Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі




Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. 21-сурет Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.

Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.

 

Кесте . Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы

Баллдар Жер сілкінісі зардабы
Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.
Адамдарға еш білінбейді.
Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады.
2,5-3,0 Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады.
3,5 Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады
4-4,5 Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.
Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.
Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.
6,5 Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды.
7,0 Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.
7,5 Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.
Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады
8,5 Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.
Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентрдеп атайды.

1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:

§ сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;

§ сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;

§ халықтың сейсмикалық білімін арттыру;

§ хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

§ жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 123; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты