Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Халықаралық мемлекеттік несие, оның формалары




Халықаралық несие – бұл бір ел мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ өзге заңды және жеке тұлғаларының екінші бір елдің мемлекеттеріне, банкілеріне және өзге заңды және жеке тұлғаларына беретін займдары.

Сыртқыэкономикалық байланыстардың дамуымен байланысты, халықаралық валюта – несие ұйымдары: Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық қайта құру және Даму Банкі (Дүниежүзілік банк) мен оның ұйымдары – Халықаралық Даму Қауымдастығы, Халықаралық Қаржы корпорациясы, инвестицияларға кепілдіктер беру жөніндегі санжақты Агенттік, Еуропа қайта құру және даму банкі және т.б. Халықаралық несие аясында барған сайын маңызды орын алуда. Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және олардың сақталуын бақылау, оған мүше-елдер арасындағы валюталық шектеулерді жою, төлем баланстарын реттеу үшін оларға қаражаттар беру жолымен халықаралық саудада және валюталық ынтымақтастықта көмек көрсетеді. Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары, оларға техникалық көмек көрсету және елдің экономикалық әлеуетін жүзеге асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы экономикалық дамуға қолдау көрсетеді.

Халықаралық мемлекеттік несие, қайтарушылық жағдайында, белгілі бір пайыз-ақыға уақытша пайдалану үшін тауар және ақша түрінде берілетін халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы елдердің материалдық ресурстарының қозғалысын білдіреді.

Мемлекеттік уәкілетті органдар атынан елдер несие субъектілері болып қатысады.

Өзінің маңызы бойынша халықаралық несие кеңейтілген ұдайыөндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып, бірқатар жағдайларда – дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету құралы болып саналады.

Халықаралық несиенің қажеттілігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.

Халықаралық несиені дамыту:

1) халықаралық еңбек бөлінісінің және экономикалық ықпалдасудың тереңдеуімен;

2) өндірісті мамандандырумен, кооперациялаумен;

3) елдердің табиғи ресурстармен және жұмыс күшімен бірдей қамтамасыз етілмеуімен;

4) жекелеген елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жою қажеттілігімен;

5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету қажеттілігімен;

6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығымен байланысты факторлардан туындайды.

Мемлекеттің несие ресурстары халықаралық несие беру үшін:

1) жинақтау қорларына жататын мемлекеттік бюджет қаражаттарынан;

2) ұжымдық ссудалық қорлардан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылған қаражаттарынан);

3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.

Халықаралық несие ақшалай түрде ұлттық валюталармен және еркін айналатын валюталармен беріледі.

Беріктік, ақылылық және қайтарушылық жағдайларында олардың сыртқыэкономикалық қызметі процесіндегі мемлекеттің тауар және ақша ресурстарын қайта бөлуі халықаралық несиенің функциялары болып саналады.

Халықаралық несиені пайдалану экономиканың дамуын жеделдетуге, экономикалық даму деңгейлерін теңестіру процесіне, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық ықпалдасуды шапшандатуға оң ықпал етеді.

Халықаралық мемлекеттік несиедегі тараптар арасындағы келісім, әдетте несие желілері – кредитордың (донордың) міндеттемесі заемшыға (реципиентке) келісілген кезең ішінде келісілген лимит шегінде несие беру ретінде ресімделуі. Ашық несие желілері шеңберінде, соның негізінде ссудалар сериялармен-транштармен берілетін жекелеген несие келісімдері жасалады. Несие желілері формаларын пайдалану, ссудалық капиталдардың әлемдік нарығындағы конъюктуралардың өзгеруі кезінде заемшы үшін де, сол сияқты кредитор үшін де несие қатынастарының орнықтылығы мен сенімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

Заемшы мерзімі өткеннен кейін кредиторға алынған соманы пайыздармен (кейде онсыз) қайтаруға міндеттенетін ақша қаражаттарының (немесе тауарлардың немесе осы сомаға қызмет көрсетудің) келісілген сомасын заем берушінің заемшыға беруі орын алатын сыртқы займдар халықаралық несиенің негізгі формасы болып саналады. Заем қаражаты сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру үшін немесе экспортқа және импортқа жәрдемдесу – сыртқы сауданы несиелеу үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелеу кезінде несиелер беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қаралады, бұл олардың өз міндеттемелерін толық және кедергісіз орындауға мүмкіндік береді.

Экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетелдердің үкіметтері немесе санжақты ұйымдар (ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ) беретін, халықаралық несие формасында дамуға ресми көмек бөлінеді. Көмек беру мақсаттары, нарықтық жағдайларда берілетін займдардан ерекшелігі, коммерциялық емес сипатты білдіреді, яғни санжақты валюта-несие ұйымдары пайдаларын ұлғайтуға ұмтылмайды, елдің құрылымдық қайта құру мен экономикалық өсуін қамтамасыз ететін аяларды қаржыландырады. Мысалы, ХВҚ несиелері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтылық пен құрылымдық реформалар бағдарламаларына, теңге бағамын ұстап тұруға берілген, бұл өзге халықаралық ұйымдар займдарының елге келіп түсу жағдайының бірі болып саналады.

Халықаралық экономикалық қатынастар тәжірибесінде, сондай-ақ экспорттық немесе «байланысты несиелер» формасы қолданылады. Осындай несиелер беру, соны сатып алу үшін несие берілетін нақты тауарлар заемшысының елге тауарлар жеткізуімен «байланыстырылады». Әдетте байланысты несиелер жеңілдік жағдайларда беріледі, бұл өз еліндегі жеткіліксіз сұраныстағы тауарларды өзге елдердің нарығына шығару қажеттілігімен туындайды.

Экспорттық несиелерді пайдаланудың зардабы мынада: олар елдің сауда балансына ықпал етеді. Қосымша қаржыландыру есебінен импорт ұлғаяды, бұл сауда балансының тапшылығын туғызуы немесе оны ұлғайтуы мүмкін. Мұнан өзге, экспорттық несиелер реципет-елдегі экономикалық өсуге кері әсер етеді, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттар өндіріс аясына салынып, алдағы уақытта, ағымдағы қажеттіліктерді бір сәттік қанағаттандырудың орнына кіріс әкелер еді, екіншіден, неғұрлым сапалы және арзан импорт тауарлар отандық тауарларды ығыстырып шығарады немесе оларды өндіруді басып тастайды.

Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру және төлем балансын қолдау мемлекеттік сыртқы займдардың мақсаттары болып саналады. Үкіметтің сыртқы займдар бойынша алған қаражаттары республикалық бюджет есебіне қабылданады және бюджеттің атқарылуы тәртібінде пайдаланылады, ал Ұлттық Банкі алған қаражаттар ақша-несие саясатын жүзеге асыру мақсаттарына пайдаланылады. Бұл қаражаттар, нысаналы мақсатына қатысты, тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы немесе қайтару негізінде ішкі (түпкі) заемшыларға берілуі мүмкін. Өтеусіз пайдалану бюджетті жұмсау немесе Ұлттық Банктің қаражаттарын пайдалану жолымен жүзеге асыралады. Ішкі (түпкі) заемшылар үшін қаражаттар, Үкімет немесе Ұлттық Банкі заем беруші болып қатысатын, несие шарттары бойынша беріледі. Заем қаражаттарының нысаналы пайдалануын бақылауды, заңнамалық және несие шартына сәйкес займберуші жүзеге асырады, ал ескертілген талаптар сақталмаған жағдайда, тиісті санкциялар қолданылады.

Соңғы жылдары Қазақстан шетелдерден маңызды көлемде несиелер алды. Сондықтан да валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсау бірінші кезектегі маңызға ие болады. Олар, бірінші кезекте, тұтыну тауарларын шығаратын шаруашылық субъектілерін құруға және қайта құруға және басымдық берілген өндірістерді дамытуға, яғни құрылымдық саясатты ескере отырып, экономиканы сауықтыруға бағытталған шаруашылық субъектілеріне пайдалануы тиіс.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 303; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты