Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие




Қоғамның алуантүрлі қажеттіліктерін үзбеліксіз қаржыландыру мақсатында мемлекет өзінің шығыстарын жабуға шаруашылық құрылымдарының уақытша жұмсалмай жатқан бос қаржы ресурстары мен халықтың қаражатын тартуы, алудың басты тәсілі болып саналады. Мемлекеттік несие, мемлекет өзінің органдары атынан заемшы болып, ал жеке және заңды тұлғалар – кредиторлар болып қатысатын, несие қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Ел ішіндегі несие операцияларын жүзеге асыру кезінде мемлекет әдетте қаражаттардың заемшылары, ал халық, кәсіпорындар мен ұйымдар – кредиторлар болып саналады. Халықаралық экономикалық қатынастар аясында мемлекет заемшы, сол сияқты кредитор ретінде қатысады. Займға алынған ақша қаражаттары, олардың қосымша қаржы ресурстарына айнала отырып, мемлекеттік билік органдарының иелік етуіне түседі. Олар, негізінен, бюджет тапшылығын жабуға бағытталады.

Саяси қондырманың жұмыс істеуімен және бюджет қаражаттарының қозғалуымен байланысты, мемлекеттік несие қоғамның қаржы қатынастарының бір бөлігін білдіреді. Мемлекеттік несие өзінің негізінде жұмылдыратын ақша қаражаттарының өнімді салымы болуы тиіс. Егер мемлекеттік шығыстар қоғам үшін өзін ақтаған болса, онда мемлекеттік несиені дамытудағы мақсатқа әрқашанда қол жетеді. Экономиканы басқару функциясы мемлекеттен барынша өзін-өзі ақтаған шешімдерді талап етеді. Мемлекеттік несие: қайта бөлу және реттеу екі функциясын орындайды.

Оларды кейін қайтару жағдайындағы ақша қаражаттарын қайта бөлу функциясы халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты болады.

Осы функцияларындағы мемлекеттік несие, халықтың сақтықтарын (жинақтарын) ұйымдастыру формаларының бірі болып саналады. Несиенің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың жинақтары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұл мемлекеттік несиенің көрінуінің бір формасы болып саналады. Халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында орналастырылатын мемлекеттік займдар облигацияларын шығару, мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша ресурстарын жұмылдыруға шақырылған, мемлекеттің бағалы қағаздарының өзге түрлерін (қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық бондар, сертификаттар) шығару жолымен мемлекеттік несиенің өзге формасының көрінуіне қол жеткізіледі.

Мемлекеттік несиенің екінші функциясы – реттеушілік. Мемлекет заемшы, кредитор, кепіл ретінде өз шығыстарын жабатын қаржы көздерінің жеткілікті болуына мүдделік танытады. Мемлекет бірінші кезекте, ссудалық пайыздың мөлшеріне әсер ете отырып, ақша ағындарын реттейді: ссудалық капиталдар нарығында заемшы болып қатыса отырып, ол осы капиталға деген сұранысты арттырады, нәтижесінде ссудалық пайыз нормасы жоғарылайды. Мемлекет кепіл ретінде ақшаларды рационалды орналастыруға мүдделілік танытады. Реттеушілік функцияларының жолымен, мемлекеттік несие бойынша қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастары субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жеткізіледі.

Мемлекеттік несие: ішкі және сыртқы (халықаралық), шартты түрлерге ажыратылады. Алғашқы екі түрі, тек ел ішінде ғана болуы мүмкін немесе өзге елдерде (өзге елдердің үкіметі, шетел компанияларының банктері), сондай-ақ халықаралық қаржы институттары болуы мүмкін қатынастарға қатысушылар бойынша ажыратылады. Шартты мемлекеттік несие жағдайында үкімет, өзге елдер займ ретінде берген және алынған несиелер бойынша әрқашанда кепіл болып қатысады.

Өзге елге немесе кредиторларға несиелерді қайтармау, соның есебінен орны толтырылатын, ел бюджетіндегі қиын жағдайды күшейте түседі.

Мемлекеттік несиені қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланудың объективті қажеттілігі, осы қажеттіліктердің көлемі мен бюджет шығыстары есебінен оларды қанағаттандыру бойынша мемлекеттің мүмкіндіктері арасындағы тұрақты қарама-қайшылықпен байланысты туындайды.

Мемлекеттік несиенің жұмыс істеуі мемлекеттік қарыздың пайда болуына әкеледі. Күрделі мемлекеттік қарыз, осы міндеттемелер бойынша төленуі тиіс есептелген ағымдағы қарыз – мемлекеттің бүкіл қарыз (борыш) міндеттемелері бойынша кредиторларға кірістерді төлеу бойынша және төлеу мерзімі келмеген міндеттемелерді өтеу бойынша шығыстарды құрайды.

Мемлекеттік қарыз (борыш), бүкіл жасалған мемлекеттік несие операцияларының нәтижелілік сипаттамасы болып саналады. Мемлекеттік қарыздың (борыштың) жағдайына, мемлекеттік несие аясында жасалатын жыл сайынғы операциялар – біртіндеп, жаңа займдар алу және оларды табыс ету жағдайын, екіншіден, төленетін пайыздар мен өтеу көлемдері түбегейлі әсер етеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 192; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты