Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс 9. Дамуында ауытқуы бар балалардың есте сақтауы.




 

Естің түрлері. Дамуында ауытқуы бар балалардың есте сақтау ерекшелігі. Бейнені есте сақтау. Ерікті және еріксіз есте сақтау. Материалды есте сақтау кезіндегі вербализацияның және ойлаудың ролі. Дамуында әртүрлі ауытқуы бар балалардың есте сақтау ұзақтығының сипаттамасы.

Сөзді есте сақтауы. Сөзді, сөйлемді, мәтінді балалардың оқу процесі кезінде сөзді еске саққтаудың даму кезеңі.

Бала есте сақтау арқылы бұрынғы жиған білгендерін жалпылайды және тежелейді, бұрынғы білімдерін пайдаланады. Егер ес жоқ болса, адамның тұлғалық қалыптасуы мүмкін емес. Зерттеулер көрсеткендей

( Х.С. Замский), ақыл – ойы кем балалар жаңа білімді өте баяу меңгереді, тек ұзақ қайталаулардан кейін ғана қабылданған ақпараттар жойылады. Тәжірибеде жинаған білімдері мен әрекеттерін өз уақытында пайдалана алмайды. Зияты дамымаған балалардың есте сақтау процесі баяу және берік болмағандықтан, олар жалпы мектептің төрт сыныптық бағдарламасын 7 – 8 жыл оқып меңгереді.

Зияты дамымаған балалардың жаңа білімді баяу және нашар меңгеру себебі, олардың жүйке процестерімен тығыз байланысты. Ішкі белсенділіктің төмендігі, қозғыштық тудыратын аймақтың жеткіліксіздігі ақыл – ойы кем балалардың материалдық өзінше меңгеруіне алып келеді. Мысалы: Балаларға айтылған ертегі әңгімесі, олардың елестеушілігімен, басқа да әңгіме ертегілерінің үзіндісімен алмасуы.

Ақыл – ойы кем балалардың тексті қабылдау ерекшеліктерін көптеген психологтармен зерттелген (Л.В. Занков, И.М. Соловьев, М.М. Нудельман, Б.И. Пинский, А.И. Липкина, Г.М. Дульнев және тағыда басқалары).

Қандайда жаңа материалды меңгеру үшін, мысалы: Көбейту кестесін көмекші мектеп оқушылары жалпы мектеп оқушыларына қарағанда ұзақ және көптеп қайталауларды қажет етеді. Оқу материалын зияты дамымаған балалар көптеп қайталамаса меңгерген немесе шартты байланыстар дұрыс дамудағы

балаларға қарағанда тез сөнеді.

Жаңа оқу материалдарын меңгеру сапасын жоғарлату үшін көптеген құнды дидактикалық принциптер құрылған; Солардың біріне Х.С. Замскийдің оқу материалын меңгеруде әр түрлі принциптерді қолдану керектігін зерттеген.

Есте сақтау қабілетінің төмендігіне бас миы зақымдалған балалар шағым жасайды. Бұл басқаша ұмытшақтық деп аталады. Кейбір көмекші мектептегі оқушылар қойылған сұрақ мәселесі бірнеше рет қайталаулардан өтсе де, қойылған сұраққа жауап бере алмайды. Ал ақыл ойы кем баланың орнына ұмытшақ баланы отырғызып қойсақ, бірнеше минут өткен соң ешқандай қайталауларсыз және еске түсірушіліксіз керекті жауапты еске түсіреді. Кейбір балаларда бұл ұмытшақтық жоғары деңгейде болады, оларға қойылған сұраққа керекті жағдайда еске түсіре алмайды. Тек айтарлықтай уақыт өткеннен соң ғана еске түсіреді.

Ұмытшақтық құбылысы физиологиялық негізде шартты байланыстардың сөнуі емес, жай қарапайым ұмытшақтықта , бұл тек бас ми жұмысының уақытша баяулығынан болады. Ұмытшақтықты жеңу және есте сақтауды тұрақтандырудың негізгі әдісі өмір сүру тәртібін реттеу болып табылады. Мұндай тәртіпте жеке процессінің тұрақталуын және күш қуатты көбейтуге болады.

Зияты дамымаған баланың есте сақтау жағдайы оның ұйықтау мерзіміне, еңбек уақытының дұрыстығымен демалу түріне байланысты болады. Осы айтылғандарға бір қатар мысалдар келтіруге болады: баланың ұйқы уақытының қалыптан бірнеше сағатқа ұзаруы оның есте сақтауының жақсаруына мүмкіншілік берген. Осы жағдайларды ескере отырып, кейбір мұғалімдер оқу материалын жақсы қабылдауына жету үшін, көптеген қайталаулар жүргізеді. Балалар сабақта күннен-күнге нашар жауап беретін болғандықтан, нәтижесінде тек кері жауап алады.

И.М. Сеченев адамның есте сақтауын магнитафонмен салыстыра келіп, адамның есте сақтау жүйесі сырттан қабылданған әсерлерді топтастырып және өңдеуден тұрады деген. Адамның бас миы сыртқы орта әсерлері қабылдап оны жаңғыртады. А.Н. Леонтьев зияты дамымаған балалардың ырықты есте сақтауын зерттеген. Л.В. Занков зияты дамымаған балалардың есте сақтауын зерттеп, келесідей мәліметтер берді: көмекші мектеп оқушыларының ырықты және ырықсыз есте сақтау байланысының өзгергіштігін ескерді. Кіші сынып оқушылары

ырықты есте сақтауды пайдалана алмайды, ал жоғарғы сынып оқушыларының ырықты есте сақтауы жоғарлаған.

Көмекші мектеп оқушылары заттардың сыртқы белгілерін ғана есте сақтайды, ал терең логикалық байланыстарды қиындықпен түсінеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 316; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты