Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ДМ біздің елде және дүниежүзінде даму тарихы.




 

Ғылыми тұрғыда медицинаның екі құрастырушысы бар – дедукциялық пен эмпирикалық. Екеуіде ғылым болып келеді, өйткені әртүрлі әдіс арқылы кең, жан жақты қолданылатын білім иесі, яғни бұл білімді әртүрлі жағдайда, басқа науқастарда, басқа жастағы және бөтен елде пайдалануға болады.

Медицинадағы білімнің үйреншікті басты құрастырушысы дедукциялық болып келген – бұл дерттің себебін, дәрілік заттар мен хирургиялық операциялардың әсер ету жолдарын түсіну. Өкінішке орай, медицина мен ғылым біраз дерттер туралы әлдеде толық хабардар емес, ал кейбір аурулар осы уақытта дейін жұмбақ болып жатыр, олардың не себебі, не даму жолы белгісіз. Кейбір жағдайда дерттің белгісі айқын сияқты. Мысалы, ойық жара дертінің себепті қоздыртқышы ашылғанша оны сода, ұйқы, резекция т.б. әдістермен емдеді. Әр ем әдісін түсіндіретін даму себебі немесе ойық жара дертінің өз теориясы болған (жүйкелік, кілегей қабаттың өзін өзі қорытуы). Осы себептен дедукциялық шешім тиімді бола алмайды, өйткені белгілі жоба бойынша күткен нәтиже болмауы мүмкін: егерде ой нақты жағдайдаға сәйкес келмесе, оның қорытындысы шындыққа келмейді.

Осымен қатар медицинада басқа шешімдеболған – бұл эмпирикалық – «науқасқа қай ем көмектессе, сол жақсы. Ал бұл шараның әсер ету жолдарын білеміз бе, әлде білмейміз бе - ол мағыналы емес, бірақ бұл шара әсер ететіні белгілі, сол себептен оны қолдану керек». Ойдағы әлемде кәсіпшінің білімі толық және оның жасаған іс-әрекеттерінің барлығы нәтижелі. Бірақ, шындық жағдайда (ақиқатта,тәжірибеде) біраз дерттер туралы білім толық емес, ал қолда бар ем тәсілдері негізсіз болуы мүмкін. Сол себептен белгілі бір науқастың емін нақтылау үшін дерттің дамуы туралы ғылыми деректерден көрі, маңыздысы осы осы ем осы науқасқажүргізілсе осындай ( науқасқа тиімді, пайдалы) нәтиже береді деген ғылыми дәлелі болғаны керек (Власов В. В., 2006).

-Дәйектемелі медицинаның бастамасы 17 ғасырда салынған – Джон Сноу - ағылшын дәрігері Лондондағы эпидемия холерасы кезінде басқа су құбырынан пайдаланған көрші ай-мақтың тұрғындары холерадан аман екенін байқап су беру жолын өзгерткен.

-Француз хирургі Листер – бақылаудағы 2 топ науқастардың операциядан кейінгі асқынулар деңгейі қолдардың, операция аймағының және таңу құралдарының тазалығына байланысты екенін дәлелдеп – тазарту әдістерін еңгізді.

-Атақты микробиологтар мен вирусологтардың көп деген жұқпалы аурулар себебін анықтаудағы әлемге әйгілі жетістіктері.

Дәрігер жұмысын бағалауда немесе дәрілік заттардың әсерін болған нәтижеге сүйену керектігі туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырға жатады, содан бері, 19 ғасырдың аяғына дейін ем тәсілінің тиімділігі беделді пікір мен жалпы пайдаланудағы теориямен сәйкестігіне негізделген (басқа пікір қабылданбаған).

Медицина әр қашанда ғылым болған, бірақ «ғылым», «ғылыми негізділген» деген көзқарас уақыт өткен сайын өзгеріп тұрған. Кейіннен, ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана емдік және диагностикалық әдістер тиімділігін бағалау үшін «қандай ғылыми тәжірибе» (эксперимент) тәсілдерін қолдану керектігі туралы пікір айқындала бастады.

Медицинаның дәлелді болуының маңыздылығы – бұл тек қана дәрігер қолданған іс-әрекеттердің дұрыстылығын негіздеуге тікелей ғылыми дәйектемелер, яғни сапалы жүргізілген клиникалық тексерістердің қорытындылары қажет екендігінде.

Бұл жағдайда клиникалық зерттеулер лабораториялық тексерістерге қарсы болып келеді, өйткені олар дерттің пайда болуын түсіндіруге емес, керісінше емдік, алдын-алу, нақты диагностикалау мен ағымын болжау әдістеріне сынақ жүргізуге бағытталған. Сол себептен медициналық тәжірибеде, жалпы айтқанда, дәрігерге теориялық ұғымнан көрі клиникалық зерттеулер маңызды.

1973жылы ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, алғашқы рет медициналық әр нақты іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын көрсетті. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды.

Сонымен, ХХ ғасырдың 80-і жылдарында «дәйектемелі медицина» айқындалды.

1992ж .- Оксфордта бірінші Кокран орталығы ашылды.

1993ж. - Кокран Бірлестігі құрылды(КБ) - The Cochrane Collaboration - кәзіргі уақыттағы дәйектемелі медицинаның негізін қалаушы.

Кокран Бірлестігі – 4000 астам мүшелері мен мекемелерді біріктіріп отырған халықаралық ұйым.

Кокран Бірлестігінің қағидасы – бұл медициналық іс-әрекеттернәтижесі бойынша нақтыланған, сапалы мәліметтерді іздеу мен қорытындылау (Юрьев К.Л., Логановский К.Н., 2000).

КБ әр елдегі орталықтардың бір-бірімен байланысы арқылы қызмет жасайды.

КБ мақсаты

  • жүйелі шолу құрастыруға қажетті барлық рандомизациялық клиникалық зерттеулердің нақты тіркемесін жасау;
  • медицинаның әртүрлі саласындағы мамандардың шешім қабылдауын жеңілдету мақсатында медициналық іс-әрекеттер мен жүйелі шолуларды жаңарту және тарату.

КБ қағидасы (8 қағидаға негізделген):

  • бірлестік рухы;
  • қатысушылардың жұмысқа белсенділігі;
  • жасалған жұмысты қайталамау (бір жұмысты екі рет жасамау);
  • жүйелі қателер мен негізсіз пікірлерді азайту;
  • мәліметтерді тұрақты түрде жаңартып тұру;
  • шолулардың өзектілігі;
  • шолулардың қолдануға әр қашанда дайындығы;
  • жұмыс сапасын тұрақты түрде жоғарлату;

Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 110; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты