Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Күн тәртібі мен оқу–тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.




6.1 Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің дамуы және оларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың әр түрлі әрекет түрлерін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады. Өскен сайын ол әрекеттердің мазмұны, күрделілігі, әр түрлілігі және ұзақтығы кеңейеді. Кез келген жұмысты орындау барысында, заңды түрде, субьективті шаршау сезімімен, жұмысқа қабілеттілігінің және ағзаның негізгі жүйелерінің функционалдық белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын, уақытша қайтымды үрдіс – қажу дамиды. И.М. Сеченов пен И.П. Павлов пікірі бойынша, қажу – жұмыс істеп тұрған мүшелерден импульстардың үздіксіз түсуінен, ми қыртысы жасушаларының функционалдық әлсіреуіне байланысты. Қазіргі көзқарастар бойынша, қажудың дамуы жүйке орталықтарының функционалдық өзгерістеріне де және қыртыс пен қыртыс астылық бөлімдер арасындағы өзара әрекет етуінің бұзылыстарына да, сондай–ақ, шеткі мүшелердің, мысалы, шамадан артық жүктемені орындағандағы, көлденең жолақты бұлшықеттің, біріншілік функционалдық әлсіреуіне де байланысты болуы мүмкін. Қажудан пайда болатын, ағзаның функционалдық жағдайындағы өзгерістер ұйқыдан және жеткілікті демалудан кейін тез қалпына келеді.

Бірақ, жүктеменің көп болуы, жеткіліксіз демалу, адамда қандай да бір аурудың болуы кезінде, қажудан пайда болған өзгерістер қалпына келу кезеңінде коменсацияланбай, жиналады да, зорығуға әкеледі. Зорығу, қажумен салыстарғанда, жүйкелік–психикалық және вегетативтік бұзылыстармен, ағзаның резистенттілігімен жұмыс қабілеттілігінің айқын және ұзақ төмендеуімен сипатталатын, физиологиялық емес, патологиялық үрдіс.

Зорығу әдеттегі демалу немесе ұйқыдан кейін қалпына келмейді, оны жою үшін тиісті емдеу жүргізу қажет болады. Сондықтан, зорығу дамуының алдын алу шараларының маңызы өте зор. Аурулардың, сонымен қатар, қажу мен зорығудың алдын алу шаралары жүйесінде балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі жетекші рөл атқарады.

Күн тәртібі деп, негізгі тіршілік үрдістеріне: ұйқы, тамақ қабылдау, әр түрлі іс–әрекеттерге тәулік ішінде бөлінген уақытты және олардың ұзақтығы мен мазмұнын түсінеді. Үнемі күн тәртібін сақтау, ағзаның осы тәртіптегі тіршілік ету бағдарламасын іске асыратын, шартты рефлекстер жүйесінің, яғни, динамикалық стереотиптің, пайда болуына және бекітілуіне әкеледі. Атап айтқанда, тағам қабылдау, ұйқы, жұмысқа кірісу және тағы басқаларға бөлінген уақытқа шартты рефлекстер қалыптасады, олар белгілі кезектілік пен осы уақыт аралығындағы физиологиялық үрдістердің жүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, ағзаны орындалатын іс–әрекетке алдын ала дайындайды. Сондай–ақ, күн тәртібінің жеке сәттерінің жүйелілігі мен олардың кезектесіп келуіне де шартты рефлекстер қалыптасады, соған байланысты алдыңғы іс–әрекет келесіге шартты тітіркендіргіш болады. Осылайша динамикалық стереотиптің түзілуі барлық мүшелер мен жүйелердің үнемділеу қызмет атқаруын қамтамасыз етеді және қажудың да алдын алады, себебі ағза, күн тәртібіне сәйкес қалыптасқан жұмыс жүйесі ретінде, жұмыс істейді. Қалыптасқан динамикалық стереотиптің арқасында бала жылдам және жеңіл, қыңырлықсыз ұйықтайды, белгілі уақытта тәбетпен тамақтанады, әр түрлі іс–әрекеттерге оңай кірісіп кетеді, кез-келген тапсырманы орындағанда аз қажиды, уақытын дұрыс және тиімді пайдалануды үйренеді. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, сонымен қатар, оңтайлы дене дамуы мен жүйке–психикалық жетілу үшін, қалыпты эмоционалдық күйді, мінез– құлықтық статусты сақтау үшін, оқу мен шығармашылық қызметке қызығушылықты дамыту үшін қажетті жағдай болып табылады. Қалыптасқан стереотиптің алмасуы, мысалы, балалардың үй жағдайынан мектепке дейінгі мекемелер жағдайына өтуі, белгілі бір уақытты қажет етеді және жиі жүйке бұзылыстарын туғызады. Балалар неғұрлым жас болган сайын, олар үйреншікті тәртіптің өзгеруіне соғұрлым сезімтал болады. Бұл дамып келе жатқан мидың салыстырмалы түрде төмен функционалдық мүмкіншіліктерімен түсіндіріледі, себебі дамып келе жатқан миға жүйке үрдістерінің тепе-теңдікте болмауы және жылдамдығы аз болуы, белсенді ішкі тежелу үрдісістерінің салыстырмалы түрде әлсіз кезінде, иррадиациялануға бейім қозудың басым болуы тән.

Соның нәтижесінде, бұрын қалыптасқан шартты рефлекстердің тежелуі қиын, ал жаңа рефлекстердің қалыптасуы баяу жүреді. Сондықтан, күн тәртібін құрастыруда келесі қағидаларға сүйенеді:

1. Күн тәртібі ағзаның биологиялық ырғағын ескере отырып құрастырылуы керек.

2. Күн тәртібінің мазмұны мен тәуліктік уақыт бюджеті, балалар ағзасының жасына байланысты ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеруі қажет, жұмысқа қабілеттіліктерінің рұқсат етілген шегінен асырмауы және демалу кезінде мүшелер мен жүйелердің толық қалпына келуін қамтамасыз етуі тиіс.

3. Іс–әрекет түрлерінің кезектесуі, әрбір келесі іс–әрекеттің түрі, алдыңғы іс–әрекет түрінен туындаған қажуды жоятындай болуы керек.

4. Күн тәртіптерінің ауысып отыруы жиі болмау керек.

5. Жаңа күн тәртібіне көшу біртіндеп жүргізілуі қажет.

Күн тәртібіне келесі негізгі компоненттер кіреді: ұйқы, тамақтану, таза ауада болу, оқу, өз қалауы бойынша ойын және демалу, жеке бастың гигиенасы. Осы компоненттердің ішіндегі әрқайсысының ұзақтығы мен мазмұны, сондай–ақ, олардың бала ағзасы үшін маңызы әр түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес, бұл әрбір жастағы балалардың өсуі мен дамуының ерекшеліктеріне байланысты.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 555; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты