Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Осылыстардың жіктелуі




I. Суда еритін дәрумендер
1.1. Басым бір қосылысты болып саналатын дәрумендер
Тиамин (В1- дәрумені ) Рибофлавин (В2- дәрумені) Пантотен қышқылы (В5- дәрумені) Биотин (Н- дәрумені) Аскорбин қышқылы (С- дәрумені)  
1.2. Құрамында бірнеше қосылыстары бар дәрумендер Жеке өкілдері
В6- дәрумені Пиридоксин Пиридоксаль Пиридоксамин
Ниацин (РР - дәрумені)   Никотин қышқылы Никотинамид
Фолацин   Фоль қышқылы Тетрагидрофоль қышқылы және оның туындылары
Кобаламин (В12 - дәрумені ) Цианкобаламин Оксикобаламин Метилкобаламин
II. Майда еритін дәрумендер
А - дәрумені Ретинол Ретинилацетат Ретиналь Ретин қышқылы
Д - дәрумені Эргокальциферол (Д2 - дәрумені) Холекальциферол (Д3 - дәрумені)
Е - дәрумені α-, β-, γ- және δ- токоферолдар α-, β-, γ- және δ- токотриенолдар
К - дәрумені 2 метил- 3 - фитил-1,4 нафтохинон дәрумен К1; филлохинон менахиноны (дәрумен К2); 2 – метил - 1,4 нафтохинон (менадион, дәрумен К2)
III. Дәрумен тәрізді қосылыстар
Холин Инозит Линоль қышқылы Орот қышқылы Карнитин Бифлавоноидтар Метилметионинсульфоний (дәрумен U) Пангам қышқылы (В15-дәрумені) Парааминобензой қышқылы
     

 

Қандай болса да бір дәруменнің жетіспеушілігімен қатар, полигиподәрумендіктер жиі кездеседі, бұл жағдайда дәрумендердің біреуінің жетіспеушілігі басым болғанымен, басқалары – қосыла жүреді. Гипо- және адәрумендіктердің негізгі себебі – дәрумендердің тағаммен жеткіліксіз түсуі, бұл жағдайда дамитын гипо- және адәрумендіктер біріншілік немесе экзогенді деп аталады. Алайда, дәрумендердің жетіспеушілігі, олардың мөлшері тағамда жеткілікті кезде, (бірақ ағзаға сіңуі) бұзылуына немесе қажеттілігі шұғыл өсуіне байланысты да байқалуы мүмкін, яғни екіншілік немесе экзогенді гиподәрумендіктер дамиды. Зат алмасуының және дәрумендердің қызметінің туа біткен генетикалық себептермен байланысты бұзылуынан да болуы мүмкін.

Дәрумендердің ағзаға үлкен дозада түсуі, гипердәрумендіктер дамуына әкеп соғуы мүмкін. Олар балаларды емдеу практикасында А және Д дәрумендерінің артық дозасымен немесе құрамында осы дәрумендердің мөлшері өте жоғары азықтарды қабылдаумен жиі байланысты. Арнайы мақсатқа арналған осы дәрумендердің концентрациясы жоғары препараттарын қабылдау кезінде, кездейсоқ уланулар болуы мүмкін, мысалы, жануарлар мен құстардың жеміне микроқоспа ретіндегі препараттарды. Суық тиюдің және тұмаудың алдын алу үшін С дәруменінің синтетикалық препаратын (тәулігіне 1 г. артық) көп мөлшерде қабылдау С – гипердәрумендік дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Суда еритін дәрумендер. С дәрумені. Аскорбин қышқылының ағзадағы биологиялық ролі, негізінен тотығу-тотықсыздандыру әсерімен байланысты. Күшті тотықсыздандырғыш бола тұра және қайтымды тотығып және жеңіл тотықсызданып, аскорбин қышқылы және оның тотыққан түрі – дегидроаскорбин қышқылы, жасуша ішілік тотықтыратын –тотықсыздандыратын жүйе ретінде қызмет атқарады. С дәруменінің қатысуымен фенилаланин және тирозин амин қышқылдары тотығады, сондай-ақ дезоксирибонуклеин қышқылының пайда болуы ынталандырылады. С дәрумені қылтамырлардың қабырғасын қалыпты жағдайында ұстап тұруда және олардың созылғыштығын сақтауда маңызды роль атқарады, себебі, ол проколлагеннің коллагенге айналуын ынталандырады.

Аскорбин қышқылы антиденелер өндірілуіне жағдай жасайды, протеолитикалық ферменттердің әсерін белсенді етеді, бұл лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады. Сөйтіп, инфекцияларға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне ағзаның қарсылығы жоғарылауын қамтамасыз етеді.

Аскорбин қышқылы, бүйрек үсті бездерінің стероидтық гормондарының синтезімен алмасуына және тироксиннің алмасуына тікелей қатысады, сондай-ақ фоль қышқылының фолин қышқылына ферменттік айналуына да қатысады. Холестерин алмасуын реттеп, аскорбин қышқылы атеросклероз дамуын тежейді.

С дәруменінің ағзаға жеткіліксіз түсуі кезінде, жалпы әлсіздік, тез қажу, ұйқышылдық байқалады, содан соң қызыл иектің қанауы, терінің құрғақтануы, гиперкератоз, теріде нүктелік қан құйылулар қосылады. Ауыр жетіспеушілігі С – дәрумендік – қырқұлақ (цинга, скорбут) дамуына әкеп соғады. Бұл патология айқын геморрагиялық көріністермен, сүйек тіндерінің, дентиннің жасалуы бұзылуымен инфекцияға ағзаның қарсылығының шұғыл төмендеуімен сипатталады.

С дәруменінің ағзаға қажеттілігі тәулігіне: емшек еметін жастағы балаларға – 30-40 мг; 11-17 жастағыларға – 70 мг, үлкен адамдарға – 70 -100 мг (8.2.,8.3. - кестелер). С дәруменінің негізгі көздері- өсімдік текті азық-түліктер – көкөністер, жемістер, жидектер, картоп, орам жапырақ (8.10.- кесте). Жануар текті тағамда: бауыр, жүрек, тіл және қымыздан басқаларында аскорбин қышқылының мөлшері өте аз. С дәрумені итмұрында (1000 мг% дейін), қара қарақатта (300 мг% дейін) жасыл бұрышта және әшкөкте (петрушкада) (150-250 мг%) көп, бірақ қыс уақыттарында оны ағзаға жеткізіп отыратындар -картоп (10-20 мг%) және орам жапырақ (24-45 мг%). С дәрумені тұрақсыз тағам дайындау, қыздыру кезінде азықтарды сақтау, көкөністерді тазалау, күн сәулесінің әсері, металдармен жанасқан кездерде жеңіл жойылады, бірақ қышқыл ортада және мұз қатырған кезде жеткілікті дәрежеде тұрақты. Сондықтан, көкөністер мен жемістерді кесілген түрінде немесе суда, металл ыдыстарда ұстауға болмайды. Салаттарды сірке қышқылымен қышқылдаған жөн, ал көкөністерді қайнап тұрған суға салып, пісірген дұрыс.

Кесте


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты