Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар




Кез келген мемлекетте, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің жұмыс істеуі ерекше экономикалық формалар – бюджет кірістері мен шығыстары арқылы жүзеге асырылады. Олар құндық бөлудің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Екі категорияларда объективті, бюджеттің өзі сияқты өзіндік қоғамдық тағайындалуға ие: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес орталықтандырылған ресурстарды бөледі.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын, мемлекеттің бюджеттік және салық саясатын жүзеге асыру бағыттарына қатысты болады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет құрылымы 1996 жылдан бюджет жіктеуі негізінде құрылады және бес бөлімнен тұрады. Негізінен, салықтар немесе төлемдер кірістердің көзі болып саналады.

Бірінші бөлім «Кірістер және алынған ресми трансферттерге» кірістердің мынадай төрт категориясы кіреді:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер: мемлекеттік меншіктен; мемлекеттің кәсіпкерлік қызметінен, мүліктер, әкімшілік алымдар мен баж салықтары, айыппұлдар мен санкциялар;

капитал мен жасалатын операциялардан алынатын кірістер: мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруден алған негізгі капитал, мемлекеттік резервтерден тауарларды сату;

сыртқы және ішкі көздерден алынған ресми трансферттер (гранттар).

Екінші бөлім «Шығыстарға» келесі функционалдық топтар кіреді:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер: заң шығару, атқарушы органдар, іргелі ғылыми зерттеулер, жалпы сипаттағы көрсетулер;

қорғаныс; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік; білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету; тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы; демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясындағы қызмет; отын-энергетика кешені; ауылшаруашылығы, су және орман шаруашылығы, балық аулау, аңшылық және табиғат қорғау; таукен өнеркәсібі және пайдалы қазбалар; көлік пен байланыс; экономикалық қызметпен байланысты, өзге қызметтер көрсетулер; мемлекеттік борышқа (қарызға) қызмет көрсету бойынша негізгі топтарға жатқызылмаған шығыстар, жергілікті бюджеттерге субвенциялар, үкіметтің резервтік қоры.

Үшінші бөлім «Несиелеу минус өтеуге»несиелеу бойынша бюджеттен алынған төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдер кіреді және бюджет тапшылығына жатқызылатын таза несиелеу көрсетіледі.

Төртінші бөлім,кірістер мен шығыстар сомалары плюс несиелеу минус өтеу арасындағы бюджет тапшылығын көрсетеді.

Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру»тапшылықты жабу көздерін сипаттайды: ішкі тапшылық – ұлттық банктің несиелері, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен; сыртқы – халықаралық қаржы ұйымдары мен шет мемлекеттердің несиелеуі есебінен.

Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы шығыстар бюджетіне және даму бюджетіне бөлу тәжірибесі қолданылады. Демек, даму бюджетіне инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруға арналған қаражаттар мен кеңейтілген ұдайыөндіріспен байланысты өзге шығындар кіреді, ал ағымдағы бюджетте, қолданыстағы нормалардан және әлеуметтік қамтамасыз етушіліктің қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырландырылған.

Аталған тізбе мен кірістерді және шығыстарды топтастыру бюджет жіктемесімен айқындалады.

Бюджет жіктеуі – бұл мемлекеттің қаржы органдарының бүкіл бюджеттік қызметінің негізі болып қаланған, бірыңғай белгілері бойынша бюджет кірістері мен шығыстарының жүйеленген топтастырылуы. 1996 жылға дейін бюджет жіктеуі келесі құрылымдық бөлімшелер:

бөлім;

параграф;

бап;

тараудан тұрады.

Бірақ та, ұзақ уақыт қолданылып келген бюджет жіктеуі бюджет қаражаттарын болжау, есебін жүргізу мен бақылау, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың осы заманғы талаптарына жауап бере алмады.

Сондай-ақ шығыстарда функционалдық және экономикалық жіктеу көзделген. Осы жіктеуге сәйкес шығыстар мынадай алты бөлімге бөлінеді:

функционалдық топ;

функция;

ішкі функция;

мекеме;

бағдарлама;

ішкі бағдарлама.

Функционалдық жіктеу қызмет түрлерінің, іс-шаралардың және бюджет қатынастарына қатысушылардың толық сипаттамасын білдіреді.

Шығыстардың экономикалық жіктеуі оларды экономикалық белгілері бойынша:

категория;

сынып (класс);

ішкі сынып;

ерекшелік бөлімдеріне бөледі.

Бюджет жіктеуі автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, басқарудың жоғары жеделдігіне қол жеткізу үшін түсімдер мен шығыстарды жан-жақты, айқын және атаулы жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 267; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты