Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары




Басқа нарықтардың (өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, тауарлар мен қызметтер көрсетулер нарығы және т.б.) құрамында нарықтық экономиканың базалық элементі болып саналатын қаржы нарығы, экономикалық қатынастар жүйесінде жетекші орын алады.

Қаржы нарығы – ақша және өзге қаржы активтері, нақты тауарлардың айналымына қатыссыз дербес айналатын, төтенше күрделі жүйе. Бұл нарық алуан түрлі қаржы құралдарымен операциялар жасайды, өзіндік қаржы институттарымен қызмет көрсетеді, тарамдалған және алуантүрлі инфрақұрылымдарға ие.

Қазақстанның экономикалық әдебиеттерінде қаржы нарығы, әртүрлі формалардағы ақша капиталы мен бағалы қағаздар қозғалысымен байланысты, экономикалық қатынастар ретінде түсіндіріледі.

Ресей ғалымдарының пікірі бойынша, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде делдалдардың көмегі жағдайында кредиторлар мен заемшылар арасындағы капиталды қайта бөлу тетігі.

Шетел экономистері қаржы нарығына – ақша айырбасы, капиталды жұмылдыру және несие беру жүзеге асатын, нарық ретінде анықтама береді. Мұнан өзге, қаржы нарығы түсінігіне анықтама беру кезінде, бірінші кезекте ақша айырбастау, капиталды жұмылдыру және несие беру жөніндегі нарықтық қатынастар атап өтіледі.

Осылайша, отандық және шетел экономист ғалымдарының көзқарастарын талдау көрсетіп отырғандай, қаржы жүйесін кең ауқымда, демек, ақша, несие, валюта нарықтарын, капиталдар нарығын, бағалы қағаздар нарығын қоса алғанда, қаржыларды ерекше кең шеңберде түсіндіру арқылы ғана қаржы нарығын зерттеу мүмкін болады.

Заңнамада қаржы нарығында жеткілікті түрде жан-жақты анықтама берілген. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңының (шілде 2003 жыл) 1-бабына сәйкес, «қаржылық қызмет көрсетумен және тұтынумен, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен және оның айналуымен байланысты қатынастардың жиынтығы» қаржы нарығы болып түсіндіріледі.

Қаржы нарығының маңызы уақытша жұмсалмай жатқан бос капиталды жұмылдыру мен елдің экономикалық өсуін ұстап тұруды қамтамасыз етуден көрінеді.

Қаржы нарығының жұмыс істеуі, әміршілдік-әкімшілік экономикаға тән «вертикал» (сатылас) тәсілдердің орнына «горизонталь» (деңгейлес) бойынша ресурстарды қайта бөлу мүмкіндігін береді. Горизонталь қозғалыс жағдайында шаруашылық субъектілері арасында қаржы ресурстарын өтеулі қайта бөлу түрінде тікелей байланыстар қолданылады. Бұл, оларды пайдаланудың көбірек тиімді болу принципі негізінде, оған деген көбірек қажеттілікті сезініп отырған салалар мен объектілерге жедел қаражаттар аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және тұтастай экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Осылайша, қаржы нарығы, келесідей бірқатар себептер бойынша экономикада шешуші рөл атқарады:

- біріншіден, соның арқасында ақша қаражаттарын өндіріске инвестициялау мүмкіндігі ашылады, бұл елдің өндірістік қуатын арттыруға, ресурстық әлеует жинақтауға мүмкіндік береді;

- екіншіден, қаржы нарығының көмегімен, инвесторларға аса жоғары пайда табуды қамтамасыз ететін, кәсіпорындардың және салалардың дамуы жеңілдейді;

- үшіншіден, қаржы нарықтарында жүзеге асырылатын капиталдардың құйылуы, ғылыми техникалық прогрестің жеделдеуіне оң ықпал етеді.

Қаржы нарығының негізгі функциясы – ақша қаражаттарының, оның иелерінен оны пайдаланушыларға қозғалысында делдалдық жасау болып табылады.

Мұнан өзге, қаржы нарығының функцияларына келесілерді жатқызуға болады:

- қаржы нарығы, алуан түрлі қаржы көздерінен, уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша капиталын жұмылдырады;

- көптеген түпкі тұтынушылар арасындағы жұмылдырылған уақытша жұмсалмай жатқан капиталды тиімді етіп бөледі;

- капиталды инвестициялық салада пайдаланудың неғұрлым тиімді бағыттарын айқындайды;

- сұраныс пен ұсыныс арасында қалыптасқан арақатынасты объективті түрде көрсететін, жекелеген қаржы құралдары мен көрсетілетін қызметтерге нарықтық баға қалыптастырады;

- қаржы құралдарын сатушы мен сатып алушылар арасында білікті делдалдықты жүзеге асырады;

- қаржы тәуекелдерін барынша азайту жағдайын қалыптастырады;

- капиталдың айналымын жылдамдатады, яғни экономикалық процестердің белсенділігін арттыруға оң ықпал етеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 145; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.048 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты