Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.




Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде де, мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балалардың күн тәртібіндегі сияқты, жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Олардың да жоғары жүйке қызметіне бас ми қыртысы жасушаларының жеңіл әлсіреуі және қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болып қала беруі тән. Қозу иррадиациясы, бұрынғысынша концентрациядан басым, бірақ, оған қоса, баланың көңіл тоқтату қабілетін жоғарылататын теріс индукция үрдістері де дамиды. Жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігімен қатар, күн тәртібін құру кезінде ағзаның басқа да мүшелерімен жүйелерінің өсуі мен даму ерекшеліктерін ескеру қажет (1 тарауды қара), яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде жүру, жүгіру, өрмелеу, күрделі қорғану дағдыларын меңгеруге, сөйлеудің қалыптасуы мен жетілуіне, көптеген бұйымдармен және көріністермен танысуға, логикалық ойлаудың дамуына гигиеналық және қандай да бір еңбек дағдыларын бойға сіңіруге ерекше көңіл аударылуы қажет.

Мектепке дейінгі жаста күн тәртібіне келесі 6 құрамдас бөліктері кіреді (9.6.- кесте): өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б.), тамақ қабылдау, сабақтар, үзілістерді қоса, серуендер, күндізгі және түнгі ұйқы. Жасына байланысты күн тәртібі 4 топқа жіктеледі: кіші (3–4 жастағы балалар), орта (4–5 жастағы балалар), үлкен (5–6 жастағы балалар) және мектепке дайындайтын (6–7 жастағы балалар) топтарға. Күн тәртібінің құрамдас бөліктерінің құрылымы, реттілігі мен кезектесіп келуі ұқсас, бірақ ұзақтығы мен мазмұнында айырмашылық болады.

Кесте

Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).

Күн тәртібінің құрамдас бөліктері Балалардың жасы
3–4 жас 4–5 жас 5–6 кг 6–7 кг
Өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек және т.б.) 4,5 4,5
Тамақ қабылдау 1,5 1,5 1,5
Сабақтар (үзілісті қоса) 40 мин 45 мин 1–1,5
Серуендер 4–4,5
Күндізгі ұйқы 1,5
Түнгі ұйқы 10,5 10,5

 

Күн тәртібінде ұйқы бұрынғысынша маңызды орын алады. Оның жалпы ұзақтығы кіші және орта топтарда 12,5 сағаттан, ал үлкен және мектепке дайындайтынтоптарда – 12–11,5 сағаттан кем болмауы қерек. Түнгі ұйқыға жасына сәйкес 10,5 және 10 сағат бөлінеді. Күндізгі ұйқы күн тәртібінде қала береді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалар үзіліссіз сергу жағдайында 5–6 сағаттан артық бола алмайды, себебі ұзақ уақыт сергу орталық жүйке жүйесі үшін шамадан артық жүктеме болып, астенияға және невротикалық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.

Сондықтан, күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 10–12 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады. Ойын әрекеті– тәрбиелеу және оқытудағы әр–түрлі тапсырмаларды шешуде аса маңызды. Ойындарды қимылды және тыныш (рөлдік желідегі, дидактикалық, музыкалық, құрылыс материалдарымен), жеке және ұжымдық және т.б. деп бөледі. Қимылды ойындарда қимыл-қозғалыстар жетіледі және ептілік, батырлық, шыдамдылық, реакцияның жылдамдығы, баланың кеңістікте және кездойсоқ жағдайларға үйрену қабілеті дағдыланады, ағзаның өсуі мен дамуы ынталандырылады

Одан басқа, қимылды ойындар баланың сабақтан, ұйқыдан кейін жұмыс істеуге қабілетін қалпына келуіне ықпал етеді. Ойынның басқа түрлері (дидактикалық, рөлдік желідегі, музыкалық–дидактикалық және т.б.) қоршаған әлемді тануға, сезім мүшелерінің дамуына, назар аударудың, ойлаудың, сөйлеудің, танудың, есте сақтаудың, көз алдына елестету дамуына ықпалетеді, бірақ аз қозғалысты болып табылады. Сондықтан, күн бойына әр түрлі сипаттағы ойындар тиімді түрде кезектестірілуі қажет.

Қарапайым қозғалмалы ойындарды (қол ұстасып жүріп айтылатын ән мен билейтін би, доппен ойнау, жүгіру, және т.б.) оянғаннан кейін, таңертеңгі сағаттарда, сонымен қатар, статикалық әрекеті басым сабақтарға дейін және олардың арасында өткізу қажет. Спорттық сипаттағы ойындарды (жүгіру, секіру, бадминтон, теннис, шанамен, конькимен сырғанау, велосипед тебу және т.б.) серуендеу кезінде өткізген дұрыс. Қимылды эмоционалдық ойындар ұйықтау және тамақ қабылдау алдында ұсынылмайды, себебі олар, бірінші жағдайда, ұйықтауды қиындатады және терең толық ұйқыға кедергі болады, екінші жағдайда, ас қорыту бездерінің сөлін тежеп, тәбетті төмендетеді және тағамның сіңірілуі мен қорытылуын бұзады.

Ойындарға міндетті түрде ойыншықтарды (доп, шеңбер, құрылыс жиынтығы, секіртпе және т.б.) қолданады, ол қимылдарды жаттықтыруға, тапқырлыққа дағдылануға,ынталылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Ойындармен қатар, балалар ағзасының денсаулығын күшейту мен төзімділігін жоғарылату үшін таза ауада серуендеу тиімді құрал болып табылады. Күнделікті және дұрыс ұйымдастырылған, ұзақтығы 4 сағаттан кем емес серуендеу, осы жастағы балалардың қимыл белсенділігініңқажеттілігін жартылай қамтамасыз етіп, гипокинезия белгілерін төмендетеді. Сонымен бірге, таза ауа және күн радиациясы ағзаның алмасу үрдісін ынталандырып қана қоймай, көңіл-күйге де қолайлы әсер етеді. Серуендеуді күннің бірінші де, екінші де жартысында өткізу қажет. Оның құрамына тек қана жүріп серуендеу ғана емес, сонымен қатар, өз бетінше орындайтын әрекеттердің әр түрлі түрлерін:тыныш және қимылды ойындарды, дене жаттығуларын, табиғатты бақылауды, жұмыс істеуді (өсімдіктерге су құю, қардан жолды тазарту және т.б.) кіргізу қажет.

Мекептке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі – келесі жас топтарындағы оқу бағдарламаларын меңгеру үшін және мектепте оқу үшін қажетті ой жұмысын, жүйке–психикалық статусын және қарапайым білім мен дағдыларын дамыту болып табылады. Осы мақсатта ана тілі, математика, қоршаған әлеммен және табиғатпен танысу, музыка, бейнелеу іс–әрекеті, дене шынықтыру, сенсорлық қабылдауды жақсарту бойынша сабақтар жүргізіледі. Кіші және орта топтарда күніне, күннің бірінші және екінші жартысында, ұзақтығы 15–20 минуттан, 2 сабақ өткізіледі.

Үлкен топтарда сабақтың саны мен ұзақтығы ұлғаяды. Аптасына 4 рет, күніне жалпы ұзақтығы (үзілісті қоса) 1 сағат 25 минуттан, 3 сабақ өткізіледі, ал, аптаның аяқталатын күнінде, жалпы ұзақтығы 1 сағаттан, 2 сабақ өткізіледі. Дайындық тобында үлкен топтағы сабақ санына аптаның әрбір күнінде 1 сабақ қосылып отырады, ал жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа дейін (үзілісті қоса) ұзартылады. Қиын сабақтар (математика, сөйлеудің дамуы, сауаттану, табиғаттану) күн бойына жеңіл (сурет салу, құрастыру, мүсіндеу) және динамикалық (дене шынықтыру, музыка) сабақтармен кезектестірілуі қажет.

Бір күнде екі динамикалық сабақты, және дене шынықтыруды бірінші сабақта өткізу дұрыс емес, себебі дене жүктемесінен пайда болатын қажу дене шынықтырудан кейінгі қиын сабақты өткізу кезінде күшеюі мүмкін. Ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері аптаның басында төмен болып, сейсенбі және сәрсенбі күндері шыңына жетеді, ал содан кейін қайтадан төмендейді, осы деректі ескере отырып, жоғары оқу жүктемесі аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері беріледі. Балалардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы сабақты жүргізу кезінде де ескерілуі қажет.

Сабақта көрнекті құралдарды, дидактикалық ойындарды қолдану, өсімдіктерді, жануарларды және т.б. бақылау, осы үрдіс кезіндегі екі дабыл жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде, белсенді қабылдауды және материалды есте сақтауды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға үй тапсырмасы берілмейді. Жылына екі рет балаларға демалыс беріледі, онда балалар сабақтан босатылады, бірақ мектепке дейінгі мекемеге баруын жалғастырады.

Мектепке дейінгі жастағы кіші топтағы балаларды еңбекке тәрбиелеу, негізінен өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын қалыптастырудан тұрады: өз беттерімен киініп-шешіну, жуыну және тісін тазалау, ұқыпты тамақтанудан. Дегенмен, оларды одан да күрделі іс–әрекетке тарту қажет: өсімдіктерді күтуге көмектесу, дастархан дайындау, еденді сыпыру, өзінің заттарын жинау және басқаларға. Мектепке дейінгі жастағы үлкен топтағы балаларды өзінің төсегін жинауға, заттарын, ойыншықтарын жууға, аяқ-киімін тазалауға, өзінің шкафын және бөлмесін жинауға үйретеді. Сонымен қатар, олар өсімдіктер мен жануарларды күту, жерді қопсыту, көшеттерді отырғызу, суару мен шабу сияқты іс-әрекеттерді орындау мүмкін.

Саусақтардың бұлшық етінің функционалды дамуына ықпал ететін, қол еңбегі сабақтарының да – әр түрлі ұсақ–түйектерді дайындау, іс тігу, тоқу және т.б. пайдалы.Сонымен қатар, жұмыстың ұзақтығы күш жетерлік болуы керек: жеңіл шаруашылықтық-тұрмыстық жұмыстарды орындау кезінде – күніне 25–30 минутқа дейін болып, қарқынды іс–әрекеттер кезінде орта топтағы балалар үшін 7–10 минуттан және үлкен топтағы балалар үшін 15 минуттан аспау керек.

Тағам қабылдау қатал бекітілген сағаттарда жүргізілуі тиіс, себебі ол тағамдық стереотиптің қалыптасуына ықпал етеді және ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін маңызды болып табылады. Тамақты қабылдау аралығының ұзақтығы 4 сағаттан аспау керек, ал барлық тамақтарды қабылдаудың жалпы ұзақтығы – кіші топтарда 2 сағаттан, үлкен және дайындық топтарында 1,5 сағаттан аспау керек. Тамақ қабылдау уақытының ұзаруы ұзақ уақыт отыру себебінен статикалық шаршауды туғызады, және нейрогенді анорексияның дамуына ықпал етуі мүмкін.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 1008; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты