Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жергілікті қаржылардың маңызы, қаржы жүйесі құрамындағы оның орны




Жергілікті қаржылар, сол арқылы жергілікті басқару органдары, өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес, ақшалай формадағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жұмылдыратын, бөлетін және пайдаланатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Оларға жергілікті бюджеттер, арнайы бюджеттен тыс қорлар мен жергілікті басқару органдарының меншігіндегі шаруашылық субъектілерінің қаржылары кіреді.

Жергілікті қаржылардың құрылымы мен бағыты жергілікті билік пен басқару органдарының – мәслихаттардың (депутаттар жиналысының), және жергілікті әкімшіліктің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларымен айқындалады.

Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастар жағдайында, жергілікті органдар қызметінің аясы кеңеюде және олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде маңызды түрде дербестікке ие болуда.

Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын өмірде жүзеге асыруда маңызды міндеттер жүктелген.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру негізінен, жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсету инфрақұрылымдарының салалары, басым бөлігі бюджет қаражаттарынан құралатын қорлар есебінен халыққа қызмет көрсетеді.

Жергілікті буындағы қаржы қатынастары «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңмен, «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексімен, жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы Заңмен» және шаруашылық және қаржы қызметі туралы өзге де заңдармен реттеледі.

Жергілікті қаржыларда, жергілікті биік пен басқару органдарының санқырлы қызметінің қаржылық базасы болып саналатын жергілікті бюджеттер маңызды рөл атқарады.

Жергілікті (облыстар, қалалар, аудандар) бюджеттер Қазақстанда кірістер бойынша 47%-ды, ал шығындар бойынша мемлекеттік бюджет қаражаттары көлемінің 49%-ға жуығын, бүкіл аудандық және қалалалық (облыстық бағыныстағы қалалардың) бюджеттің 78%-ын құрайды және дотациялы (осындай бюджеттердің 193-і) болып саналады. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес, жергілікті бюджетке облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеті кіреді.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеті, Бюджет Кодексімен айқындалған және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), оларға ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін тағайындалған (белгіленген), салық және өзге түсімдер есебінен қалыптасатын, орталықтандырылған ақша қоры болып саналады.

Қаржы қатынастарын бюджет түрінде ұйымдастырудың екі үрдісі қолданылады:

1) дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен, экономиканы басқаруда орталықтандырылған бастауларды дамытудың неғұрлым жалпы процесін көрсету ретінде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың формалары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;

2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жергілікті билік пен басқару органдарының функцияларын күшейте отырып, қаржыларды орталықтандырылған тәуелділіктен жою.

Екінші үрдіс жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жақындаушылығына, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың көбірек мүдделік танытатынына негізделеді.

Қаржыларға бақылау функцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі қаржылық қатынастарға әкімшілік ету принципі болып саналады: белгілі бір қаржылық қатынастар формалды бақылауға аз дәрежеде тартылатын болса, оны соғұрлым орталықтан тәуелсіз көбірек реттеуге болады және оған керісінше, жақсы бақылау болған жағдайда – орталықтандырылған реттеу тиімді болып саналады.

Екінші жағынан, өңірлер белгілі бір дәрежеде тең бағыныста болатын және одан тыс өмір сүре алмайтын, біртұтас шаруашылық кешенінің бөлігін білдіреді. Өңірлік ұдайыөндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайыөндірістің даму негізгі заңдылықтарымен айқындалады. Сондықтан да өндірістің нақты жағдайымен байланысты шектерде орталықтан басқару жүйесі қажет деп болжанады. Өңірлердің экономикалық дербестігі абсолютті бола алмайды. Ол әрқашанда относителді және өңірлер неғұрлым аз болса, осы дербестік шаралары да соғұрлым аз, яғни орталықтан тәуелсіз шешімдер қабылдау еркіндігі аз. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, бюджеттік өзара қарым-қатынастағы қалыптасқан сипат, нарықтық экономикаға өту кезеңінің күрделігі, республиканың жергілікті бюджеттерінің басым көпшілігінің нақты дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдік берілген минимумен қамтамасыз ететін мөлшерде әлеуметтік инфрақұрылымдарды қаржыландыру үшін қаражаттың жеткіліктілік принципі жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік-шаруашылық бірліктерінің дербестігі, аталған өңірдің экономикалық мүдделерін жүзеге асырудың ең жоғары мүмкіндіктерінен тұратын оңтайлы деңгейі мен өлшемдерге (критерийлерге) ие болуы тиіс.

Өңірлік ресурстарды ұлғайту, табиғат қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін қажетті, онда кепілдік берілген қаражат көздерін жасау, өңірлердің экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі болып саналады.

Өңірдің экономикасын басқарудағы орталықтан басқару жүйесі мен жергілікті басқаруды оңтайлы ұштастыруды айқындаудың жалпы принципі мынадай түрде құрылады: экономикалық даму стратегиясын айқындаудағы орталықтан басқару жүйесі, оны жүзеге асырудағы дербестік.

Жедел (оралымды) – шаруашылық дербестігі жергілікті буында, шығыстардың аз дегенде 50%-ын жабатын, жекелеген, бекітіліп берілген кірістер жүйесінің болуын талап етеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бюджет арқылы ұлттық табысты қайта бөлу «фискалдық федерализм» теориясы негізінде жүзеге асырылады.

Теорияның маңызы мынада: мемлекеттік шаруашылықтың бүкілі (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін, барлық кәсіпорын, мекеме мен әкімшілік құрылымдар), онда деңгейлер арасында басқару функцияларының бөлінісі мен олардың саты бойынша заңдық бағынуы өмір сүретін, көпдеңгейлі жүйені білдіреді. Осымен байланысты келесі мәселелер негізгі назарда болуы тиіс:

1) мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны;

2) басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;

3) әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;

4) жергілікті билік органдарын басқару мен қаржыландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі;

5) жергілікті билік пен басқару органдарының шығыстарын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;

6) мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қаражаттардың жұмсалуын бақылау формасы.

Фискалдық федерализм саясаты жергілікті басқару органдарының орталық қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана тапшылығын ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын азайтуға, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол болып саналады. Оған өңірлердің салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға жергілікті үстемелер алу бойынша оларға құқықтар беру немесе өзінің салықтарын (экологиялық, мүліктік, мұрагерлікке, тұтынуға) тағайындау есебінен қол жеткізеді. Бұл ретте олардың қаржылық дербестігін жоятын, қаражаттарды тиімді пайдаланудағы жергілікті органдардың мүдделігін туғызбайтын, орталық бюджеттен трансферттік қаржыландыру қысқарады.

Өзге елдердегі аумақтық басқаруды дамыту тәжірибесі орталықтан басқару жүйесінен арылу қажеттілігін, ведомствалық бағыныстағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде жергілікті билік органдарына үлкен құқықтар беру қажеттілігін растайды. Унитарлық мемлекет – Қазақстанға қолдану жағдайында фискалдық федерализм термині ұғымының мәнін сақтай отырып, «фискалдық өңірлендіруге» трансформациялануы мүмкін.

Қаржы ресурстарын жұмылдыру мен пайдалануға аудандық буындардың қаржылық мүмкіндіктері түбегейлі түрде шектелді. Дүниежүзілік шаруашылықты дамыту бюджет жүйесіндегі жоғарыда айтылған үрдістер аспектісінде Қазақстандағы бюджет жүйесін орталықтандыру процестерін бюджет-қаржы аясының ауыр жағдайынан туындаған, лажсыз шараларға жатқызуға болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 262; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты