Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Арнаулы салық режимдері.




Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін белгіленген және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған (жеңілдетілген) тәртібін көздейтін, бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Арнаулы салық режимі:

1) шағын бизнес субъектілері;

2) шаруа (фермерлік) қожалықтары;

3) заңды тұлғалар – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер;

4) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін көзделеді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі), төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда, корпоративті (жеке) табыс салығына, әлеуметтік салыққа қатысты белгіленеді. Өзге салықтарды, міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу және ол бойынша есептілікті табыс ету жалпы белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілері үшін салықтарды есептеудің оңайлатылған тәртібі бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларациялар негізінде жүргізіледі.

Аталған әдістердің әрбірі үшін оларды қолдану шарты: қызметтің эпизодтылығы, кәсіпкерлік қызметтің орыны мен сипаты, кіріс көлемі, жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің саны, жалданбалы жұмыскерлерді пайдалану ескертіледі.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі) қызметтің кейбір түрлеріне; акциздік өнімдер өндіруге, қаржылық қызметтер көрсетуге, жерқойнауын пайдалануға, мұнай өнімдерін өткізуге, бірқатар лицензияланатын қызмет түрлеріне, филиалдарға, өкілдіктерге, заңды тұлғалардың еншілес және бағыныстағы кәсіпорындарына қолданылмайды.

Эпизодтық (бір айдан аз) сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде салық есептеулері үшін арнайы салық тәртібін қолдану құқығын және бюджетпен есептесу фактісін растайтын біржолғы талон – құжат пайдаланылады.

Патент бойынша салық есептеу кезінде (мәлімденген кіріске белгіленген мөлшерлемелер көлемінде) салық төлеу сондай-ақ үлестермен жүргізіледі. Осы негізде арнайы салық тәртібі (режимі) жеке кәсіпкерлер үшін ресімделеді. Бұл ретте сәйкестік өлшемдері (критерийлері) болып мыналар саналады:

1) жалданбалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;

2) жеке кәсіпкерлік формасында қызметті жүзеге асырушы;

3) белгілі бір көлемде жылдық айналымды шектеу.

Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне (тоқсандық кіріске) заңмен белгіленген салық мөлшерлемелері (жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғалар үшін – сараланған түрде) қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін арнайы салық тәртібі (режимі), ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу қызметі бойынша жеке табыс салығы, ҚҚС, жер салығы, көлік құралдарына және мүлікке салынатын салық кіретін, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде жүзеге асырылады. Жер телімінің бағалау құны бірыңғай жер салығын салу объектісі болып саналады, салық осы құнға 0,1% мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер, өзге қызмет түрлерінен алынатын көзге салынатын жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылмайды.

Заңды тұлғалар – ауылшаруашылық өнімдерінің өндірушілері үшін арнаулы салық режимі, осындай өнімдерді, сондай-ақ мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал арасы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізумен, жерді өңдеу, егін салу, астық ору бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызметтер көрсету үшін, жерді пайдаланумен байланысты субъектілерге қолданылады. Арнаулы салық режимі, оның құнына корпоративті табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, қосымша құнға салынатын салық кіретін патент негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте патент бойынша салықтар сомасы 70%-ға азаяды.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық тәртібі (режимі), ойын бизнесі, баулинг, картинг, бильярд, лото саласында қызметтер көрсетуші заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (оның ішінде шетелдік заңды және жеке тұлғаларға) таралады. Базалық ең төменгі және ең жоғарғы белгіленген жиын салықтың мөлшерлемелерін, әрбір салық салу объектісі бойынша (ойын үстелі, ойын автоматы, тотализатор кассасы және т.б.) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 925; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты