Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік қарыз ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару




Елде мемлекеттік несиені дамыту бірмезгілде мемлекеттік қарыздың өсуін туғызады.

Мемлекеттік қарыз – ол бойынша есептелген пайыздарды қоса алғанда, шығарылған және өтелмеген мемлекеттік займдар бойынша берешектер сомасы. Займ валюталарын орналастыру нарығына және өзге сипаттамаларына қатысты мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға бөлінеді.

Мемлекеттік қарыз, кеңейтілген ұдайыөндіріс үшін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша қаражаттарын тарту формаларының бірі ретінде мемлекеттік займдарды пайдаланумен байланысты туындайды.

Заемшы, кредитор және кепіл түріндегі оның қызметімен байланысты мемлекеттің қаржы саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттің қарыз (борыш) міндеттемелерін шығару және орналастыруға дайындықпен байланысты іс-қимылдардың жиынтығы, бағалы қағаздар нарығын реттеу, несиелер мен кепілдіктер беру мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі.

Мемлекеттік қарызды басқару процесінде заемшы үшін қарыздың құнын азайту міндеттері және нарықтың заем міндеттемелерімен артық толтырылуына және олардың бағамының күрт ауытқуына жол бермеу міндеттері шешіледі.

Мемлекеттік қарызды басқару әдістеріне: қайта қаржыландыру, конверсия, біріктіру, бір жүйеге келтіру (унификация), облигацияларды айырбастау, займды өтеуді кейінге қалдыру, мемлекеттік қарыздан бас тарту (күшін жою) әдістері кіреді.

· Қайта қаржыландыру – жаңа займ шығару есебінен берешектерді жою.

· Конверсия– табыстылығы бойынша бұрын шығарылған займдардың азаю, сол сияқты ұлғаю жағына қарай, талаптарының өзгеруі. Бірінші жағдайда үкімет қарыз бойынша маңызды шығыстар жағдайында қатысады, екінші жағдайда – инфляция жағдайында немесе займ облигацияларын сатып алуға халықтың қызығушылығын күшейту мақсатында қатысады.

· Біріктіру – оларды ұзарту немесе қысқарту арқылы – бастапқы займдарды мерзімдері бойынша өзгерту.

· Бір жүйеге келтіру – бірнеше займдарды біреуіне біріктіру.

· Регрессиялық арақатынасы бойынша облигацияларды айырбастау – ұлттық ақша бірлігін дефляциялау жағдайында жүргізіледі.

· Займдар өтеуді кейінге қалдыру – үкімет кірістерді төлеу мен займдарды өтеу мерзімдерін неғұлым кешірек (кейінгі) мерзімдерге ауыстыру туралы хабарлау кезде, мемлекеттік берешек көлемі маңызды болған жағдайда қолданылады.

· Мемлекеттік қарызды өтеуден бас тарту – елде саяси режим ауысқан кезде және олардың заңсыз бөлу себептері бойынша бұрынғы міндеттемелерін орындауда жаңа үкіметті танымдау кезінде болады.

Мемлекеттік қарызды басқарудың аталған әдістері, әртүрлі үйлесімде бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Мемлекет, экономиканы басқарудағы өзінің функцияларын орындай отырып, қарыз көлемін азайту үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді іске қосады. Бұл процесс мемлекеттік қарызды басқару болып аталады. Тиімді қарыз алу, мемлекеттік несиеге қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру, елдің төлем балансының проблемалары, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, инфляция қарқыны – жиынтық түрде әрбір елде басқару объектілерін басты айқындаушылары болып қатысады. Қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамау үкіметке деген сенімді төмендетеді. Демек, мемлекеттік қарызға қызмет көрсету – бұл белгілі бір кезеңдегі мемлекеттік қарыз бойынша қарыздың, пайыздардың, комиссиялық айыппұлдардың негізгі сомаларын жиынтық төлеуге қабілеттілік.

Әрбір ел заңнамалық түрде мемлекеттік қарыз лимитін төлейді. Мысал үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыз лимиті, мерзімінде өтелмеген барлық займдарды қоса алғанда, республика үкіметінің заем капиталының ішкі және сыртқы нарықтарынан алынатын, белгіленген соманы білдіреді. Бұл сома жыл сайын республикалық бюджетте бекітіледі және қаржы жылының соңында ол қарыз одан асып кетпеуі тиіс. Лимиттен мемлекеттік қарыз сомасы асып кеткен жағдайда мемлекетті басқару мен экономика саласындағы келеңсіз факторлардың көптігі туралы айтуға болады. Сыртқы мемлекеттік қарыздың болуы жағдайында әлемдік тәжірибеде, әрбір мемлекет өзі үшін белгілейтін және қаржы міндеттемелерінің көлемін реттейтін, қарыздың шекарасы қолданылады. Қарызға қызмет көрсету 25%-дан жоғары болған жағдайда, берешек ел үшін кредиторлар мен әлемдік қауымдастық алдындағы жағдайы қиындай түсетін болады. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын займдардың көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің таза алтынвалюта резервтерінің 50%-ынан асып кетпеуі тиіс және бұл мемлекеттік қарыздың шекарасы болып саналады.

Сыртқы мемлекеттік қарыз:

1. мемлекет кепілдік берген сыртқы қарызға;

2. мемлекет кепілдік берген (мемлекеттік емес) сыртқы қарызға бөлінеді.

Мемлекеттік қарыздың өсуі макроэкономикалық тұрақсыздықпен байланысты. Шетел капиталы мен валюта резервтерін тарту осы қаржы көздерін тиімді пайдалануды, өзінің қарыздарын пайыздармен қайтара білуді талап етеді. Үкіметтің келісілмеген іс-қимылдары қаржы, валюта, инвестициялық саясат аясындағы мемлекеттік заңдардың бұзылуы, экспорт пен импорт арақатынасының дұрыс еместігі жағдайында ел экономикасындағы баланстың бұзылуы, экономикалық өсудің тұрақты көздерін жоғалту болады, ақыр соңында осылардың барлығы сыртқы қарыз алуға және мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі.

Экономика мен мемлекетті басқарудың қазіргі кезеңі Қазақстан үкіметінен осы тұрғыда тиімді шешімдер қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап ұлттық займдар шығарыла бастады. Бастапқы бетте бұл, ұйымдар мен кәсіпорындар арасында орналастырылған, Мемлекеттік ішкі займ болды. 20 жыл мерзімге есептелген, 1982 жылғы одақтық займ міндеттемелері бойынша жауап беретін, ҚР Мемлекеттік ішкі ұтыс займдары бондар шығарылған болатын. 1996 жылдан, табыстылық нормасы өзгермелі материалсызданған формадағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ (сақтық) облигациялары шығарылады. Қағазсыз формада коммерциялық банктердің, кәсіпорындардың, фирмалардың арасында орналастырылатын 3,6,9,12 айлар мерзімдеріндегі Мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелер шығару бюджет тапшылығын жабу үшін мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру кезіндегі ақша ресурстарындағы мемлекеттің қажеттіліктерімен байланысты. Мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелер, номинал құнына ие бола отырып, инвесторға кіріс әкелетін дисконтталған құн бойынша аукцион саудаластықтарында сатылады. Қазақстанның Мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелері бюджеттің «кассалық айырмашылықтарын» жабу құралы болып саналады, мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелер шығара отырып, үкімет қаржы көздерін іздеуде, сол сияқты нарықтық экономика жағдайында ішкі қаржы нарығын дамытудағы тактикалық міндеттерді шешеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару кезінде дисконттың көлемі, баға, белгіленген құны бойынша мемлекеттік акцияларды өтеу, айналу мерзімдері, саудаластықтар өткізу тәртібі, қаржы нарығы үшін ережелер мен нормативтер әзірлеу арқылы объективті шешімдер қабылдау маңызды элементтер болып қатысады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 374; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты