Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары




Осы заманғы мемлекет, маңызды көлемде қаржы талап ететін, бірақ та оның негізгі бөлігі тауар айналымымен байланысты емес алуан түрлі функцияларды орындайды. Бұл – халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар, денсаулыққа, мәдени-ақпараттық мақсаттарға, білімге, басқаруға, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар. Сондықтан экономика жағдайында осындай шығыстарды көбейту оның өзін-өзі дамытуына көмектесуі мүмкін, өйткені ол олардың өндіруді көбейту мен ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімдерге, қызмет көрсетулер мен тауарларға қосымша төлем қабілетті сұраныс туғызады.

Тұралаған экономикада осындай іс-шараларды қаржыландыру үшін салық түсімдерінің, сондай-ақ займдар жолымен жұмылдырылуы мүмкін, халықтың және шаруашылық субъектілерінің уақытша жұмсалмай жатқан қаражаттарының жеткіліксіздігі сезіледі. Мұндай жағдайда қосымша ақша эмиссиясы, шығыстарды жабудың бірден-бір көзі болып саналады. Өндірістік емес салаларды қаржыландыру міндеттерінен өзге, мемлекет, дағдарыс жағдайларында бірінші қажетті тауарларға қатысты бағаларды төмен ұстап тұру қажеттілігінен шығынды (залалды) болып саналатын өмірлік қызметті қамтамасыз ететін өндірістік салаларға қолдау көрсетеді. Осындай қолдау көрсету шаруашылық субъектісіне тікелей қаржы бөлу немесе шығындарды (залалдарды) өтеуге дотациялар беруден немесе осындай субъектілерге жеңілдікпен несие беру кезінде банктердің төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерінің орнын толтырудан көрінеді; сондай-ақ осы шаруашылық органының несиелеріне кепілдік беруі мүмкін.

Инфляция өндіріс саласына, халықтың басым көпшілік топтарының материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке айта қаларлықтай кері әсерін тигізеді.

Тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағалардың көтерілуінен көрінетін ақшаның сатып алу қабілетінің төмен түсуі, бағалар құрылымының өзгеруі әсіресе төмен сондай-ақ белгіленген мөлшерде табыс табатын халық топтарының материалдық жағдайын нашарлатады.

Халықтың номинал табыстарының өсуінен, бағаның көтерілуінен артта қалып қоюы, нақты кірістердің қысқаруынан болады. Кірістердің тұрақты түрде инфляциямен құнсыздануы, халықтың барған сайын жаңа топтарын кедейшілік шегіне жеткізеді. Өндірістердің қысқаруы жұмыссыздар санының көбеюі есебінен әлеуметтік жағдайдың нашарлау процесін тереңдете түседі.

Инфляция инвестицияларға ауыр соққы жасайды: ұзақ мерзімді салымдар, қаржыландыру көздерінің құнсыздануынан жүзеге аспайтын болады. Оны жүзеге асыруға жұмсалатын алдағы шығындардың белгісіздігі жағдайында жобаның нақты құнын бағалау қиындыққа түседі. Инфляциялық тауарлар бағасының тоқтамай көтерілуі тапсырыс берушілер иелік ететін жинақтау қорларымен немесе жеке тұлғалардың жинақтарымен сәйкес келмейді. Инвестициялық белсенділік әлсірейді, бұл болашақта өндіріске қатер төндіреді, өйткені жұмыс істеп тұрған қорлар тозып, моральдық және физикалық жағынан ескіреді. Негізгі қорлар тозуының ұлғаюы өнімділіктің төмендеуіне және өнімдер шығарудың қысқаруына ұсынысты азайтуға әкеледі.

Осы процеспен параллель өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіруге тосқауыл қойылады. Аталған сала, оның өзіндік ерекшеліктерінен инфляцияның бүлдірушілік әсерін бастан кешіреді: ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелер жасау және енгізу салған қаражаттың тез арада қайтарым беруімен қоса жүрмейді және оларды қаржыландыру өзінің тиімсіздігін көрсетеді. Бұл, халықты ғылыми, техникалық және технологиялық тоқырауға әкеліп, артта қалдырып, әлеуметтік-экономикалық даму болашағынан айырады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 183; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты