Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс.Тақырыбы.Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері




Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың төмендегідей үлгілері қалыптасқан. Олар жоспарлы-нұсқаулы (әміршілдік-әкімшілдік), нарықтық, аралас болып келеді.

Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемділігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын ала баланс құру арқылы есептелінеді. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады.

Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілердің ешқайсысы сұрақтарды алдын ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін ( не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек? ) шешу мақсатында әрекет етеді.

Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:

1) ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

4) ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;

5) өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.

Нарықтық экономикаға мынандай белгілі бір кемшіліктер тән:

1. табыс алуға кепілдік бермейді;

2. толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.

Нарықтық экономиканың әрекет етуі жиынтығында рынок жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтеріінің болуын көздейді.

Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар.

Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе алуан нысандармен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.

Нарықтық экономиканың үшінші элементі баға. Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе алуан нысандармен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.

Нарықтық экономиканың үшінші элементі баға. Баға сатушы тауар бірлігін сатуға жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге келіскен , ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.

Нарықтық экономиканың төртінші элементі-орталық буыны сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болады. Сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауарлардың саны. Ұсыным нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын тиісті баға бойынша өндіріп, сатуға ұсынылуы мүмкін тауарлардың жиынтығы.

Нарықтық механизмнің бесінші элементі- бәсеке. Ол пайданы мол табады және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады

Бәсеке (лат conkurentia-қақтығысу, жарысу) - тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 136; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты