Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ауа ортасының гигиеналық маңызы.




Атмосфералық ауа қоршаған ортаның маңызды құрам бөлігінің бірі болып табылады. Ауасыз адамның да және басқа да тірі ағзалардың өмір сүруі мүмкін емес. Жердегі тіршілікті сақтаудағы ауа ортасының атқаратын маңызды рөлі, алдымен, оның құрамындағы оттегімен байланысты, өттегінің арқасында ағзада аралық алмасу мен тіндік тыныс алу үрдістері жүріп отырады. Сонымен қатар, ағзамен қоршаған орта арасында жылу алмасу үрдістерін қамтамасыз етуде де ауаның мәңызы аз емес, себебі ауа, адам ағзасындағы жылу өндірілуімен және одан жылу берілуіне әсер етіп, адам ағзасының жылылық жағдайын анықтайды.

Адам ағзасы мен оның тіршілігіндегі санитарлық жағдайына атмосферадағы болып жатқан физикалық үрдістер де елеулі әсер етеді, олар басқа факторлармен әрекеттесіп жергілікті жердің ауа райы мен климатын қалыптастырады. Күн сәулесінің биологиялық нысандарды жоятын әсері бар қысқа толқынды ультракүлгін сәулелері мен ғарыштық радиация атмосфералық ауа арқылы өткенде, олардың шашырауы және сіңірілуі жүреді. Тіршілік үшін маңызды жер бетіне жететін күн радиациясының саны мен сапасы да көп жағдайларда атмосфераның жағдайына байланысты. Атмосфера, адамның, жануарлардың және өсімдіктердің зат алмасуынан пайда болған газ туріндегі өнімдері, патогенді микроағзалар, табиғи және техногенді текті химиялық және радионуклидтік ластаушылар түсіп отыратын, резервуар болып табылады. Соның нәтижесінде, ауа жұқпалы және паразиттік аурулар берілетін фактор болуы, сондай-ақ, адам денсаулығы мен тұрғындардың санитарлық-тұрмыстық жағдайына қолайсыз әсер етуі мүмкін.

Ауа массасының тез араласатын және үлкен қашықтықтарға көшетін қабілеті жергілікті ластанулардың тез таралуына және олардың жаһанданық ластануға айналуына ықпал етеді. Сонымен бірге, атмосфераның үнемі болып отыратын айналымы және басқа да сфералармен, әсіресе, мұхитпен байланысы, оның өздігінен тазаруына жоғары қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың көп бөлігі жерге түседі, өсімдіктерге сіңеді, заттардың топырақта өтетін айналымына енеді, жауындармен жуылып кетеді. Ауаның мұхитпен жанасуы нәтижесінде, мұхит атмосферадан көмірқышқыл газының, күкірт ангидридінің және басқа да қосылыстардың едәуір массаларын өзіне сіңіреді. Сондықтан, атмосфера, тек ауаға араласқан бөлшектерден, зиянды химиялық заттардан, радионуклидтерден және патогенді флорадан өздігінен тазару үрдістері жүріп отыратын табиғи орта ғана емес, сонымен қатар, ол заттармен суды және топырақты ластайтын көзі де болып табылады. Жабық бөлмелердегі ауа сапасы да атмосфералық ауаның сапасымен анықталады.

2. Жер атмосферасының құрылымы. Жердің ауа қабығы бірнеше қабаттардан: тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера және магнитосферадан тұрады. Ең төменгі, жер бетіне жанасып жатқан қабаты - тропосфера, оның полюстардағы қалыңдығы теңіз деңгейінен 8-10 км, орташа ендіктерде - 10-12 км, экваторда 15-18 км. Тропосфераға физикалық параметрлерінің: температурасының, ылғалдылығының, атмосфералық қысымының, ауаның қозғалысының тұрақсыздығы тән. Ауаның орташа қысымы теңіз деңгейінде 101,3 кПа құрайды. Жоғарыға көтерілгенде ауаның қысымы мен тығыздығы азаяды. Ауаның температурасы жер үсті қабатында топырақтың күн сәулесінен қызуына байланысты жоғарылау болады, биіктеген сайын төмендейді: әрбір 100 м-ге биіктегенде, 065º С төмендеп отырады.

Тропосферада үнемі ауа массаларының әр түрлі бағыттарда көшуі жүріп отырады, бұл әр түрлі ауа райы жағдайларының қалыптасуына ықпал етеді. Негізгі массасы атмосфераның жерге жақын қабатында жиналған су буларының конденсациялануы бұлттардың түзілуіне және жауын-шашындарға әкеп соғады.

Тропосфераның табиғи химиялық құрамы салыстырмалы түрде тұрақты, оған азот, оттегі, көмір қышқыл газы (99% дейін), сонымен қатар, инертті газдар, озон, су булары және т.б. (1% дейін) кіреді. Сонымен бірге, тропосферада адамның шаруашылық-тұрмыстық іс әрекеті нәтижесінде және табиғи көздерден түсетін ластаушы заттар да (шаң, күйе, әр түрлі улы қосылыстар, радионуклидтер, парниктік газдар) кездеседі. Соңғы жылдары парниктік газдарының ішіндегі негізгісі болып табылатын көмір қышқыл газының мөлшерінің көбеюі байқалып отыр. Ауаның жерге жақын қабатынының температурасының біртіндеп жоғарылауын (жылына 0,01ºС) осыған байланысты деп санайды.

Тропосферадан кейінгі келесі қабаты стратосфера болып табылады, олардың арасы жіңішке өтпелі зонамен бөлінген. Стратосфера 50-60 км биіктікке дейін жетеді. Төменгі қабаттарында температура минус 60º С құрайды, ал жоғарғы шекарасында - плюс 10ºС дейін жоғарылайды. Стратосферада ауа сиретілген, су булары жоқ дерліктей, бұлттар жоқ, ауа ағымы негізінен горизонтальды бағытта таралады. Осыған байланысты, стратосфераға өткен ластаушы заттар, мысалы, ядролық жарылыс кезіндегі пайда болған радионуклидтер, авиацияның және ғарыштық зымырандардың отындары жанған кездегі өнімдері, фреондар және т.б. ұзақ уақыт, бірнеше жылдарға дейін стратосферада болып, төмен түспейді және ауа ағыны арқылы үлкен қашықтықтарға таралады, бұл планетаның жаһандық ластануына әкеледі.

Стратосферада жүретін негізгі химиялық реакциялардың біріне күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін сәулесінің және ғарыштық сәулеленудің молекулярлы оттегімен өзәра әрекеттесуі нәтижесінде озонның пайда болуы жатады. Озонның негізгі массасы 16- дан 32 км дейінгі қабатта жиналған, ал ең жоғарғы концентрациясы шамамен 25 км биіктікте байқалады. Озон, биологиялық нысандарды зақымдайтын қысқа толқынды сәулеленуді жерге жібермей, қорғайтын экран ретінде қызмет атқарады.

Стратосферадан жоғары мезосфера (жоғарғы шекарасы - 80 км дейін), ионосфера (жоғарғы шекарасы 500-1000 км –ге дейін), экзосфера (жоғарғы шекарасы - 3000 км -ге дейін) және магнитосфера (жоғарғы шекарасы – 50000 км ге дейін) орналасады. Мезосферада атмосфера массасының 5% жуық мөлшері бар, озон мөлшері көп емес, температурасы, стратосфераға қарағанда, едәуір төмен - 70ºС жуық. Ионосферада ауа өте күшті иондалған, ал температура биіктеген сайын тез жоғарлап, 900-1500ºC жетеді. Экзосферада ауа өте сиретелген және тығыздығы бойынша ауасыз ғарыш кеңістігіндегі тығыздығына жақын. Ең жоғары сиретелген ауа - магнитосферада. Магнитосфераның болуы Жердің магниттік өрісінің болуымен байланысты. Жердің магниттік өрісі 2 құрамдас бөліктен: жердің сұйық ядросындағы иондалған массаның қозғалысының салдарынан пайда болатын, жалпы геомагниттік өрістің 94% дейін құрайтын, тұрақты магниттік өрістен, сонымен бірге, күн текті және ғарыш текті корпускулярлық сәулеленулердің әсерінен пайда болатын айнымалы магниттік өрістен тұрады. Геомагниттік өріс Жерді әр түрлі ғарыштық сәулеленулерден қорғайды. Атап айтқанда, зарядталған бөлшектерден тұратын күн желінің негізгі ағыны геомагниттік өріспен өзара әсерлесіп, жерді айналып отеді де, геомагниттік өрісті ұзын магниттік «құйрыққа» алып кетеді. Бөлшектердің көп бөлігін магнитосфераның радиациялық белдеулері жердің беттіне жіберімей, ұстап қалады.

Сонымен, атмосфераның барлық қабаттары Жердегі тіршілік ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға қатысады. Адамның өмірі тропосферада өтеді, сондықтан оған осы қабаттың қасиеттері ең көп тікелей әсер етеді. Адамға әсер ететін ауа ортасының факторларына ауаның физикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамы, сондай-ақ, оны физикалық, химиялық және биологиялық ластаушылар жатады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 729; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты