Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Халықты қорғаудың негізгі әдістері




Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақьшдау құралдарынан және тетенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

- қорғаныс ғимараттарына жасыру;

- халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

- жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

- дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

- радиациялық, химиялық, бактериологияяық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

- адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздаңдыруды жүргізу.

Қорғаныс гымараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуаддың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талатарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналык қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету жөне оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарынын қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабыддайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен "Көшіру шараларын ұйымдастыру мен еткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізіледі.

Жеке және медициналык, қореаныс қуралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналган. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ—2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар — ең жоғары құндылық және олардың қауілсіздігін қамсыздандыру — бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекетгер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 893; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты