Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. Тақырыбы: Сұраным пен ұсыным теориясының негіздері




Сұраныс –ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілелеттілігі бар тұтыныс.

Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азайады, яғни сұраныс деңгейі төмен болады және керісінше, баға төмен болған сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.

Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.

Сұраныс қисығы- сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.

Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді.

Сұраныс қызметі – сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады.

Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді:

1) тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);

2) ұнайтын және басымдық беретін нәрселердің өзгеруі;

3) Бағаны және тапшылықты күту;

4) Жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;

5) Субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының төмендеуі;

6) Сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.

Барлық сатушылар нарықта ең жоғарығы баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға ұмтылады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденцияның болуы бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға , өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұсыныс-тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.

Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал, сұраным болса, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы өндіріледі.

Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады.

Ұсыныс қисығы -өндірушілердің дәл осы уақыттыа түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.

Ұсыныс қызметі ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді.

1) өндіріс ресурс факторларының бағасы ;

2) технология;

3) Нарықтық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;

4) Салықтар мен субсидиялар көлемі;

5) Сатушылар көлемі.

Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеттесуі.

Нарықты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі іске асырылады. Бұлкезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл атқарады.

Тепе-теңдік баға- бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе тең бағаны құру –белгілі бір уақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тез өзара бейімделуі жүреді. Тепе –теңдік орнау нәтижесінде тұтынушылар да өндірушілер де ұтады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 120; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты