Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің қолданылуы




 

Қолдану саласы Қолданылатын жабық көздерінің түрі
Металлургия   Құрылыс индустриясы     Химия өнеркәсібі     Жеңіл өнеркәсіп   Тамақ өнеркәсібі   Геология   Медицина және биология   Ауылшаруашылық   Ғылыми зерттеулер Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген аппараттары, γ-дефектоскопияға арналған аппараттар, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер)   Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген аппараттары, γ-дефектоскопияға арналған аппараттар   Қуатты γ-қондырғылар, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер, қалыңдық өлшегіштер, электростатикалық зарядтарды жоюға арналған аспаптар) радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер, қалыңдық өлшегіштер, электростатикалық зарядтарды жоюға арналған аспаптар)   Қуатты γ-қондырғылар, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер) Нейтронды және γ-көздері, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер) Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген және γ-аппараттары, γ- и β-көздері Қуатты γ қондырғылар   Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген аппараттары, қуатты γ-қондырғылар, нейтрондық, γ- және β-көздері

 

γ–сәулелендіргіштер ретінде, көбінесе, негізінен ұнтақ түрінде немесе қатты күйінде герметикалық болат ампулаларға салынған, жасанды белсенді элементтер қолданылады. γ- сәулелендіргіштер ретінде ең жиі қолданылатын белсенді элементтер – 60Со, 127Те, 134Cs, 137Cs және басқалар.

Нейтрондық көздерін, әдетте, радийді, полонийді немесе плутонийді бериллиймен немесе бормен араластыру арқылы дайындайды (қоспа герметикалық болат ампулаларға салынады). β-көздері ретінде 32Р, 90Sr, 198Au және басқалар сияқты β- сәулесін сәулелендіретін жасанды белсенді изотоптар қолданылады.

Әр түрлі мақсатта қолданылатын иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің белсенділігі кең аралықта ауытқиды. Мысалы, қазіргі кезде, біздің елімізде де, шет елдерде де, өнеркәсіпке арналған (полимерлік материалдар алу, медицина практикасында бір рет қолданылатын заттарды стерильдеу, резеңкенің сапасын жақсарту және т.б. үшін) қуатты γ-қондырғыларды салу практикасы жүзеге асырылуда. Арналуына және қолдану жағдайына байланысты сәулелендіргіштің жалпы заряды (көбінесе, бұл қондырғыларда 60Со қолданылады) 5,5 ПБк (150000 Ки) дейін жетуі және одан да артық болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендей, халықтың қалыпты өмір сүру жағдайындағы жалпы сәулеленуге ұшырауының жиынтығында медициналық мақсатта сәулеленуге шалдығуы екінші орын (29%) алады.

Әр түрлі зерттеушілердің мәліметтері бойынша, иондаушы сәулелену көздерін қолданумен жүргізілетін медициналық тексерулер мен емдеу кезінде, халықтың алатын дозаларының деңгейі, жылына 0,4 мЗв-ден 1,4 мЗв дейін (О.И. Василенко, 2004; Л.А.Ильин және басқалар, 1999) құрайды.

Қазіргі кезде медицинада бірқатар аурулардың диагнозын анықтау және оларды емдеу мақсатында иондаушы сәулеленудің әр түрлі (ашық та және жабық та) көздерін қолданады. Диагноз қою мақсатында қолданылған және әлі де қолданылып жүрген 80-нен астам (60Со, 75Se, 170Tu, 192Ir және басқалар) g- және b- сәулелендіргіш радионуклидтер белгілі, алайда қазіргі кезде тек 99mTc (технеций), 123I (иод), индий (In) және таллийдің (TI) радиоизотоптары өзінің практикалық маңызын жоғалтқан жоқ. Барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бағалауға, қатерлі ісіктерді және олардың метастазаларын, қабыну үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін, радиофармпрепараттардың (РФП) құрамына кіретін, химиялық қосылыстар синтезделген (Труфанов Г.Е. және басқалар, 2004). Әр түрлі мақсатта рентген аппараттары мен сызықтық және циклдік үдеткіштер қолданылады.

· Аталған иондаушы сәулелену көздерінің көмегімен орындалатын емдеу және диагностикалық шаралардың тізімі өте кең және алуан түрлі.

Шараларды орындау технологиясына, оларды техникалық қамтамасыз ету әдістеріне және қорғану жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты радиацияның қызметкер үшін потенциалды қауіптілік дәрежесін бағалау кезінде, барлық қолданылатын әдістерді гигиеналық көзқарас тұрғысынан шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

· рентгендиагностика;

· дистанциялық рентген- және γ-терапия;

· жоғары энергиялы сәулеленулердің көмегімен жүргізілетін терапия;

· жабық түріндегі белсенді заттардың көмегімен жүргізілетін қуыс ішілік, тін ішілік және аппликациялық (жапсыру) терапия;

· ашық түріндегі белсенді заттардың көмегімен жүргізілетін сәулелік терапия және диагностикалық зерттеулер.

Рентген сәулелері ғасырдан астам уақыт бойы әр түрлі салаларда, олардың ішінде, ең алдымен, медицинада кеңінен қолданылып келеді. XX ғасырдың басында Кронштадт госпиталында жұмыс істеген бірінші рентген аппаратын ресейдің радио жасампазы – А.С. Попов жасап шығарды. Қазіргі уақытта медицинада және өнеркәсіпте қолданылатын рентген аппараттары энергиясы 25-60 кэВ-тен (рентгенмен құрылымдық талдауда қолданылады ) 60-250 кэВ – ке (аурулардың диагнозын анықтау мен емдеуде қолданылады) және 200 кэВ - 35 МэВ-ке дейін (дефектоскопияда қолданылады) рентген сәулелерін генерациялауға мүмкіндік береді.

Дамыған елдерде, тістерді тексеру мен жаппай жүргізілетін флюрографияны қоспағанда, әрбір 1000 адамға 300-ден 900-ге дейін рентгенологиялық тексерулер келеді (Ушаков И.Б., 2004). Кейбір медициналық процедураларды жүргізу кезінде халықтың шамамен алатын дозалары 12.3- кестеде берілген.

Кесте


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 198; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты