Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жалаушаларды көшіріп жазу командалары




Бұл командалар жалаушалар регистрінің мәнін оқуға, өзгертуге, стекке жазуға және стектен осы регистрге жазуға мүмкіндік береді.

LAHF командасы.LAHF (Load AH from Flags) командасы жалаушалар мәнін АН регистріне көшірмелейді. Нақтылап айтса, жалаушалар регистрінің CF, PF, AF, ZF, SF разрядтарының мәнін АН регистрінің 0, 2, 4, 6, 7 разрядтарына көшіріп жазуға мүмкіндік береді. LAHF командасы жалаушалардың қалып-күйін өзгертпейді.

SAHF командасы. Бұл команда LAHF командасына қарағанда керісінше жұмыс жасайды, яғни АН регистрінің 0, 2, 4, 6, 7 разрядтарының мәндерін жалаушалар регистрінің CF, PF, AF, ZF, SF разрядтарына көшіріп жазады. Яғни, SAHF командасы жалаушалардың қалып-күйін өзгертеді.

PUSHF және POPF командалары.Бұл командаларPUSH және POP командаларына ұқсайды, бірақ бұларда операндтарды көрсетудің қажеттігі жоқ (өйткені, операнд ретінде жалаушалар регистрі көзделеді).

PUSHF командасы жалаушалар регистрінің мәнін стекке жазады, ал POPF командасы стектен оқылған мәнді жалаушалар регистріне орналас­тырады.

Негізгі әдебиет:

1[41-59];

4[28-41];

7[133-147].

Бақылау сұрақтары

1.Ассемблер тілінің командаларының жіктелуі?

2.Жалпы міндеттік алып-орналастыру командалары?

3.Енгізу/шығару командалары?

4.Мекенжайды алып-орналастыру (тасымалдау) командалары?

5.Жалаушаларді көшіріп жазу командалары?

 

 

6 дәрістің тақырыбы:

Командалар типы.Арифметикалық командалар.

Бұл командалар төмендегі көрсетілген сандармен әрекет жасау үшін пайдаланылады:

- таңбасыз екілік сандар;

- таңбалы екілік сандар;

- жинақталған ондық сандар. Екілік кодаланған ондық арифметикасында (ЕКО арифметикасы) әрбір ондық цифр жарты байттық орын алады. Сонда, әрбір байтта екі ондық сан орналасады. ЕКО арифметикасы шығару/енгізу операциясын жеңілдету және жылжымалы үтір операцияларында жұмыс істеу үшін пайдаланылады. ЕКО арифметикасында арнайы қосу және алу команда­лары жоқ. Сондықтан бұл арифметикамен жұмыс жасаған кезде бір жарты байттан екінші жарты байтқа тасымал болған-болмағанын байқап отыру қажет.

Мысалы: 38+29=67 0011 1000
  0010 1001
  ------------
  0110 0001 AF=1
  6 1

Егер AF=1, онда нәтижеге 6 қосу қажет (61+6=67);

- жинақталмаған ондық сандар. Мұнда 0 - 9 сандар жазылады, яғни әрбір байт бір санға сәйкес келеді.

Сонымен, арифметикалық командалар тобы бүтін екілік және таңбасыз ондық сандармен жұмыс істейді. Екілік сандардың таңбалық разряды болуы-болмауы мүмкін (яғни таңбалы немесе таңбасыз екілік сандар). Бүтін екілік сандардың өлшемі 8, 16 немесе 32 бит болады. Ондық сандар – әрбір ондық цифрды төрт биттер жиынымен кодалау ұстанымы қолданылатын сандық ақпаратты көрсетімдеудің арнайы түрі. Санның әрбір байтында (BCD – Bіnary-Coded Decіmal) екілік-ондық кодада берілген бір немесе екі ондық цифр орналасады. Шағынпроцессор BCD-сандарды екі (жинақталған және жинақталмаған) пішімде сақтайды.

Шағынпроцессорда операндтарды қосу, азайту, көбейту, бөлу және таңбаны өзгерту (neg) екілік арифметика ережелері бойынша жүргізеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 159; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты