Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау мен болжау және оны жетілдіру бағыттары




 

Қаржылар жүйесінде, қаржы тетігінің ішкі жүйесі, ең бастысы – экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың бөлігі болып саналатын жоспарлауға ерекше орын беріледі.

Қаржылық жоспарлау қоғамдағы қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану аяларының бүкілін, орталықтандырылған, сол сияқты орталықтандырылмаған нақты ақша қорларын қамтиды. Қаржылық жоспарлау мазмұны жағынан кең және аса бай, нақты ақша жинақтау қорларын жасауға және оларды қоғамда қайта бөлуге бағытталған.

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері қаржы ресурстарын қалыптастыру көздерін, олардың көлемін, қаржы қатынастарына қатысушылар арасында кірістерді бөлу кезіндегі оңтайлы пропорцияларды айқындауға, аумақтық аспектідегі шаруашылық субъектілері, салалары бойынша, экономикадағы пропорционалдыққа және теңгерімділікке жетуге бағытталған.

Қаржылық жоспарлау қаржы жүйесіндегі бастапқы элемент ретінде қарастырылады, алдағы уақыттағы қаржы тетігі мен қаржы аясының нәтижелілігі соған қатысты болады. Мемлекет экономиканы басқару кезінде қаржылық жоспарлауға сүйенеді және қаржы органдары мемлекеттің кірістері мен шығыстарын, салықтар мен төлемдердің түсуін, займдар алу мен қарызды өтеу (жабу) көздерін жоспарлаудың нақтылығын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге шақырылған. Кәсіпорындар, фирмалар деңгейінде қаржылық жоспарлау олардың мүдделерін одан да терең көрсетуі, кірістермен байланысты коммерциялық қажеттіліктерді қанағаттандыруы тиіс. Қаржылық жоспарлау әсіресе, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорындардың, фирмалардың, кәсіпкерлердің мүдделерін көрсетеді. Қоғамның әл-ауқаты жақсы болуы үшін мемлекет мүддесі жүргізіліп отырған қаржы саясатымен өзара байланыста болуы тиіс. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларындағы шаруашылық жүргізудің көзделіп отырған нәтижелеріне ықпал ететін көптеген факторлардың белгісіздігімен байланысты, қаржылық жоспарлау маңызды дәрежеде болжау жасау ретінде жүргізіледі.

Болжам - әлеуметтік ғылыми зерттеу негізінде болашақтағы қандай да бір құбылыстың жай-күйі туралы ықтимал пікір.

Болжау – қандай да бір құбылыстың, объектінің, процестің нақты даму перспективасы туралы болжам әзірлеу. Қаржыларға қолдануға қатысты болжам жасаудағы құбылыстың дамуы – бұл қаржы қатынастарын ықтимал жетілдіру, ақша қаражаттары қорларының қозғалысы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сондай-ақ индикативті жоспарлау қолданылады, яғни бұл ұсынымдық (рекомендательное) жоспарлау болып саналады; ол ақпараттық – үйлестіру рөлін атқарады және экономикалық реттегіштер арқылы қаржылық қызметтің субъектілеріне жанама ықпал етеді.

Қаржылық жоспарлау құрамындағы болжау мемлекеттің және шаруашылық субъектілерінің болашақтағы стратегиясымен, саясатымен байланысты.

Әлеуметтік-экономикалық деңгейі, құрылысы әртүрлі елдердің даму тарихы экономиканы дамытудағы қаржылық жоспарлаудың белсенді рөлін растайды. Қаржылық жоспарлау, резервтерге ие (материалдық шығындар мен еңбекті үнемдеу; өндірістік қуаттарды толық пайдалану; шығындарды азайту; қорлардың айналымдылығын жеделдету) өндіріс процесінің өзіне, сондай-ақ есеп аясына, шаруашылықты басқару аясына кірістерді бөлу тетігіне, өндіріс пен еңбек нәтижелерін көтермелеуге де терең енеді.

Қаржылық жоспарлау, ең соңында, қаржы ресурстарын басқару қаруы және қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің белсенді құралы болып қатысады.

Қаржылық жоспарлау мынадай принциптерге сүйенеді:

· Олардың арасында қайшылықтар болмаған жағдайда, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Орталықтандырылған қаржы ресурстары ғана экономикалық өсудің (бастапқы) көздері болып қатысады, мемлекеттік қаржылардың жай-күйі соларға қатысты болады.

· Қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен біртұтастығы, қаржылық жоспарларда базалық, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің көрсетілетінін растайды. Қаржы жоспарлары ел экономикасы дамуының, қоғамдық өмірдің барлық жақтарының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді.

· Қаржылық жоспарлаудағы үздіксіздік перспективалық және жылдық жоспарлауды (жоспарларды) байланыстырады, болжаудағы дәлелсіздіктерді жоюға, ағымдағы және перспективалық жоспарлар арасындағы алшақтықты болдырмауға көмектеседі.

Қаржылық жоспарлауда жоспарлар әзірлеу процесін байытатын: коэффициент әдісі; баланстық әдіс; бағдарламалық нысаналы әдіс; экономикалық-математикалық әдіс; нормативтік әдіс сияқты әртүрлі әдістер қолданылады.

1. Экстрополиция (немесе коэффициенттер) әдісі. Олардың динамикасын белгілеу негізінде, қаржы көрсеткіштерін анықтаудан тұрады. Есептеу, есепті кезеңге жету және өсу немесе төмендеуге қатысты тұрақты қарқынға түзетулер жасау базасында жүргізіледі.

2. Қаржы көрсеткіштері белгіленген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылатын нормативтік әдіс кең таралған.

3. Баланстық әдіс шығыстардың оларды жабу көздерімен келісілгендігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің өзара, сондай-ақ өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің байланысын көздейді.

4. Бағдарламалық – нысаналы әдіс нарық жағдайында, халық шаруашылығының, салалардың, бастапқы әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар базасында қаржылық болжам жасау әдістерінің бірі ретінде дамуға ие болады.

5. Есептердің көп нұсқалылығы, ең жақсы шешімдер таңдау, ұзақ кезеңге арналған қаржылық болжамдар үшін экономикалық-математикалық әдістерді, ЭЕМ-ді неғұрлым кеңінен пайдалануды болжайды.

Қаржы жоспары қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып қатысады.

Қаржы жоспарлары – бұл кәсіпорындардың, ұйымдардың, салалардың, өңірлердің және тұтастай алғанда мемлекеттің ақшалай кірістерінің және жинақтарының (қорларының) пайда болуы мен оны жұмсаудың жоспарлары. Қаржы жоспарлары халық шаруашылығының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етушілігін көрсетеді. Жоспар – бұл қаржылық жоспарлауды нақты білдіру, басқару процесінде пайдаланылатын нұсқаулық (директивалық) құжат.

Қаржы жоспарларының (баланстарының) жүйесіне, ол қамтитын қатынастардың ауқымдылығымен ерекшеленетін, демек, түседі және пайдаланылады деп жоспарланып отырған ресурстардың көлемімен ерекшеленетін жоспарлардың алуан түрлері кіреді.

Бастапқы және жиын қаржы жоспарлары осы белгісі бойынша ажыратылады.

Материалдық өндіріс аясындағы кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың қаржы жоспарлары; мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың сметалары, толықтай немесе негізгі бөлігі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстар бастапқы қаржы жоспарына жатады.

Жиын қаржы жоспарына: жалпы мемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарлар кіреді. Мемлекеттің жиын қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, мемлекеттің төлем балансы жалпы мемлекеттік қаржы жоспары болып саналады.

Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: өңірлердің жиын қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтардағы қоғамдық ұйымдардың жоспарлары және т.б.

Қаржы жоспарларының алуан түрлері бір-бірімен өзарабайланысқан: салалық жоспар ведомствалық кәсіпорындар мен ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық жоспар, негізінен, жалпы мемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бір бөлігі болып саналады.

Негізінен, кезеңге қатысты қаржылық жоспарлау жылдық, бес жылдық және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған жоспарлардың барлық түрлері жылдық кезеңге жасалады.

Нарықтық экономика жағдайында бес жылдық және перспективалық жоспарлаулар күрт қысқарады. Жоспардың мақсатына қарай, бес жылға жиын қаржы балансы, кейбір өзге жиын қаржы жоспарлары әзірленуі тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есептеулер жүргізіледі.

Жиын қаржы балансы орта мерзімге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының (бес жылдық) қаржылық бағдарламасын білдіреді. Қаржы Министрлігінің белсенді қатысуы жағдайында экономика Министрлігі, аталған жоспарды жасаумен айналысады. Жиын қаржы балансында, халық шаруашылығының қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржы жүйесінің көрсеткіштері көзделеді. Ол министрліктерге және ведомстваларға оларды тікелей нақты таңусыз, іріленген көрсеткіштер бойынша жасалады. Мемлекеттік бюджет пен кәсіпорындардың және ұйымдардың қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау негізі, аталған баланстың көмегімен дайындалады.

Мемлекеттің қаржы ресурстарын басқару, бюджет саясатының негізгі бағыттарын көрсету және мемлекеттік есеп жүргізу үшін, оған республикалық және жергілікті бюджеттердің жиын ақша қаражаты кіретін, мемлекеттің біріктірілген қаржы балансы әзірленеді.

Мемлекет кірістерінің орталықтандырылатын бөлігі көрсетілетін мемлекеттік бюджет аса маңызды жедел қаржы жоспары болып саналады. Жиын қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы деректер, тұтастай түрде халық шаруашылығы бойынша ірілендірілген түрде келтіріледі, ал мемлекеттік бюджет жоғары дәрежеде нақтыланады.

Материалдық өндіріс аясындағы қаржы жоспарлары кірістер мен шығыстардың баланстары болып аталады.

Кірістер мен шығыстар балансының классикалық формасына мынадай төрт бөлім кіреді:

1) кірістер және қаражаттардың түсуі;

2) шығыстар және қаражаттар аударымы;

3) бюджетке арналған төлемдер;

4) бюджеттен қаржыландыру.

Онда шаруашылық-қаржылық қызметтің түпкі нәтижелерінің көрсетілетіні, ал аралық – ақша қаражаттары айналымдарының жоқ екендігі, кәсіпорын кірістері мен шығыстары балансының өзіндік ерекшелігі болып саналады. Ақша қаражаттары айналымдарын тіркеу мен есеп айырысулар арнайы қаржы жоспарында – төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады, ол есеп айырысу мерзімдерінің жалғастығы және оны нақтылау бөлігіндегі кірістер мен шығыстар балансын толықтыру жолымен олардың уақытылығын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржы жоспарлары өнеркәсіп кәсіпорындарының кірістері мен шығыстарының баланстары сияқты жасалады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 233; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты