Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ар басу




Қар басу табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бүрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршіліктің бүзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жоддың, ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15—20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар жауған кезде жөне одан кейінгі уақыттағы негізгі жүмыс түрлері жоғалған адам мен малды іздеу, зардап шек-кендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, жол мен үй мен үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жодда түрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық жөне энергетика-лық желідегі аварияларды жою.

Барлық жұмыс бірнеше адамнан түратын топпен бірге жүргізіледі.

Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, түрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаньщ үстін толығымен жауып, қозғалтқыш-ты радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бүрып отынды үнемдеу үшін, пешті үдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тонсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жүмыс істеп түрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақайған суықтан бүрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жалыңғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайдандай етіп көміп тастаңыз. Есікген шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір үшын аквтомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе ма-шинадан жарты метр үзағавда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

Жолдағы көкгайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жер-лерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі қүрылғылар мен заттардың қүлауы және үшуы өте қауіпті. Бүл жағдайларда ескі қүрылыстарды электр желілерінің және олардың тіректерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдың ғимараты шетінен 15—20 метр қашықтықта жер соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

 

Дауыл

Дауыл — жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-тендіктің өте жоғары жыддамдықпен аяқ астынан бүзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке үшыратып, адам қүрбандықта-рын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

Ең қауіпті аймақта түрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймактарда сейсмикалық аудандаар үшін қабыддан-ған қүрылыс нормалары енгізіліп, онда пайданылатын ма-териалдардың қолайлы үлтілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күші бойынша инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем емес деңгейде өсер етеді.

Шаңдақ дауыл бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, қүмның, топырақтың, түздың және көлемі 1 мм аз басқа да беліктердің ауаға үшуы.

Қазақстан аумағында шандақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады.

Дауылдың жойқын саддарын төмендетудің тиімді шарасы ретіңде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы үйым-дастырылған жүйесімен қатар дауыддарды қауіітлік деңгейі бой-ынша аудандасгьфу болып табылады. Ең қауіпті аймақта түрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудавдар үшін қабылданған қүрылыс нормалары енгізіліп, онда павданылатын материапдардың қолайлы үлгшері көрсетілуге тиіс.

Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мы-наларды істеу қажет:

Панахананы, жертөлені әзірлеу. Есікті, терезені, шатыр-дағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу, есік пен терезенің жел соғатын жағын ашық қаддыру, ғимараттың ішкі қысы-мының тепе- тендігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел үшырып кету қауіпі бар заттарды алу. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу.

Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару.

Өндірісте барлық сыртқы жүмыстарды тоқтату, кон-дырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фсрмалар-дағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты түрақты қосып қою керек, ғимарат ішінде үшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн, жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым са-лынады, далада қалған кезде ең жақын шүңқырды, іздеу немесе жерде етпетінен жату керек, орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шыгу, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз түрған ағашқа жасырынбаңыз, элекгрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз, дауыл-ды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз, зардап шеккеңцерді іздеу.

Егер дауылды шандақ жақындағанда елді мекенде бол-саңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шық-паңыз. үй хайуанаттарын, оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

Егер сіз ауылдан ашыс жердегі құмдақтағы жайылыэдда болсаңыз мадды қүм үйділерінің арасыңдағы тасаға жасыру қажет.

Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, да-уыл аяқталғанша малды сол жерде үстай түрған жақсы.

Егер дауыл сізді елді мекксннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтыгы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда жүру қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы — түтіні қатты шығатын материадды от жаққан жақсы.

Егер шандақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзөйнегіңіздің бүйірін қолңыз-бен жауып қорғаныңыз. Желден тығылатын қандайда бір пананы табу керек: бүтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қарлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.

Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін қүтқару бөлімшелері еңбекке жарамды халықпен бірге адамдарды қира-ған ғимараттар мен өзгеде жайлардан шығарады және оларды қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне алып барады.

Су басу

Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол едді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.

Көптеген субасудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қар-дың, мүздақтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.

Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бүзылуы-нан пайда болатын су басу ете қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе үзақ жаңбырдың салдары болып табылады.

Судың көтерілуінен болатын субасуы Қазақстанның бар-лық аймақтарындағы өзендерде болып түрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мүндай қүбылыстар ақпан-наурыз-да, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шіддеде, республиканың жазықтагы өзендерінде наурыз-ма-усымда болады.

Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің езендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынның ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аума-ғында Орал өзенінде және Каспидің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстары-ның бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жыддардағы сутас-қыны Каспий теңізінің деңгейінін, көтерілуімен ушыға түсуде.

Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қиратқыш сал-дары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатау-ының, шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мүз жамылғысының бүзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мүз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бүзылу жағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы мүмкін.

Қалған жағдайларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, қүбылмалы ауа райының созылуы, мүз жүрген кезде өзен жағалауына тоқтамаған дүрыс. Қар еріген және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру ете қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскенің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.

Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағ-дайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жүмыстары-мен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқ-ын судан болатындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының түтас жүйесі бар: судың басуы күтілетін аумақ-тағы тасқын судың арнасын бүру; су қоймасы, бөгет, тосқ-ауыл түрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңцету жүмы-старын жүргізу, ғимараттар мен үйжайларды судан оқшау-ландыру қондырғысын қою, қысқа бүталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау. Толқын соққыларына төзетін күрделі қүрылысты түрғызу.

Отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету. Қайықтың болуы (кәдігімгі жөне үрмелі). Жақын орналасқан жердің топографиялық биік нүктелерімен танысу. Жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу. Тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауылды қою, топырақ төгу.

Халыққка көшудің басталуы мен тертібі туралы жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша, ал жүмыс істейтінцерге кәсіпорын, мекеме жөне оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа түрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүкгелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, көшу кезівде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апат-тың күтілген келеміне орай туындаған жергілікті жағдайга, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы ха-лық дүние-мүлкімен бірге көшіріледі. Көшіру су басу ай- мағынан тыс орналасқан жақын елді мекендер бойынша жүргізіледі. Халық қоғамдык ғимараттарға және жергілікті түрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолымен

орналастырады.

Кәсілорындар мен мекемелерге су қауіпі төнген жағдайда жұмыс режимі өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мекгепке дейінгі мекемелері уақытша жүмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырьшады. Егер төменгі қабатта түратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс. Әкімшілік нүсқауымен жүмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу күралдарын лайдаланған жөн. Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен қүжаттары-ңызды, қүндылықтарды, аса қажетті заттармен, екі-үш тәуліктік азық-түлік қорын алу үсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікгі жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден (пөтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдету және ба-сқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу шүғыл үйымдасты-рылып, сол үшін АҚ және ТЖ қүрамаларының, әскери бөлімдерінің жүзу қүралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күшпен қүралдар тартылады. Құтқару жүмыстары кезінде, үстамдылық танытып, қүтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Қүтқару қүралдарын (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бүл адам-дардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 114; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты