Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс 10. Дамуында ауытқуы бар балалардың қиялының ерекшелігі.




 

Қиял туралы жалпы ұғым

Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында образдар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды.

Қиял - адамға ғана меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені, бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция. Жоғарыдағы психикалық процестер секілді қиял да шындықты бейнелейді. Қиялдау үшін адамның басында белгілі білім қоры, нақты образдар, тұрақты елестер болады. Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен де, еңбек әрекетінен де тауып алуға болады. Қиял - аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Көптен қолы жетпей жүрген мақсатын ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап, шалдыққан жолаушы ауылын қиялымен елестеткенде, оған күш бітіп ширай түседі. Адамның еркі де қиялмен байланысты. Қиял - еңбек үстінде күшті болады. Еңбек - тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажет процесс. Өмір қойған талаптарға сай адам баласы, өзінің жан-жакты әрекетінде ғажап табыстарға жетіп отыр. Кеңес Одағы тұңғыш рет жердің жасанды серігін ұшырып, ғарыш кеңістігін игерудің негізін салды. Фототелевизия аппараты айдың бейнесін суретке түсіріп алды, ғарышқа зымырандардың ұшуы.

Халқымыздың осы секілді толып жатқан жетістіктері киялдың шексіз үдеп, дами беретіндігіне айқын дәлел бола алады. Қиялдың физиологиялық негізі ми қыртысының үлкен ми сыңарларында бұрынырақ пай­да болған уақытша байланыстар. Қиялдау әрекетіне қозу мен тежелу процестері қатынасып отырады. Қиял екі сигнал жүйесінің жұмысымен тығыз байланысты. Заттар мен құбылыстардың бейнелері, елестері адамның көз алдына келуі үшін олар жөнінде оның түйсігі мен қабылдауы болуы керек. Қиялды адам сөз арқылы жеткізгенде екінші сигнал жүйесі жетекші роль атқарады.

Қиял түрлері

Қиял екі түрге бөлінеді:

- ырыксыз, пассив қиял;

- ырықты, актив қиял.

Ырықсыз қиял

Қиялдың бұл түрі - адам алдына ешбір мақсат коймай, басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу калғып отырғанда, ырықсыз қиялдың образдары өздігінен туып жатады. Пассив қиялдың ең айқын түрін адамның түс көруінен байқауға бола­ды. Кейде түс шым-шытырық қисынсыз өтіп жатады оның ырықсыздығынан. Қиялдың пассив түрі адамның ояу қалпында да кездесуі мүмкін. Бұл жағдай көбінесе адам өз алдына еш мақсат қоймай, өз ойының тізгінін мүлдем босатып жіберген уақытта пайда болады. Мысалы: аспандағы бұлтқа қарап тұрғанда оның түрін адамға, жануарға тағы басқа бірдеңеге ұқсатуымыз мүмкін. Адам арнайы мақсат қоймаса да, елестердің өздігінен туып жатуы қиялдың пассив түріне жатады.

Ырықты қиял

Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы. Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Олардың үшқыш, дәрігер, мұғалім, ғарышкер рольдерін орындағанда, ұқыптылықпен тырысқан мезгілде, ырықты қиялын көруге болады. Ырықты қиялдың жүйелі де күшті дамуы адамның еңбек әрекетінде іске асады, өйткені, еңбек процесінің қайсысы да адам жұмысының нәтижесін алдын-ала елестетіп, оған керекті әдістерді жоспарлап отыруға мәжбүр етеді.

Қиял:

- қайта жасау;

- шығармашылық;

- арман қиялы болып келеді.

Қайта жасау киялы адамның өткен тәжірибесіндегі болған образдарды қайта елестетіп, сөз тітіркендіргіштеріне байланысты туады. Қиялдың бұл түрінің тууы үшін сөз тітіркендіргіштердің ролін суреттеу, сурет, сызбалар, нота сияқтылар да атқаруы мүмкін. Қайта жасау қиялының психологиялық құрылысын тексеріп қарасаң, ол екінші сигналдың тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық образына айналдыру болып табылады. Мәселен, теңізді көрмеген адам жазушының теңізді суреттеуімен байланыстырып, теңіздің бейнесін қиялдай алады. Қайта жасау қиялының міндеті - жаңа объекті жасау емес табиғаттағы бар затты, өзі нақты қабылдамағанмен сол қалпында қайта елестету. Қайта жасау қиялы - адамның дүние таным өрісін кеңейту үшін керекті психикалық про­цесс. Қайта жасау қиялы оқыту жұмысында маңызды орын алады.

М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оңығанда кейіпкерлердің образы, қарым-қатынасы, сюжеттік оқиғалар оқырманның көз алдына елестеп тұрады. Қайта жасау қиялын дамытып нәтижелі қызмет етуіне тағы бір күшті әсер ететін фактор - балалардың алдына практикалық міндет қоюы. Мәселен, заттың суретін салу немесе моделін жасау.

Қиялдың ең жоғарғы түрі – шығармашылық қиял. Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа заттарды беруді көрінетін киялды беруді айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің қиялы шығармашылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оңып, елестетуден әлдекайда ауыр. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады.

Шығармашылық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А.С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім шығармашылық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді. Жаңа машинаның сызбасын жасап шығару, немесе ескі машинаның өзін реконструкциялау, малдың тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа сортын өсіріп шығару, ғылыми жинақтар ашу, әдебиет пен өнерде жаңалық жасап шығару сияқты әрекеттер шығармашылық қиялға жатады. Адамның шығармашылық әрекеті жалғыз шығармашылық қиялдың қатысуымен болмайды. Шығармашылық продукция жасау жұмысына тұрақты зейін, ойлау әдістері, ерік процестері және басқа да әрекеттер қатысады. Бірақ ырықты қиял жетекші роль атқарып, барлығына жөн сілтейді. Шығармашылықтың дамуына керекті шарт - адамның идеясының және дүниеге көзқарасының қалыптасуы.

Арман деп келешекке әрекеттенген, болашағына бағытталған қиялды айтады. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман - өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман - шығармашылық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайынджық сатысы.

Арнайы танымның түрі ретінде қиялдың жалпы сипаттамасы. Қиялдың түрлері. Қиялдың таным және аффективті – қорғану функциялары және олардың балалық шақта пайда болуы.

Қайтадан пайда болған қиял және оның дамуы. Шығармашылық қиялдың ерекшелігі. Әртүрлі іс- әрекеттер процесінде қиялдың дамуы. Қиялдың дамуындағы сөйлеу тілінің ролі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 299; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты