Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сақтандырудың классификациясы




Сақтандыру – экономикалық жүйе қатынастары ретінде әр түрлі сақтандыру жауапкершілігіне байланысты субъектілер мен объектілерді қамтиды және әр түрлі формадағы қызмет көрсететін мекемелердің заң нормалары мен құқықтарын анықтау үшін қажет. Сақтандыру классификациясы экономикалық қатынастардың түрлеріне байланысты оларды реттеп бір жүйеге келтіру үшін қажет.

Сақтандыру классификациясы өзіне бір – біріне тәуелді, өзара байланысқан сақтандыру қатынастарды жатқыздырады. Ең кеңінен тарағаны ол – объект бойынша сақтандыру классификациясы болып табылады. Ол сақтандырудың салаларға байланысты бөлінуін және сақтандырудың түрлерін қамтиды. Объектілердің сипаттамасына байланысты нарықтық экономикада сақтандырудың төрт түрі белгіленген: мүліктік сақтандыру, жеке бас, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру.

Мүліктік сақтандыру дегеніміз – сақтандыру объектісі болып әр түрдегі мүлік табылады. Оның экономикалық мазмұны – сақтандыру оқиғасы нәтижесінде пайда болған зиянды өтеу.

Жеке басты сақтандыру дегеніміз ол – сақтандыру объектісі болып өмір, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік табылады.

Жауапкершілікті сақтандыру ол – сақтандыру объктісі басқа үшінші тұлға алдындағы жауапкершілік болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыру арқылы зиян тигізген адамдардың экономикалық қызығушылығын қорғау жүзеге асады.

Сақтандырудың салалық сипаттамасы – сақтандыру жұмысының жалпы бағалау міндеттерін шешеді.

Мүліктік сақтандыруды бөлген кезде сақтандырудың формасы мен сақтанушылардың категориялары ескеріледі. Осы белгі бойынша келесі мүліктік сақтандырудың қосалқы салалары белгіленген: заңды тұлғалардың мүлкін сақтандыру (мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік және т.б.) және қоғамның мүлкін сақтандыру.

Жеке басты сақтандыру сақтандыру жауапкершілігінің көлеміне байланысты қосалқы салаларға бөлінетін сақтандыру мерзімі: өмірді сақтандыру, кенеттен болған жағымсыз оқиғадан сақтандыру.

Жауапкершілікті сақтандыру келесі тармақшаларды қамтиды: берешекті сақтандыру және зиянды өтеу оқиғаларын сақтандыру немесе азаматтық жауапкершілікті сақтандыру.

Кәсіпкерлік тәуекелділігін сақтандыру екіге бөлінеді: тікелей тәуеклділікті сақтандыру және жанама шығындарды сақтандыру. Тікелей шығындарға: табысты толық алмағандықтан пайда болатын шығындар, шикізаттарды дер кезінде жеткізбеуіне байланысты құрал – жабдықтардың тұрып қалуы және т.б. Жанама - мекеменің банкротқа ұшырауына байланысты сақтандыру.

Мүліктік сақтандырудың түрлері: құрылысты сақтандыру, негізгі және айналымды қорларды сақтандыру, үй мүлігін және транспорттық құралдарды сақтандыру.

Жеке сақтандыру түрлері: өмірді сақтандыру, қосымша зейнетақыны сақтандыру, некелік сақтандыру, әскери адамдардың сақтануы және т.б.

Жауапкершілікті сақтандыру түрлері: қарыз беруші және несие беруші алдындағы жауапкершілікті, транспорттық құрал иелерінің азаматтық жауапкершілігін, адам тасымалдаушылардың жауапкершілігн сақтандыру.

Кәсіпкерлік тәуекелділігін сақтандыру түрлері: коммерциялық тәуекелділікті сақтандыру, валюталық тәуекелділікті сақтандыру, биржалық қатынастарды сақтандыру.

Сақтандыру классификациясы өзара иерархиялық байланысқан 4 түрге бөлінеді:

1. Құрылыс, құрал – жабдық, тауар сияқты объектілерді өрттен, табиғи апаттардан сақтандыру.

2. Ауыл шаруашылық объектілерді құрғақшылық пен табиғи апаттардан сақтандыру.

3. Жануарларды сақтандыру.

4. Көлік құралдарын авариялардан мен т.б. қауіпті жағдайлардан сақтандыру.

Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңында классификация белгіленген. Бұл классификация сала, класс және түрлерге байланысты сақтандыруды бөледі. "Өмірді сақтандыру" саласы келесі кластарға бөлінеді:

1. Өмірді сақтандыру.

2. Аннуитеттік сақтандыру.

"Жалпы сақтандыру" саласы келесі класстардан құралады:

1. төтенше жағдайлардан мен аурулардан сақтандыру

2. Медициналық сақтандыру

3. Автомобиль көлігін сақтандыру

4. Темір жол көліктерін сақтандыру

5. Әуе көліктерін сақтандыру

6. Су көліктерін сақтандыру

7. Жүкті сақтандыру

8. Мүлікті сақтандыру

9. Кәсіпкерлік тәуекелдіктерді сақтандыру

10. Автомобиль көліктерін иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру

11. Темір жол көлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру

12. Әуе көлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру

13. Су көлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру

14. Тасушылардың азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру

15. Келісімшарт бойынша азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

16. Келтірілген қауіп – қатер үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Әрбір сақтандыру компания жаңа өнімдерді немесе өзара араласқан өнімдерді шығара алады. Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі" Заңына сай әрбір сақтандыру компания мұндай құқыққа ие.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 354; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты