Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі




Сәулеге ұшыраған адамдардың мынадай санаттары белгіленеді:

— А санаты — қызметкерлер (иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндер);

— В санаты — облыстардың, республиканың халқы. Оргаңдардың үш тобы белгіленеді:

І топ — бүкіл дене, бас және қызыл (сүйек) миы.

ІІ топ бұлшық ет, қалқанша без, майлы ұлпа, бүйрек, көк бауыр, асқазан-шек жолы, көз бұршағы, көз және өкпе.

III топ — тері жамылғысы, сүйек ұлпасы, саусақгың ұшы, білек, сирақ пен табан.

Сәулеге ұшырағандардың әрбір санаты үшін сыныптардың екі нормативі белгіленеді:

- негізгі дозалық шек;

- негізгі дозалық шекке сәйкес келетін жол берілетін деңгей. Негізгі дозалық шек ретінде А санаты үшін органдар тобына байланысты күнтізбелік жыл үшін шекті жол берілетін доза (ШЖД), ал В санаты үшін доза шегі (ДШ) белгіленеді.

Органдағы жеке ең жоғары норматив эквивалентті негізгі доза үшін белгіленеді.

Дозалық шекпгер таблицасы

 

 

Жиынтық сыртқы және ішкі сәулеленудің дозалық шектері, күнтізбелік жыл ішіндегі бэр Қауіпті органдар тобы
I II III
А санаты үшін шекті жол берілетін доза(ШЖД).
В санаты үшін доза шегі (ДШ) 0,5 1,5

Үстіңгі беттің ластануының жол берілетін деңгейі

 

 

 

Ластану объектілері 1- белсенді нуклидтер Р- белсенді нуклидтер
жекелері басқалары
Тері жамылғысы, ЖҚҚ бет үстіңгі беті. Арнайы киім, қосымша ЖҚҚ ішкі, үстіңгі беті.
Адамдар тұрақты келетін ғимараттардың және сонда тұратын ғимараттарды үстіңгі беті. Адамдар уақыт аралығында келетін ғимараттар және онда тұрған ғимараттар үстіңгі беті.      
     
     
     

 

ТМД елдеріндегі ядролық реакторлардың үлгілері

ТМД-дағы атом энергетикасының дамуы жылу (баяу) реакторларға және шапшаң нейтрондардағы реакторларға негізделеді.

Жылу нейтрондарындағы реакторларға ВВЭР — 440, ВВЭР - 1000, ВВЭР - 210, ВВЭР - 365 корпусы реакторлар жатады. ВВЭР — 440 реакторлары Нововоронеж (3 және 4 блоктар), Кольск, Ровенск, Армян және т.б. АЭС-терде орнатылған.

Реакторлар қызметкерлерді нейтронды және гаммалық сәулеленуден биологиялық қорғайтын бетон шахталарда орналасқан.

ВВЭР — 1000 реакторы ТМД-дағы ядролық-энергетика жүйесінің негізгі үлгісі болып табылады.

ВВЭР үлгісіндегі реакторларымен қатар РБМК канал үлгісіндегі үлкен қуатты уран-графит реакторлары қолданыла бастады, мұнда реакцияны баяулатқыш графит, ал жылу өткізгіш су болып табылады. ТМД-да алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік шапшаң нейтрондардағы қуаты 2 мгвт реактор 1968 жылы Дмитровградта салынды.

Реактордың қуаты ядролық отының мөлшеріне байланысты. Осылайша, уранның жалпы жүктемесі төмендегідей: ВВЭР -440-42 т, ВВЭР -1000 -66т, РБМК - 1000 (Чернобыль реакторы) — 192т.

Қазақстандағы Ақтау қаласында 1972 жылдан бастап БН — 350 реакторы пайдаланылады. Оның қуатының үлкен бөлігі суды тұщылту үшін пайдаланылады. БН — 350 номиналдық параметрлермен жұмыс кезінде құбыр генераторлары мен тұщылту қондырғыларын бумен қамсыздандырады. Бұлай ету электрэнергиясын 30%-ке дейін және өнеркәсіп дистиллатын 90% -ке дейін өндіруге мүмкіндік береді.

ВВРК — 10 реакторында сейсмодатчиктары негізінде көп мәрте қолданылатын арнайы қондырғы жасалынды, ол жиілігі 9 баллға дейінгі жер сілкінісі кезінде реакторды автоматты түрде ажыратуға тиіс, бұл жағдайда реактор атмосфераға улы заттын шығуын болдырмайтын күйге келтіріледі. Алайда бұған қарамастан, реактор төңірегінде радиусы 3 км санитарлық қорғау аймағы бар. Авариялық улы зат шығу кезінде (3 тәулік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулелену дозасының 0,32 бэр құрайтындығына, яғни 0,50 бэр құрайтын шекті жол берілетін дозадан аз болатындығына есептелген, алайда қалқанша бездің сәулелену дозасы ШЖД —1,5 бэр кезінде 92 бэр болады сондықтан радиусы 3 км аймак,-тан халықты уақытша кешіру қажет.

10 км аймағында 3 тәулік ішінде сыртқы сәулелену дозасы ШЖД — 0,5 бэр кезінде 0,06 бэр құрайды, ал ШЖД 1,5 кезінде қалқанша бездің сәулелену дозасы 18 бэр құрайды, яғни Юкм радиусында адамдардың тіршілігін уақытша шектеуге тура келуі мүмкін (көшірусіз).

Алматы қаласында реактордан 30 км радиусында сыртқы сәулелену дозасы анағұрлым төмен болады, ал қалқанша бездің сәулелену дозасы В тобындағы халық үшін ШЖД деңгейінде болады (0,55 бэр).

1998 жылы 23 сәуірде "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осы заң халықтың радиоактивті қауіпсіздігіне қамсыздандыру оның денсаулығын иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялык қауіп аймағы атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті затгар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролық-энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялык, авария деп аталады.

Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:

Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге ұшырауы мүмкін).

Жергілікгі авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі).

Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағының. шекарасына таралады).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 115; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты