Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жіктеуінің сипаттамасы




«Қаржы жүйесі» ұғымы, соның негізінде тиісті ақша қаражаттарының қорлары құралатын және пайдаланылатын, сондай-ақ осы қатынастарды ұйымдастыратын органдар қатынастарының жиынтығын қамтиды.

«Жүйе» термині, әртүрлі өлшемдер бойынша жіктелетін өзарабайланысты элементтердің – ішкі жүйелердің қолданылуын білдіреді.

Қаржы жүйесі:

· қаржы қатынастарының жиынтығы;

· ақша қаражаттары қорларының жиынтығы;

· қаржылық басқару аппараты сияқты үш бөліктен тұрады.

Қаржы жүйесі ықпалдастық (интеграциялық) типтегі жүйе болып саналады, оған кіретін элементтердің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысымен сипатталады және оның ішкі жүйелерінің бірде-бірі дербес өмір сүре алмайды: қаржылар, біріншіден, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан да осы қатынастар жүйесінің элементі болып қатысады, екіншіден, өзінің функционалдық қасиеті бар, өзарабайланысты элементтерден тұратын жүйені білдіреді. Қаржыларда функционалдық ішкі жүйелер түрінде, салық, бюджет, қаржы жоспарларын (болжамдарын), қаржы көрсеткіштерін, сметалық қаржыландыру сияқты функционалдық ішкіжүйелерді атауға болады.

Қаржы жүйесі жіктеуінің функционалдық өлшемінен өзге қаржылар субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылардың) белгісі бойынша жіктеуге болады, бұл:

· жалпы мемлекеттік қаржылар;

· кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржылары;

· халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары буындары бойынша, қаржы жүйесінің аражігін ажыратуға мүмкіндік береді.

Буындар: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат сияқты жоғары разрядты элементтерден тұрады.

Бастапқы (басты) элемент жүйенің өзге элементтерінің ішінде жетекші орын алады, өйткені жүйенің элементтері мен жүйелеріндегі өзарабайланыстарда оның рөлі айқындаушы болып саналады. Бірінші кезекте, мемлекеттік бюджет түрінде таныстырылған жалпы мемлекеттік қаржылар, қаржы жүйесіндегі осындай элемент болып қатысады.

Материалдық өндіріс аясындағы кәсіпорындардың қаржылары қаржылардың негізін құрайды, өйткені материалдық өндірісте ұлттық табыс – қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалады.

Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары қаржы жүйесінің өзіндік бөлігін білдіреді. Халық (азаматтар) өздерінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындармен – мемлекеттік және өзге де меншік нысандарымен қатынастарға түседі.

Халық шаруашылығы салаларының қаржыларын басқаруды министрліктердің, ведомствалардың, концерндердің, қауымдастықтардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, бірлестіктердің, кәсіпорындардың ұйымдардың қаржы бөлімдері мен қаржы қызметтері органдары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржыларын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері немесе топтары басқарады.

Министрліктердің және өзге жоғары тұрған органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиын қаржылық болжам жасау, жүйені несиелік жоспарлау, кірістер мен шығыстардың жиын балансының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, оның бағынысындағы кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Кейбір министрліктер мен ведомстволардағы қаржыларды басқару сызбасы (схемасы) басқарудың, жоспарлаудың (болжаудың), есептің өзге функцияларын орындаумен қатар атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық бухгалтерлік басқару қолданылады. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыларды пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сондай-ақ бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық жұмысын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды әзірлейді.

Кәсіпорындардағы, бірлестіктердегі қаржы жұмыстарын дербес құрылымдық бөлімшелер болып саналатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын кәсіпорындардағы қаржы бөлімдері өткізу бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржылық-өткізу немесе бухгалтерлік-қаржылық бөлімдермен) қосып атқарылуы мүмкін.

Банк мекемелері қаржыларды жедел басқаруға қатысады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындарға есеп айырысу – кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақша қаражаттарына деген уақытша қажеттіліктерді несиелейді.

Қазіргі уақыттағы қаржыларды басқаруды жетілдіру осы процесті әзірлеумен және қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізумен байланыстыру негізінде жүзеге асады.

Қаржыларды басқаруда, сондай-ақ қаржылық есеп айырысулардың автоматтандырылған жүйесі (АСФР) қолданылады. Ол өзарабайланысты бірге жұмыс істейтін: функционалдық, қамтамасыз етуші, технологиялық ішкі жүйелерден тұрады.

Есеп айырысулардың автоматтандырылған басқару жүйесі жағдайында қаржылық басқару аппаратының мазмұны түбірінен өзгереді. Автоматтандырылған басқару жүйесінен (АСУ) қаржы қызметкерлері алған ақпарат, оңтайлы таңдау жасау мен көптеген нұсқаларды есепке алу негізінде, олардың қабылдайтын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 197; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты