Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Халықтың қарсыластың шабуылы қауіпі кезіндегі іс-әре-кеті.




Бүкіл халықты қарсыластың ықтимал шабуылы туралы ескерту үшін үкімет шешімі бойынша шабуыл қауіпі жари-яланады. ПІабуыл қауіпі туралы ел халқына ТЖ және АҚ органдарына жедел хабарды радиотораптар, теледидар және өзге бүқаралық ақпарат қүрадцары арқылы хабарлайды со-нымен қатар үкіметтің тиісті шешімімен немесе қаулысы қоса беріледі.

Қауіп кезеңінде хабарлау дабылын ез уақытында алу үшін әрбір кәсіп орында, әрбір үйде радиоқабылдағьшггар, ра-диохабары желісіне тұрақты түрақты қосылып тұруға ал теледвдар өз телеорталығының негізгі бағдарламасында тұруға тиіс. Ауылшаруашылық нысандарының жергілікті радиото-раптарын тәулік бойы жұмысқа кешіру егіс жұмыстары, алыстағы жайлауға келген кезде және басқа жерлерде болған

кезде транзисторлық қабылдағыштарды өзіңізбен бірге алып жүрген дүрыс. Осының бәрі халыққа күн мен түн кез уақытында елдің кезкелген нүктесінде билік органдарының өкімін және АҚ хабарлау дабылын қабылдауга, тиісінше қорғануға өз уақытында даярлаяуға мүмкінділік береді.

Қазіргі жағдайда қарсылас шабуылы қауіпі мерзімінің со-зымдылығын, қорғаныс шараларын жүргізу үшін қанша уақыт қалғандығын және қарсылас ядролық соққыны қан-ша уақыттан кейін беретіндігін болжау мен анықтау қиын. Бүл мерзім бірнеше күнге созылуы мүмкін, алайда әрдайым ең қысқа уақытқа есептеген жөн, өйткені шабуыл қауіпі шынайы шабуылға үласуы мүмкін. Сондықтан нақты, бүкіл күш-жігерді жүмсай отыра, қалған қымбат уақыты қисын-ды пайдалана отыра, іс-әрекет ету қажетті. Осы қиын жағдай-да әрбір азаматтан қатаң тәртіп пен үйымшылдық, қисын-ды нақты әрекет, дербестік пен батыддық талап етіледі. Қысқа мерзімде өзінді, жанүяң мен баспанынды қорғауға даярлау қажет.

Қарсылас шабуылы кезіңце барлық азаматтар осы уақытта өткізілетін бір қатар шараларды орыңцауға қатысуға міндетті. Олардың негізгі белгілері төменде беріліп отыр. Үжымдық қорганыс қуралдарын даярлау Қорғаныс ғимараттарын халықты даярлайды. Бейбіт уақытта кәсіпорын мен халық мүқтажы үшін пайдаланылғ-ан ғимарат қысқа мерзімде баспана ретіңде қайта жабдық-талады. Оларға нарлар мен орындықтар орнатылады, жел-дету мен қымталудьщ дүрыстығы тексеріледі. Ауылды жер-лерде жасырыну үшін жертөле, шүңқыр қойма пайдаланы-лады, олар жетпесе панахана ретіңце көкөніс қоймасы, сүрлен траншеялары бейімделеді.

Жеке қорганыс қуралдарын даярлау Шабуыл қауіпінің жариялануымен көсіпорындарда жеке қорғаныс қүрадцарын береді. Алған газқағарды тексеру қажет, бүл үшін қорапшаның түбіндегі саңылауды жабады және терең тыныс алады. Егер ауа газқағарға өтсе онда газ-қағар ақаулы немесе дүрыс жиналмаған. Ақауды жедел жою керек. Газқағардың түпкілікгі жарамдылығын арнайы каме-ра тексереді. Газқағарды, шлеммасканы киердің алдында иісін кетіру үшін шүберекпен сүртеді (егер газқағар бұрын пайдаланылмаса) немесе залалсыздандырады (егер бұрын пайдаланылса). Егер алдын-ала шаңнан қорғайтын маска не-месе мақта-мата дәкісі даярланбаса онда оларды жедел жасау қажет.

Теріні қорғау үшін тиісті киім мен аяқ киімді іріктейді. Термометр, йод, мүсәтір спирты, дәкі, мақта, жүрек дәрісі, ас содасы, антибиотик, сульфаниламиды және т.б. Салынғ-ан үй дәрі-дәрмек қобдишасын даярлау маңызы бүл әсіресе ауыл түрғындары үшін аса маңызды, өйткені оларға жеке дәрі-дәрмек қобдишасы және химиядан қорғайтын пакет-тер өз уақытында жеткізілмеуі мүмкін.

Көшіру шараларын жургізу. Халықты көшіру мен қоныс-тандырудың басталуы және тәртібі туралы кәсіпорын мен түрғын үйді пайдалану кенсесі арқылы хабарлайды. Көшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге жеке қорға-ныс қүрадцарын, ең қажет заттарды 3 күнге жететін азық-түлікті, төлқүжатты жеке бастың куәлігін, әскери билеттін, еңбек кітапшасын, зейнет куәлігін, білім туралы күжатты, ба-лалардың тууы туралы куәлікті бірге алуға тиіс. Балалардың қалтасына осындай мәліметтерді тігіп немесе салып қойған жөн. Пәтерден шығар алдыңца электрды, газды, ажыратьш терзені мүқият тығындап, пәтерді жауып, кілті ПИК өкілдеріне табыстау қажет.

Ауыл түрғындары көшіп келген қала халқын қабылдауға даярлануға тиіс. Олар келген адамдарға қонақ жайлылық танытып түсіністікпен қарауға, баспана тауып беруге және жүмысқа түруға жәрдемдесуге тиісті. Өрттен қоргау шараларын эісургізу

Түрғьш үйлердегі өрттерді ескерту үшін терезелердегі пер-делерді алып, оның орнына ішінен ақ бояумен сырланған қалқан қагу қажет. Шыныны мүмкіндігіншге әк немесе бор ерітіндісімен тығындаған жөн, жихазды, суреттерді, кітаптарды, терезе арасындағы қабырғаларға қояды.

Киімді, аяқ-киімді және басқа заттарды шабаданға не-месе шкафка салады. Шатырда баспалдақ орывдағы, дәліздегі артық заттарды алады, керосинді, бензинді және басққа аңғыш материалды үйден шығырып, қауіпсіз орынға алып барады. Өрт сөндіру қүралдырын даялайды: жуынатын жер, бөшкеге, баққа су қүяды, жәшікке құм толтырады, өрт жабдығын даярлайды, өрт крандары мен өртсөндіргіштермен жүмыс бабьын тексереді.

 

Жарык, пен алдандыруды уйымдастыру. Қалада, уйде, пә-терде жарық пен алдандыруды өткізу туралы өкім алынған-нан кейін бұл шара кешікпей жүргізіледі. Шабуыл қауіпі болу мумкін жерлерде жарық әлсіретіледі. Қараңғы түсісімен үйлердін терезесі ішкі жарық сырттан керінбеу үшін перде-мен, қалқамен жабылады. Перде үшін жарық етпейтін және жанбайтын материал қолданылады. Пердені әрбір жағынан кемінде 20 см етіп терезеден кеңірек жасайды. Қараңғылан-дыру сапасы бүкіл халықтың үйымшылдығы мен тәртіптілігіне байланысты, өйткені жабылмаған терезе бүкіл елді мекевдегі жарық тиімділігін едәуір төмендетілуі мүмкін. Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдің өтуінен қоргауды даярлау. Ауыл жерлерде зақымдаушы фактор жерүсті ядролық жарылыс кезінде пайда болатын радиоактивті за-қымдау болуы мүмкін.

Үйді (пөтерді) радиоактивті шаңның және УЗ аэрозоль-дары мен бактериялық заттардың өтуінен қорғау үшін есік пен терезедегі бүкіл қуысты тығындап, мүржаның сорғы-шын жауып есікке резинадан немесе химияяық материал-дардан жасалған нығыздағыштар қою қажет.

Арнайы ауа тазалау қондырғысы жоқ осылайша даярланған ғимараттарда оларды желдету үшін саңылау қалдыру қажет, оған матаның бірнеше қабатын жауып, алымбалы қалқан-мен жабады. Бүлай етуі мүмкін болмаса гимаратты желдету үшін ара-түра есікті ашып отырады, алайда мүндай сәтте есіктің ойығына мата-перде ілінеді. жауып

Азық-тулік пен суды уй жагдайында сақтау. Азық-түлікті үй жағдайында целлофанға, пергаментке орап резиналы матаға немесе полиэтиленнен істелінген қапқа, ағаш неме-се үйеңкі жәшіктеріне ішіне қағаз салып орналастырады. Қақпағы мықты жабылған бөшкелерді пайдалануга болады. Ауыдды жерлерде азық-түлікті жертеле мен погребте сақтаған жақсы. Суды шелекке, канистраға қүяды. Ыдыстың үстін клеенкамен немесе Ішенкалы материалдармен жабады. Ауыз су қорын тәулігіне өр адам үшін 3—5 литр есептейді (тамақ дайындау үшін).

Малды қоргау. Ауыл түргындары азық-түлік пен жем-шөпті, суды қорғау мен қатар мадцы аман алып қалу үшін шаралар қолданылуы қажет. Жау шабуылы қауіпі кезінде малды жаюды тоқтатып, оны қорада қамап үстау керек.

Малды қорғау үшін бірінші кезекте бүрынан бар шаруашы-лык жайларды пайдаланған жөн, бүл үшін оларды тиісті ретге ыщ-айластыру қажет атап айтқавда оны жан-жақты қымгайды, барлық саңылауды, есік пен терезені тығындайды есіктін сыр-тына мата қаітгайды, желдету қүбырлар үшін сүзгі даярлайды. Бірнеше терезені жарық үшін қадцырады, алайда бүл терезе-лерге алынбалы ағаш қалқандарын шегелеп, оның сыртын қара қағазбен немесе өзге материалмен жабады. Есікгерді барынша қымтайды осындай ретпен қымгалған мал қораларына қолай-лы етіп жасалынған температура мен ауа қысым арқасында газ тектес, түман текгес заттар мен шың өте алмайды.

Барлық мал қоралар мен қүс фермаларында ашық суат жоқ болса, су мен жем қоры жасалады.

Асыл түқымды мал үшін қолдан қорғаныс қүралдарын жасайды (қап, брезент), атап айтқанда қорғаныс масқасы, қорғаныс жамылғысы, қорғаныс шүлықтары. Ферма мен мал қорасында өртген қорғау шараларын үмытуға болмайды. Бұл үшін оның жанына су мен құм әкелінеді,

өртсөндіргіш қойылады, сондай-ақ өзгеде шаралар жүргізеді.

Эпидемияга қарсы шаралар. Соғыс қимылдары кезінде жаудың жүқпалы және өзге ауруларды туғызатын қүралды пақцалану нәтижесінде, адамщар әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.

Қазір жүқпалы аурулардың түп тамырына жақын болашақта балта шабалмайтындығы айдан анық больш отыр және адамның қүдіреттілігі туралы жалған сенімнен гөрі патоло-

гиялык мәселелерінің адамзат пайда болған уақыттан бері болып келе жатқандығын мойындайтын уақыт жетті. Эпидемиологтар, дүйім медицина жүртшылығы, көптеген мем-

лекет қайраткерлері жүқпалы аурулар мәселелерін шешу жағдайына алаңцаушылық білдіруде жөне олардан сақтандыру жолывдағы мемлекеттік саясатты қайта қарауда.

Халық жеке гагаенаның қарапайым тәртібін сақтауға, жү-қпалы ауруларды негізгі үйреншікті белгілері бойынша ажы-рата білуге, ал ауру ошағы пайда болған кезде карантин мен обсервация жағдайындағы жүріс-түрыс тәртібіне башнуға тиіс. Тыныс жолдары зақымданған кезде инфекцияны беруші ауа болып табылады. Бақытқа қарай, зақымданған тамшы-лардың отыруы есебінен және көптеген қоздырғыштардың беріксіздігінен оның өзін-өзі тазалау процесі жылдам жібереді. .

Жүқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескер-ту үшін бейбіт уақыттағы кез-келген төтенше жағдайда сақ-таңдыру және эпидемияға қарсы шараларды дүрыс және өз уақытында өткізудің үлкен маңызы бар.

Сүт пен суды ішер алдында міндетті түрде қайнату ке-рек, кекөніс пен жидектерді қайнатылған сумен мүқият жуу керек, ал ет-балық азық-түлікті жақсылап пісіру қажет.

Егерде мал артынан ауру белгілері байқалса дереу мал-дәрігерге хабарлану тиіс.

Талап етілетін жағдайында белгілі бір аумақта және жа-бық бөлмелердің ішінде дезинфекция ісін жүргізуге арналғ-ан қүрал аппаратгар әзір болу міндет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 127; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты