Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен алған кірісті бөлу




Жеке кәсіпкерлік ұғымы жеке кәсіпкерлік туралы Заңда тұжырымдалған. Жеке кәсіпкерліктің түрі ретінде, азаматтардың өзінің меншігіне негізделген және азаматтардың атынан олардың тәуекелге барып, өздері мүліктік жауапкершілік көтере отырып, табыс табуға бағытталған азаматтардың бастамашылық қызметі кәсіпкерлік қызмет болып түсіндіріледі. Аталған анықтама азамат ретінде, сол сияқты заңды тұлғалар ретінде кәсіпкерлік қызметті қамтитын, кәсіпкерліктің шығу негізіне сәйкес келеді. Осылайша, жеке кәсіпкерлік қызмет келесі белгілердің жиынтығымен сипатталады:

а) ол бастамашылық қызметті білдіреді;

б) табыс табуға бағытталған;

в) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, азаматтардың өзінің меншігіне негізделген;

г) өздерінің тәукелі мен өздерінің мүліктік жауапкершілігімен азаматтар атынан жүзеге асырылады.

Келесі талаптардың біріне жауап беретін жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) тұрақты негізде жалданбалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланады; Қазақстан Республикасының заң актілерімен жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асатын мөлшерде, салық заңдарына сәйкес есептелген кәсіпкерлік қызметтен алған жиынтық жылдық табысқа ие.

Жеке кәсіпкерлік бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттеледі, солардың ішінде мына заңдардың неғұрлым маңызы зор: Азаматтық кодекс, жеке кәсіпкерлік туралы Заң, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң, Шаруа (фермелік) қожалықтары туралы Заң, ҚР Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке еркіндік құқықтарын қорғау туралы» Жарлығы.

Жеке кәсіпкерлік туралы Заңға сәйкес: жеке және бірлескен қызмет, жеке кәсіпкерлік түрлері болып саналады.

Жеке кәсіпкерлікті бір азамат дербес жүзеге асырады. бірлескен кәсіпкерлік заңды тұлға болып құрылусыз, азаматтар тобы жүзеге асырады. бірлескен кәсіпкерлік формалары болып мыналар саналады:

а) бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын, ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

б) шаруа (фермерлік) шаруашылықтарының бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын жайға бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын, отбасылық кәсіпкерлік;

в) кәсіпкерлік қызмет ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын, жай серіктестік.

Жеке кәсіпкерлік, негізінен, мемлекет ерекше қолдау көрсететін шағын кәсіпкерлікке жатады. Шағын кәсіпкерліктің өлшемдері (критерийлері) заңмен айқындалған және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірқатар жеңілдіктер белгіленген.

Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады және өз атынан құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. Бірлескен жеке кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер, бірлескен кәсіпкерлікке қатынасушылардың барлығының атынан жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік меншік құқында азаматтарға жататын мүлік негізінде және соның есебінен немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға немесе оған иелік етуге рұқсат ететін өзге құқықтар негізінде жүзеге асырылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 221; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты