Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖШБЖ ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН АМАЛДАРЫ




 

ҚжПБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бүзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологаялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; құрама іс - әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларынан тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.

Кіретін жолдары бір бағытты қозғалысында 3-3,5м енімен және екі бағытты қозғалысында ені 7м болады. Мүнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады.

Кіріс жолдарын жасау үшін өз автокрандарымен, бульдозерларымен нысан құрамалыры қатыстырылады.

Тапсырылған өрт өшіру қүрамалары жүмыс нысандарына бағыт алып, жол бойы кездескен өрт ошақтарын өшіріп жүреді.

Қираған қүрылыстар астынан адам қүтқару шараларымен әдетге әскери бөлімшелері мен АҚ қүрамалары айналасады. Бірақ бүл жұмысқа басқа да барлық тұрғындарды қатыстыру керек.

Барлау мәліметтеріне сүйеніп адам қүтқару мен іздестіру жұмыстарын құтқарушылар келуімен бастайды. Жеке қүрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс қүралдарымен түрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу қүбырларын тықылдытып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді.

Панахана аршу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бүзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бүзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Осымен қатар зақымдану ошағында адам іздестіру барысында әр түрлі (паналауға арналмаған) жерқоймаларын, жол қүрылыстарын (қүбырлар, қүз), сыртқы терезелер мен сатылы шұңқырларын, ғимараттардың төменгі қабаттағы іргеге жақын кеңістікті қарайды. Адамдарды дауыстап шақыру арқылы іздеу керек.

Бұзылысты аршу кезінде өте сақ болып, ең алдымен зардап шеккеннің басын және кеудесін босату керек.

Зақымдалған адамдарды жасалған жол арқылы мына амалдарымен: қолмен, плащпен, брезентпен, пленкамен, керпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т.б. заттар арқылы орындалады. Адамдарға алғашқы медициндік жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады.

Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы элктрстансиялары мен прожекторлар түнгі жүмыстарында талап етіледі. Мысал, үшін қысқа мерзімде апат болған жерде жүмыс орындауға кем деген де 1200 ауыр крандар қажет болды.

Ешбір ел әзірше тірідсй көмілгендерді құтқару үшін үй қирауларын абайлап әрі жыддам аршуда шешім тапқан жоқ. Соңғы жылдардың жер сілкіністері адамдар қирау астында екі-үш аптадай, егер де жарақат алмаса тірі болатындығын көрсетеді. Мысал, үшін Мексикада 1985 ж. жер сілкіністен кейін 4,5 мың. адам өмірін әкетті, адамдарды 13 күннің ішінде табылып тұрған. Ленинаканда зілзаладан кейін бес тәулік өткен соң тірі қалған 5398 адам шығарылды. 11-ші тәулікте чехословакиялық құтқарушылары бұзылыс астынан 58 жасындағы әлсіреген тірі әйелді тапқан. 45-гі басқа әйел 9 қабатты үй бызылысынан 10-ші тәулікте шығарылды, сол сәтте ол жан-жағына бір қарап аяғына түрып кетті.

Қайғылы мәліметтерде баршьшық: жер сілкіністен кейін бұзылысқа түскен мың адамнан 50-і сағат сайын қаза болады. Сондықтан бір кешіккен минут тірідей көмілген бір адамның өмірін әкетеді.

Жан-жағынан шығып түрған бетон шшталары бар жатық төмпеш секілді болған қирау мен бүзылыстарды аршу, соның ішінде ең бастысы-адам іздестіру әрі қүтқару шараларын орындау айрықша күрделі іс. Армениядағы жер сілкініс зардабын жоюға Франция, Англия, Швейцария, АҚПІ және басқа елдерден мамандары үлкен көмек көрсетті. Олар өздерімен бірге терең жерден тірі адамдарды іздеуге арнайы үйретілген итгерді, (жер астыңца адам табуға көмек беретін сезгіш инфра қызыл камераларымен, бүзылыстарды бағытты тындауға: егер де ара қашықтық көп болмаса жүрек соқтығысьш естуге болатын) бірегей қүрал-жабдықтарын әкедді.

Бұлар байланыс құралдарымен, жылжымалы кескіштермен, қуатты фонарларымен, титан карабинды-капровды стропаларыкген жабдықталған.

Тірі адамдарды тапқан бойда қүтқарушылар жіңішке қүдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды. Сөйтіп Ленинакан қ. 9 желтоқсанда, былай айтқанда жер сілкініс болғанына екі тәулік өткен соң француз қүтқарушылар тобы келді. 84 қүтқарушы 30 арнайы үйретілген иттерімен тәулік ішінде 60 адам қүтқарып шығарды.

Кейде өлім мен емір ортасында темірбетон түрғандай. Оны кран арқылы тез көтеру қауіпті-астында жатқан жарықшақтары жылжып адамды басуы мүмкін. Француз, австриялық қүтқарушылары бетон плитасын кран арқылы бір неше сантиметрге көтеріп пайда болған саңылауға, дәрігер зардап шеккен адамға глюкоза қоспасын беретін, одан кейін бетонды шеттерінен бұрғылайтын, ол плитаны барынша абайлап қозғалтуға мүрша береді. Осьшай бесінші тәулікте, бір неше түнгі сағаттар жұмысынан кейін бетон қамалынан, жетінші ай аяғы ауыр болған Алиса Нахапетян құтқарылды.

Өрт өшіру қүрамалары құтқару жұмыстарын өткізу барысында жанқиярлық пен ерлік керсетті. Апаттан кейін алғашқа сағаттарында Ленинакан, Спитак, Кировакан қ. қ. өрт жойылды, ол өз аддына жағдайдың күрделуіне әрі жаңа қүрбандықты доғаруға мүмкіншілік берді.

Жер сілкіністен кейін қираған Ленинакан қаласына аман қалған алты өрт өшіру машиналары кірген. Бесеуі басталып келе жатқан өрт ошақтарын жоюда болды, ал алтыншысы жылжымалы байланыс тірегіне айналды. Қала ішін қарауында жүріп, оның экипажы барлық ақпарды жедел беріп түрды. Егер де әрең басталған өрт ошағы бастамасында жойьшмағанда, қала өрт жаулап алған от теңізіне айналып, газ иісі мен түтін құтқару жұмыстарын күдікке қалтырар еді.

Сөйтіп, бірінші соққыдан кейін мүнай базасыңдағы құйып-алу эстакадасы жанды. От жалыны тез-тез жоғары көтеріліп айналадағы кеңістікті басып алды, оның қасында мывдаган тонна бензин және дизель отыны бар үлкен сиыймдылықтарымен резервуарлық парк орналысқан. Егер де өрт оларға түскевде қаланы талқандырар күші бар жарылыс болар еді.

Өрт өшірушілер тек отпен көресіп шектелген жоқ. Сөйтіп, өрт өшіруші Арзуманян С. өз бетімен 20 адамды құтқарды. Бір қираған үйдің іргесін балтамен бұзып жарықшақтардың астынан шекарашы жанүясын — әйелі мен төрт баласын құтқарып алды. Мұндай мысалдар айтарлықтай көп.

Біздің өрт сөндірушілермен АҚШ, Австрия, Ұлы Британия, Канада, Польша, Чехо-Славакия елдерінен келген әріптестері қоян-қолтық жұмыс істеді. Армениядағы қасірет жаппай зақымдану ошағында қираулар астынан адамдарды құтқару үшін қуатты техника және ең бастысы білікті мамангерлер керектігін көрсетті.

Армения АҚ штабының бастығы генерал-майор Л. Мелконов былай деді: «Егер де бізде қажетті техника болғанда, қаза болғандардың жартысын құтқаруға болар еді.

Құтқару жұмыстарына кесел келтіретін әрі жаңа аварияларды жасап және адам зақымдадыратын аварияларды оқшаулау мен жою бойынша жұмыстар әдетте құрама буындарымен су құбырлары, канализациялары, электр, газ, жылу мен сантехникалық жүйелері арқылы іске асады.

Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бүзылу зардабын жоюдағы негізгі амал — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы қадашаны ажырату.

Өрт өшіру мақсатында су жіберу насосты стансылары мен үңғымалар қайта қалпына келтіріледі қосалқы, су айдау резервуарлар іске қосылады.

Жылу берілістер жүйесі аварияға үшыраған кезде адамдарға зақым келтірілмес үшін ғимараттағы сыртқы жүйесінен ажырататын ысырмасын айырады.

Газ тарату жүйесінде болған аварияларды жоюы жеке газ таратқыш пен газгоддерлі стансыларының ажыратылу немесе тыйю қондырғылар мен арнайы сына арқылы (ғимаратган тыс) іске асады. Төменгі қысымды газ құбырлары тығындалады өрі шикі балшықпен сыланап жапырақты резинамен оралады. Қүбыр саңылаулары тығыз (брезент) таңғышпен немесе қамьгг сальш, жапырақты резинамен оралады. Газ жану барысьшда оныңжүйедегі қысымы кемиды, жалын қүм, жер, балшық,саз арқылы өшіріледі. Газбен байланысы бар аварияларда оқшауландыратын газқағарлар мен жарылуға қауіпсіздігі бар лампыларды қолдануымен іс-шаралар өту керек.

Элетрқуат жүйелеріндегі аварияларын жоюы тек тоқ айырылған соң (ғимарат кірісінде ажыратқышты, сақтағыштарды айырумен, сымдарды кесумен) өтеді. Электр жұмыстарында жүйе аумағы екі жақтан жерленеді.

Канализациялық торабында аварияларды жою үшін ағынды суларын бұрып, зиян шеккен жерін ажыратады.

Технологиялық қүбыр берілістерінің қирау шамасында шұғыл жұмыстар жарылыс пен өрт болдырмау мақсатында (қүбыр тосқауылдарын және қысым ұстайтын насостарын өшіру) орындалады.

Құтқару жұмыстар барысында қираған ғимаратгарды бұзу жұмыстары көтергіш, трактор немесе жару амалдарымен жасалады. Қабырғалардың күшейтілуі неше түрлі тіреулер арқылы өтеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты