Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.




Халықты радиациядан қорәау: радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтың ластану деңгейін

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тыңдағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.

Радиациалық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі.

Жеке дәрі-дәрмек кобдишасы өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.

АИ—2 пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдардың жиыны. Көлемі — 90x100x20 мм, массасы — 130г.

 

 

Қобдиша ұяларында мынадай медициналық құралдар орналасқан:

- 1 ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмектерді бар шприц түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады.

- 2 ұя – қызыл түсті пеналды (фосфорлы – органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары ) Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.

3 уя — үлкен ақ пеналды бактерияға қарсы дәрі-дәрмек, таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жеті таблеткадан қабылдайды, екінші және үшінші күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.

4 уя — алқызыл түсті екі пеналда №І радиациядан қорғау дәрмегі, барлығы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30—60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5—6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.

5 уя — екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик №І бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды — алғашқыда 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.

6 уя — ақ түсті пеналда №11 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.

— 7 үя — кек түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезінде бір таблеткадан қабылдайды.

Радиацияға ұшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде радиацияның жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті керсетуге болмайды. Бұл жағдайда өз-өзіне және өзара көмек көрсетудін, зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау төртібін сақтаудың маңызы зор.

8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін № ІІ радиациядан қорғау құралын қоспағанда АИ—2-дегі медициналық құралдарды бір рет қабылдауға ересектердің 1/4, ал 8—15 жастағы балаларға 1/2 дозасын береді.

Радиациялық зақымдану қауіпін алу қауіпіне байланысты жергілікті жердегі радиация деңгейінің жоғарлығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмайды. Бұл жағдай-да зардап шегуші халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің, зақымдаған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды.

Иондагыш сәулеленумен зақымданган кезде алеашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.

Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқылы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін зақымданушыға адсорбент береді (25—ЗОг. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий — 50г.) береді; адсорбент радиациялық заттың аталуына ықпал етеді және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15— 20 миқутган соң 2—Зл су беріп, асқазанды шаяды және құстырады. Бұдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет.

Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағынан) шыққаннан кейін ішінара дезакгивизация мен санитарлық тазалауды мүмкіндігінше жыддам жүргізу керек: дезакгивация кезінде — киімнен, аяқ-киімнен, жеке қорғаныс құралдарынан; санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мен көздің кілегейлі қабығын, ауыз бен мұрынды.

Атты әсер ететін улы заттардьщ организмді зақымдауы. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алгашқы медидиналық көмек. Жеке химиядан қорғайтын пакеттің (ИПП - 8, 10) мақсаты мен құрылысы

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады.

УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдауы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, тұман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.

Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің еткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның уланғыш қасиеттері мен санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.

Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 965; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты