Республика Үкіметінің өкілі, ол жергілікті атқарушылық органды (егер ол құрылған болса) басқарады, сонымен қатар, өзіне қарасты территорияда мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының барлық территориялық бөлімдерінің келісіліп қызмет етуін реттейді, сәйкес бюджеттен қаржыланатын атқарушылық органдарды басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіңдік басқару қызметтері мен жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттіліктермен істерді жүзеге асырады, сәйкес территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайына жауапты болады. Әкім аппараты – мемлекеттік мекеме, ол әкім мен жергілікті атқарушы органдардың (егер де ол құрылған болса) қызметін қамтамасыз етеді.Әкімшіліктің дербес құрамы облыстық маслихаттың (республикалық мағынасы бар қалалар мен астаналар) сессиясының шешімімен келісіледі.

Муниципалды шаруашылық құрылымындағы шаруашылық және әлеуметтік кешендер: өнеркәсіптік, құрылыс, аграрлы, сауда-сервистік, тұрғын үй-коммуналды, мәдени-тұрмыстық

Муниципалды шаруашылыққа жеке шаруашылқ белгілері тән, себебі ұйымдар, кәсіпорындармен мекемелер нарықта дербес субьек ретінде бола алады. Бірақ жеке шаруашылықпен салыстырғанда муниципалды шаруашылықтың мақсаты пайда алу емес, жергілікті мәселелерді шешу (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру) болып табылады. Осылайша, бұл шаруашылық етудің нәтижелерін жергілікті қоғамдастықтың барлық тұрғындары пайдаланады және олардың өздері муниципалды шаруашылық көмегімен көрсетілетін қызметтерде тапсырыс берушілер болып табылады, міне осында оның қғамдық сипаты көрінеді [19].Мұнда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің кейбір ерекшеліктері бар. 1-ден, жергілікті өзін өзі басқару органдары – бұл жергілікті билік органы, олардың шешімдері жергілікті қоғамдастықтың территотиясында барлық шаруашылық етуші субьектілер үшін орындалуға міндетті. 2-ден, шаруашылық етуші субьект ретінде жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалды меншік иелігінде және иелігінде емес, бірақ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындарға қатысты әртүрлі әрекеттер жасайды.Муниципалды шаруашылық әртүрлі шаруашылық субьектілерінен тұрады. Олардың қызметін жергілікті өзін өзі басқарудың сәйкес органдары анықтайды және үйлестіреді. Осыны ескере, муниципалды шаруашылық құрылымындағы 3 элементті бөлуге болады:-жергілікті қғамдастық территориясындағы шаруашылық етуші субьектілердің қызметін нормативті және экономикалық реттеуді жүзеге асыратын жергілікті өзін өзі басқару органдары, мұндай реттеудің мақсаты жергілікті қоғамдастықтың халқының қажеттіліктерін қанағаттандару болып табылады;-муниципалды меншік иелігіндегі кәсіпорын, мекеме мен ұйымдар. Жергілікті өзін өзі басқару органдары олардың қызметінің мақсатын, шарттары мен тәртібін анықтайды; олардың өніміне бағалар мен тарифтерді реттейді, олардың жарғысын бекітеді, олардың басшыдарын тағайындайды және жұмыстан босатады;-муниципалды меншік иелігінде емес кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар. Бұл шарушалақ етуші субьектілердің жергілікті өзін өзі басқару органдарымен өзара байланысы келісімді сипатқа ие болуы керек. Жергілікті өзін өзі басқару органдары қоғамдық территориядағы кешенді әлеуметтік – экономикалық дамудағы осы субьектілердің қызметін үйлестіруге, кейбір жағдайда олардың қызметіне шектеу қоюға құқы бар [45].

Муницпалды менеджменттің теориялық базасына анықтама беріңіз

Ғылым мен тәжірибеде «жергілікті өзің-өзі басқару» және «мемлекеттік жергілікті басқару» түсініктерімен қатар «муниципалды менеджмент» (басқару) термині қолданылады.Қолданыстағы Қазақстан заңнамасы берілген катерогияны түсіндіре алмайды, сондықтан оны талқылауда біршама қиындықтар туындайды.Көптеген ғалымдар муниципалдық (жергілікті) басқару мен жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару түсініктерін бір бірінен алшақтатады. Басқалары муниципалды басқаруды муниципалды құрылымдардың атқарушылық-бөлу органдарының қызметімен байланыстырады, яғни оны жергілікті өзің-өзі басқару жүйесінің құраушы элементі түрінде қарастырады.Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің ғылыми мектебі тәжірибе қажеттіліктерінен шегінгенде қалыптасады, оның академиялық курсы өте баяу және үздік-үздік болуда.Муниципалды менеджменттің әдістемелік негізі келесідей:1) ортақ ғылымдық білімдер — тарих, философия, дүние тану;2) ортақ және арнайы менеджменттің теория, соның ішінде басқарудың гуманизация және экологизация концепциялары, жиілілік, өсімділік, даму, дағдарыс, тұрақты даму циклдері;3) территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың арнайы теориялары, соның ішінде экономикалық-географиялық мектептер, кенттену және қайта кенттену концепциялары, территориялық кешенділік, адамдардың бейімделушілігінің әлеуметтік теориялары, және т.б. бұл пәндер бір-бірін толықтыра, ортақтай отыра қызмет етуде.

Облысты, аудан, қаланы басқару сызбасы

Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады. Жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады. жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріндебелгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі.

Ресей Федерациясындағы муниципалды басқаруды дамыту

Қазіргі кездегі нарықтық экономика дамуы жергіліктіөзін-өзі басқаруа негізделген, ол Ресей Федерациясының конститутциясына және Еуропа Хартиясына сүйене отырып жергілікті мәселелерді шешеді. Ең басты мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруды демократияландыруды дамыту, елдің заңды мемлекетке айналуына жағдай жасау, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін құру болып есептеледі. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетті басқаруда ең тиімді болып есептеледі. Ол адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауға, аймақтық және жалпы мемлекеттің мәселелерін шешуге тиімді.Ресей Федерациясының конститутциясында халық өз билігін тікелей мемлекеттік органдармен немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың органдары арқылы жүзеге асырады делінген. Жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарының өкілетілігіне Ресей Федерация- сының конститутциясында кепілдік берілген. Ол конститутцияның 3-12 баптары аралығында қарастырылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзінің өкілеттілігі шегінде тәуелсіз қызмет етуге құқылы, және жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары мемлекеттік билік жүйесіне кірмейді. Конститутцияның 130 бабына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары референдум, жиналыс, сайлау арқылы жүзеге асырылады.

Сәйкес территориялар дамуының кешенді және мақсатты бағдарламаларын жергілікті басқару органдарының өңдеуі

Мемлекеттегі әрбір территория өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа территориялар дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады: - еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы; - аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді; - аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді; - инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы; - елдің экономикалық даму тенденциясы; - тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы; - институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ; -орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым; - әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.; - орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы; - орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы. Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Сессия, тұрақты және уақытша комиссияларға сипаттама беріңіз

Маслихаттын талқылауына қатысты мәселелерді сессияда қарастыру және дайындау мақсатында маслихат хатшысы немесе маслихат уақытша комиссияны құруға құқылы болады. Уақытша комиссиялардың құрамы, амалдары, өкілеттілік мерзімдері, олар құрылған жағдайларда маслихатпен анықталады.Маслихат сессиясының төрағасы маслихат депутаттарының ортақ санының көпшілігінің ашық түрде дауыс беруімен сайланады. Алдағы маслихат сессиясының төрағасы өткен маслихат сессиясында тағайындалады. Егер де сессия төрағасы болмаса, онда оның қызметін уақытша маслихат хатшысы атқарады. Маслихат депутаты.бір жылдың ішінде маслихат сессиясының төрағасы болып екі реттен асып сайланбайды. Маслихат сессиясының төрағасы: 1) маслихат сессиясының шақырылуы туралы шешім қабылдайды; 2) маслихат сессиясының дайындығына басшылық етеді, сессияның күн тәртібін құрастырады; 3) маслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, маслихаттың регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;4) маслихат сессиясында қабылданған және бекітілген маслихат шешімдеріне, хаттамалар мен басқа да құжаттарды рәсімдейді. Маслихат сессиясының төрағасы егер де маслихат отырысныда дауыс беру барысында депутаттардың дауыстары тең бөлінсе, онда ол шешуші дауыс құқығын пайдалана алады.Маслихат хатшысы қызметтік тұлға болып, әркез жұмыс істеуге тиісілі.оны жалпы депутаттардың ішінен ашық немесе құпия дауыс беруде басым даысқа иеленгеннен кейін тағайындайды, және де ол қызметінен маслихат сессиясында босатылады. Маслихат хатшысы маслихаттың қызмет ететін мерзіміне қатысты тағайындалады.

Социал-реформистік муниципалды тұжырымдамаларға сипаттама беріңіз

Ғылым мен тәжірибеде «жергілікті өзің-өзі басқару» және «мемлекеттік жергілікті басқару» түсініктерімен қатар «муниципалды менеджмент» (басқару) термині қолданылады.Қолданыстағы Қазақстан заңнамасы берілген катерогияны түсіндіре алмайды, сондықтан оны талқылауда біршама қиындықтар туындайды.Көптеген ғалымдар муниципалдық (жергілікті) басқару мен жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару түсініктерін бір бірінен алшақтатады. Басқалары муниципалды басқаруды муниципалды құрылымдардың атқарушылық-бөлу органдарының қызметімен байланыстырады, яғни оны жергілікті өзің-өзі басқару жүйесінің құраушы элементі түрінде қарастырады.Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің ғылыми мектебі тәжірибе қажеттіліктерінен шегінгенде қалыптасады, оның академиялық курсы өте баяу және үздік-үздік болуда.Муниципалды менеджменттің әдістемелік негізі келесідей:1) ортақ ғылымдық білімдер — тарих, философия, дүние тану;2) ортақ және арнайы менеджменттің теория, соның ішінде басқарудың гуманизация және экологизация концепциялары, жиілілік, өсімділік, даму, дағдарыс, тұрақты даму циклдері;3) территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың арнайы теориялары, соның ішінде экономикалық-географиялық мектептер, кенттену және қайта кенттену концепциялары, территориялық кешенділік, адамдардың бейімделушілігінің әлеуметтік теориялары, және т.б. бұл пәндер бір-бірін толықтыра, ортақтай отыра қызмет етуде.

Түрлі деңгей әкімшіліктері басшыларының тік бойынша өзара бағыну, бірауыздылық қағидалары

Түрлі деңгейдегі әкімшілік басшылар — басқару деңгейлерінің төменнен жоғары қарай рет-ретімен орналасуы. басқару жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігі олардың атқарып отырған кызметіне сай келуіне негізделіп, қызметкерлер eшбір негізсіз жұмыстан босатудан қорғалуы керек. Ұйымдағы қызмет мансаппен тығыз байланысты, сондықтан да қызметкерлердің тәжірибесіне, не жемісті жұмысына қарай қызмет бабымен өсуін қамтамасыз ететін жүйе болуы керек. Кадрларға қатысты осындай саясаттың жүргізілуі қызметкерлердің арасында «бірлік рухын» дамытады. Оларды бастамашылыққа, ұйым ісіне барынша берілгендікке тәрбиелейді. Басқару құрылымьн тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Атқарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір cүpiп келе жатқан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлық, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желілік-штабтық, құрылым болады.Социология ғалымы басқару iciн басқарылатын жүйеге мақсатгы түрде әсер етудің үздіксіз процесі ретінде зерттейді. Осыған байланысты басқару құрылымы ұдайы дамып отырады. Бұған ақпарат ағынының өcyi елеулі әсер етеді. Басқару құрылымы басқарылатын нысанның жай-күйіне, қозғалысына, тиімділігіне, т.б. қатысты ақпараттарды үздіксіз алып тұрғанда ғана жетіле түседі. Кез келген басқару циклі ақпарат жинап, оны ой елегінен өткізіп, басқаруға қатысты шешім кабылдау үшін қорытудан, сөйтіп басқару құрылымының субъектілеріне жіберуден соңында жаңа ақпарат алудан тұрады.

Франциядағы территориалды басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз

Франциядағы жергілікті басқарудың негізгі буынына, мысал үшін, коммуналар жатады (елде 36 мыңдай коммуна бар), әр коммунаның өзінің өкілдікті органы – Кеңесі мен Кеңес депутаттарының қатарынан сайланатын мэрі болады. Тұрақты негізде жұмыс істейтін мэр және муниципалды Кеңестің депутаттары муниципалитет құрады. Мэр мемлекеттік қызметкер және сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы болып саналады. Мэрдің қызметі муниципалды Кеңестің бақылауымен және республика комиссарының әкімшілік бақылауымен жүзеге асырылады. Республика комиссары сондай-ақ коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын қадағалайды және қажет болған жағдайда оларды бұзу үшін сотқа жүгінеді. Францияда жергілікті басқару орталықтандырудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және бұл ең алдымен орталық биліктің жергілікті органдарға қатаң әкімшілік бақылау жүргізуінен көрінеді. Үкіметтің арнайы уәкілі бар, оның негізгі міндеті жергілікті органдарға бақылау жасау болып табылады. Француз Республикасының 1958 жылғы 4 қазандағы Конституциясы коммуналар мен департаменттерді жергілікті ұжымдарға (аумақтық бірліктерге) жатқызады, оларды өкілдікті органдар құқықтарындағы сайланбалы кеңестер басқарады. Атқарушы органдардың функцияларын Үкімет тағайындаған департамент өкілдері орындайды, оларға жергілікті орындарда ұлттық мүдделерді сақтау, әкімшілік бақылауды жүзеге асыру және заңдарды сақтау міндеті жүктеледі (Француз Республикасы Конституциясының 72-бабы)[1]. Аймақтағы басқару органына Республика префекті (1982-1988 жж. республика Комиссары аталған)[2] жатады, ол Үкіметтің декретімен тағайындалады және халықпен байланыста Үкімет пен оның мүшелерінің атынан әрекет жүргізеді. Оның құзырына қаржы, қауіпсіздік, білім, мәдениет, туризм, әлеуметтік көмек, экономикалық даму және жоспарлау кіреді, осы міндеттермен оған бағынышты ведомстволық құрылымдар айналысады. Департаменттегі префекттің де мәртебесі дәл осындай. Келесі төмен тұрған басқару органы – супрефект (немесе подпрефект), ол департамент пен коммуна арасындағы аралық әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын округтың аумағында әкімші ретінде әрекет жасайды (Француз Республикасы Конституциясының 13, 72-баптары).

Халықты өмірлік маңызды қызметтермен қамтамасыз ету мәселелері

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтудеңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді. Қазақастанда халықты жұмыспен қамту мониторингісін зерттеу нәтижесі ұзақ мерзімді уақытпен салыстырғанда, қыска мерзімде өндірісі дамыған аймақтардың икемділігінің құлдырауын көрсетті.Мысал ретінде Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын қарастырайық. Осы аты аталған өндірістер дамыған аймақтарда икемділік көрсеткіші ұзақ мерзімді уақытпен салыстырғанда төмендеді.Кейбір жағдайларда экономикалық даму шартында мұндай бейімділік жаңа технологияларға көшуді бейнелеуі мүмкін. Алайда, осы сияқты белгілер өңдеу индустриясында жаңа өндірістердің жоқ екендігін көрсетеді. Қысқа мерзім ішінде өңдеу индустриясының дамуы мысал ретінде Атырау облысын алуға болады. 1-ші кестеде елді қысқа мерзімде жұмыспен қамтамасыз ету икемділігі келтірілген.Жалпы аймақтық өнім бойынша елді жұмыспен қамтамасыз ету икемділігінің көрсеткіші экономикада ауыл шаруашылығы көтеріңкі аймақтарда жоғары болуы көрініп тұр. Еліміздің терең аймақтарында халық өзін-өзі жұмыспен қамти алатын мүмкіншілігімен сипатталады. Осындай көрсеткіштер Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін қысқа мерзімдерге тән.

 


 

 

КАФЕДРА ОРТОПЕДИЧЕСКОЙ СТОМАТОЛОГИИ

 

 

 

 

ЧАСТИЧНЫЕ СЪЁМНЫЕ ПРОТЕЗЫ

(раздел «Бюгельные протезы»)

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 181; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты