Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖБҚЖ ЖҮРПЗУ ЖӘНЕ ҮЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АҚ ҚҮРАМА КОМАНДИРЛЕРШЩ ЖҮМЫС МАЗМҮНЫ МЕН ЖАЛҒАСЫМДЫҒЫ




 

АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

^ АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

^ белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

• жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса жасау;

^ автокөлікті, және т.б. мөлікті қабылдап оның ақаусыздығын тексеру ;

^ жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;

^ жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

^ жиналу ауданында (талап етілсе) автокелікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

^ құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын есгіген бетте дереу орнатылған жиналу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды оның ақаусыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Газқағарлар мен тыныс алу органдарын қорғайтын басқа да құралдарды жеке құрамадағы адам алған сәттен бастап өзімен бірге алып жүруге тиіс. Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі.

Жеке құрама жиналған соң және барлық мүлік-техникамен қамсыздандырылған соң командир, егер қажет болса, құрама дайындығын байқайды.

АҚ құрамасының дайындыққа келтірілгендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды (АҚ штабының бастығына).

Күштердің даярлығы мен іс-әрекеті алдын ала пысықталған жоспарда анықталады. Жоба-жоспар ықтимал ТЖ болжау негізінде құрылады.

АҚ нысана бастығының өмірі бойынша АҚ қүрама командирі ТЖ ауданына, алдағы жұмыс орнына жорық жасайды. Іске қосылған күштердің сәттілігі олардың пайдалану тиімділігі белгілі бір деңгейде барлауды дер кезінде ұйымдастыру және жүргізуге нақты жағдайларды ескеруге байланысты. Барлау бойынша міндеттерді әдетге АҚ бастығы қояды. Ол барлау мақсатын, қандай мәлімет қашан және қайдан алу керекгігін, қай жерде қавдай міндеттерді орындау үшін негізгі күштерді шоғырландыру тиістілігін, ол үшін қандай күштерді және құрамдарды пайдалану қажетгілігін нұсқайды.

ТЖ аудандарында барлау мыналарды анықтайды: апат ошағының шекарасы мен оның таралу бағытын; тікелей қауіпі төнген нысандар мен мекендерін; адамдар шоғырланған орындарды; бұзылған ғимараттардың жағдайларын және мұндағы зардап шеккендердіқ бар жоғын, жұмыс орнына техниканы апаратын жолды, технологиялық және коммуналды-технологаялықтораптарындағы апат орындарын, тексеретін құдықтардың және ажыратқыш қондырғыларының жағдайын, олардағы ақау көлемін; жұмыс көлемі мен оны жүргізу, жағдайын, техника мен құралдардың пайдалану мүмкіндіктерін.

Барлауды, барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты.

Төтенше жағдай ауданында қүрамалар көрсетілген учаскелерде орналасып, нақты міндеттер алады. Құрама командирлері қойылған міндеттердің сәтті орындалуы үшін жеке жауап береді.

Тапсырма алысымен қүрама командирі оны түбегейлі шешіп, жағдайды бағалап әрі шешім қабылдап ауызша бүйрық береді де жеке құрама жұмысын ұйымдастырады құрама командирі бағынышты қүрамаларға міндет қояды, өз шешімінде жұмыстардың жалғасымдығын және әрекеттену тәртібін, қүрамаларды жан-жақты қамсыздандыру мен басқаруды қалай ұйымдастыру керектігін айта кетеді.

Құрама командирлері өз бүйрығында аудан бойынша калыптасқан жағдайды және құрама міндетін (талап етілсе кершілес қүрамалардың міңцетгерін); медициналық көмек беретін нүктелердің қай жерде орналасқандығын; зардап шеккендерді көшіру тәртібін және жолын; жұмыстардың басталу уақытын, жеке құрамалы ауысымды демалысын ұйымдастыруды, жұмыстардағы қауіпсіздік шараларын, өз орны мен орынбасар орнын анықтайды. Бұйрықтар нақты дәл болу керек.

Төтенше жағдай аудандарында ең әуелі құтқару жұмыстарымен апат зардабын ескертумен, адамдар өлімін және материалдық құңдылықтарды жоюылына әкелетін екінші ретті қайталанбалы әсерін алдын ала ескертумен байланысты шаралар жүргізіледі. Жұмыстар толық аяқталғанша үзілмей жүреді. Радиациялық қауіпті нысанда жұмыс барысында (ТЖ ауданында) құрама командирі адамдардың сәулеленуін қадағаланды.

Жер сілкінісі зардабын жоюда құрамалар әуелі мыналарды жасайды:

^ үйінді астынан және өртеніп жатқан ғимараттан зардап шеккендерді шығару;

^ үйінділерден қүтқарылған зардап шеккендерді көшіру үшін және техникаға қажетті жолды ашу;

^ адам өміріне қауіп төндіретін коммуналдық-энергетикалық тораптарындағы апат көздерін жою;

опырылысқа ықтимал жөне апат қалпында тұрған құрылыстарды күшейту не бұзу.

ҚЖБШЖ құрама командирлері әрдайым маңызды орындарда болады өйткені ол жерден қол астында бар құрамаларды басқаруы қолайлы.

Бағыныштыларды басқаруға мүмкіндік беретін негізгі құрал байланыс болып табылады.

Құрама командирі аудандағы жұмыс ахуалын әр дайым білуге міндетті, егерде өзгеріс болса дереу тиісті шешім қабылдап, жаңа міндеттерді қол астындағыларға қояды.

Апат зардабын жою барысында құрамалардың өз ара өздіксіз байланысын сақтау аса маңызды.

Төтенше жағдай аудандарында коменданттық қызмет қүрылады. Ол үшін қоғамдық тәртіп қорғау құрамалары және де ішкі істер органдарының бөлімшелері тартылады.

Алдына қойылған мақсаттарды орындап болған соң қүрамалар нұсқалған аудандарына жетіп, жаңа міндетгерге даярланады.

ҚӘУЗ ошақтарын жою нысана АҚ бастығының шешімі негізінде өтеді. ҚӘУЗ ағылып-буланып шыққанына байланысты зардапты жоюға әуелі обьектінің штатты газдан құтқару қызметі кіріседі. Газдан корғау қызметінің басты міндеті-құтқару жүмыстарын жасау, қауіпті жерден жүмыскерлерді көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Газдан қүтқару қүрамалары газ қауіпі бар орында жүмыстар жүргізеді, онда міндетті түрде газқағар кию керек. ҚӘУЗ ошақтарын жоюды радиацияға және химиялык қауіпіне қарсы қүрамалар жүргізеді. Олар газдан құтқару құрамаларымен тығыз байланыста болады.

Зақымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар әр 300—400 м сайын қүраддармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шекарасын оған кіру жолдарын анықтайды, ҚӘУЗ таралу базпытын, ғимаратгардың бүзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметгерді барлаушылар қүрама командиріне дереу баяндайды. қүрама командирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушылардың, мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бүйрық береді. Бұйрықта қүрама командирі авария сипатын және орнын, улы заттар түрін әрі бүлардың таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсетеді.

Сол орында қүрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және машиналардың т.б. қүралдардың пайдалану ретін нақтылайды.

Қүрама командирі қауіпсіздік сақтау шараларының орындалуын қадағалайды.

Азаматтық қорғаныс қүрамалары ҚӘУЗ-бен ластану ошақтарына айналатын аварияларды шектейді әрі жояды, аумақ пен ғимараттарды зиянсыздандырады.

ҚӘУЗ бар коммуникациядағы аварияларды жою барысында авариялық-техникалық топтық жеке құрамасы крандарды және т.б. айдагыш қондырғыларды жабады, улы зат қүбыр арқылы әрі таралмас үшін құбыр шеттерін ағаш (металды) тығындамалармен бітейді, саңылауларға муфталарды орнатады.

Егер, обьект ҚӘУЗ жайылтпайтын үйіндімен қоршалса, төгілген сұйық затты арналған жабық сиымдылыктарға авдайды, қалған қалдықтарына дегазация жүргізіледі.

ТЖ ауданынан құрамалар шығарылған сон сәулелену мөлшері

анықталады, жеке қүрама санитарлық тазартылудан етеді киім-кешек, жеке қорғаныс құралдары мен саймандары зарарсыздандырылады оның жұмыс дайындығы арттырады, машиналардың техникалық камсыздандыруы жүргізіледі жұмсалған, материалдық құралдар толыктырылады құрама келесі міндеттерді орындауға әзірленеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 104; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты