Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бөлек конструкциялы




Имараттардың көтеруші негізі және конструкциялық жүйелері. Ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтері – гори­зонтальды (аражабындар, жабулар), вертикальды (қабырғалар, ұстындар) және іргетастар, олар бірігіп, біріккен кеңістік жүйені – ғимараттың көтеруші негізін құрайды.

Көтеруші негіздің – ғимараттың конструкциялық негізінің тағайындалуы – ғимаратқа әсер ететін күштерді қабылдаудан, қызметінің барлық мерзімі бойы қажетті пайдалану сапаларымен конструкцияларды қамтамасыз етумен, осы жүктемелерден күштерге жұмысынан тұрады.

Конструкциялық жүйеғимараттардың, бірігіп беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін, вертикальды және горизонтальды көтеруші конструкцияларының өзара байланысқан жиыны болып табылады. Ғимараттардың үш негізгі конструкциялық жүйелері болады: қаңқасыз, қаңқалы және аралас (толық емес қаңқалы) (3–сурет).

 
 

 

 


 

 

3–сурет. Азаматтық ғимараттардың конструкциялық жүйелері:

а–қаңқасыз; б– қаңқалы; в – аралас; 1 – көтеруші қабырғалар; 2 – қабатаралық жабындар; 3 – ұстындар; 4 – ригельдер; 5 – өзін көтеруші қабырғалар

 

Ғимараттардың орнықтылығын және кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ету. Орнықтылық – статикалық немесе динамикалық тепе–теңдігінің бастапқы жағдайынан шығаруға ұмтылатын күштерге қарсыласатын ғимараттар қабілеті.

Кеңістік қатаңдық– пішінінің геометриялық өзгермеуін сақтап, түсірілген күштердің әсерінен деформацияланбайтын бөлек элементтердің немесе барлық ғимараттардың қабілеті.

 

4–дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттар конструкциялары. Негіздер және іргетастар. Топырақтар түрлері және олардың қасиеттері. Іргетастар. Жертөле. Техникалық жертөле

Топырақ –уақыт бойынша өзгеретін және ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызуға негіз, орта немесе материал ретінде қолданылатын көпкомпонентті жүйе болып табылатын тау жынысы.

Ғимаратқа әсер ететін барлық күштер, оның ішінде ғимараттың өз салмағы, іргетас арқылы топыраққа беріледі. Бұл күштерді қабылдайтын топырақ негіз деп аталады. Негіздің сенімділігі және беріктігі ғимаратты қалыпты пайдалану үшін маңызды болып табылады.

Өзінің табиғи жағдайында тұрғызылған ғимараттан түсетін күштерді қабылдауға қабілетті топырақ табиғи негіз деп аталады.

Жасанды негіз – табиғи жағдайында жеткілікті іскерлік қабілеті жоқ жасанды тығыздалған немесе беріктендірілген топырақ.

Негізге ғимараттан берілетін қысым салдарынан, іргетас асты топырақтары айтарлықтай сығылу күштерін қабылдайды. Осы күштердің әсерінен топырақтар біркелкі тығыздалады. Топырақ шөгуі деп аталатын мұндай біркелкі деформациялар іргетастардың шөгуін тудырады.

Тығыздау кезінде және сыртқы күштердің, топырақтың өз салмағының және басқа факторлардың әсерінен пайда болатын топырақтың біркелкі емес деформациялары (отыратын топырақтың сулануы, топырақта мұз линзаларының еруі және т.б.) отыру деп аталады. Олар іргетастың бұрылуынан бастап толық қирауын тудыруы мүмкін. Негіздің отыруы жіберілмейді.

Ғимарат негізі ретінде жұмыс істейтін топырақ келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: қажетті іскерлік қабілетінің болуы, сонымен қатар аз және біркелкі сығылуы (әлсіз, берік емес немесе қатты сығылатын топырақтар ғимараттың бұзылуына және қирауына әкелетін үлкен және біркелкі емес отыруларды тудырады); ісінуге ұшырамауы, яғни оның қуыстарындағы ылғалдың қатқанда көлемін ұлғайтуы (құрылыс ауданындағы топырақтың қату тереңдігіне байланысты іргетастың орналасу тереңдігін таңдайды); топырақ суларымен шайылмауы және ерімеуі (іскерлік қабілетін төмендететін, негізде қуыстардың пайда болуы); отыруды болдыртпау (егер оның астында әлсіз топырақ орналасқан болса, негіз топырағы қабатының жеткіліксіз қуатында пайда болады); жылжуын болдыртпау (возникают топырақ қабаттары қиғаш орналасқанда пайда болады); жайылуын – күштер әсерлерінен ұзақ сөнбейтін деформациялардың болуын болдыртпау.

Топырақтар түрлері және олардың қасиеттері:

Тасты топырақтар – тұтас массив (граниттер, кварциттер, әктастар) немесе жарықшақты қабат түрінде болады. Олар суға тұрақты, сығылмайды, ісінуге ұшырамайды, сенімді негіз болып табылады.

Ірікесекті – 2 мм–ден үлкен өлшемді (50% жоғары) кесектері бар, тасты жыныстарының байланыспайтын кесектері. Оларға жатады: щебень, галька, гравий. Бұл топырақтар аз сығылады, суға тұрақты, ісінбейді, егер оның астында тығыз топырақ болса, жақсы негіз болады.

Құмды –0,1–2 мм түйіршіктерден тұрады. Құмдар түйіршіктерінің ірілігіне байланысты қиыршық тасты, ірі, орташа ірі, ұсақ, шаңды болып бөлінеді.

Қиыршық тасты, ірі, орташа ірі құмдар күш түскенде біркелкі сығылады, сондықтан ғимараттың отыруы тез тоқтайды, қатқанда ісінбейді және берік және сенімді негіз болып табылады.

Ұсақ және шаңды топырақтар ылғалданғанда және қатқанда ісінеді, ылғалданғанда іскерлік қабілеті төмендейді.

Сазды –ірілігі 0,005 мм–ден кіші түйіршіктерден тұратын байланысқыш топырақтар. Іскерлік қабілеті ылғалдылыққа байланысты. Құрғақ және аз ылғалды жағдайда айтарлықтай күштерді қабылдайды, ылғалданғанда іскерлік қабілеті төмендейді. Күш түскенде ұзақ отыруымен және қатқанда ісінуімен ерекшеленеді.

Сары сазды –шаңды түйіршіктердің үлкен мөлшерінің және ірі қуыстарыныңболуымен сазды топырақтар. Бұл топырақтар құрғақ жағдайда қажетті іскерлік қабілетіне ие болады. Ылғалданғанда сары сазды топырақтардың құрылымы бұзылады, және күштер әсерінен шөгу пайда болады. Мұндай топырақтарды негіз ретінде қолданғанда бекіту және ылғалдан қорғау бойынша арнайы шаралар қажет.

Үйінді –сайларды, көлшіктерді, жергілікті қоқыстарды жапқанда пайда болған жасанды топырақтар. Бұл топырақтар құрылымы бойынша біртекті емес, біркелкі емес сығылады. Мұндай топырақтарды негіз ретінде қолданғанда олардың іскерлік қабілетін зерттеу керек.

Құрылысқа берілген жерге тұрақты негізді таңдау үшін оның түрін, қабаттар қуатын, олардың физикалық және механикалық қасиеттерін, топырақ суларының деңгейлерінің орнын анықтауға геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ғимарат қабатына және жергілікті жағдайларға байланысты зерттеу тереңдігі 6 – 15 м және одан көп м – ді құрайды.

Егер құрылыс алаңындағы топырақ қойылатын талаптарды қанағаттандырмаса, онда жасанды негіздерді орнатады. Мұндай негіздерді ғимаратты әлсіз топырақтарға тұрғызғанда оларды жасанды беріктендіру немесе әлсіз топырақты ауыстыру арқылы орнатады.

Топырақты беріктендіру келесі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

– пневматикалық тығыздау немесе 2 – 4 т салмақты плиталармен тығыздау. Бұл тәсіл топырақтар жеткілікті тығыз болмағанда, сонымен қатар үгінді топырақтарда қолданылады. Егер топырақтар құмды немесе шаңды болса, онда оларды тығыздау үшін беттік вибраторлар қолданылады. Бұл тәсіл, топырақ тез тығыздалатындықтан, өте тиімді;

– құмдарды, сары сазды топырақтарды бекіту үшін силикаттау. Ол үшін құмды топыраққа кезек–кезек сұйық әйнек пен хлорлы кальций ерітіндісін енгізеді, шаңды топырақтарды бекіту үшін – фосфор қышқылының ерітіндісімен араласқан сұйық әйнек ерітіндісі, ал сары сазды топырақтарды бекіту үшін – тек қана сұйық әйнек ерітіндісі қолданылады. Ерітінділерді енгізу арқылы топырақ уақыт өткен сайын айтарлықтай үлкен іскерлік қабілетіне ие болады;

– топыраққа құбыр арқылы, топырақ тетіктерінде қатып, оған тас түріндегі құрылымды беретін, сұйық цементті ерітіндісін немесе цементті сүтті енгізіп цементтеу. Цементтеуді қиыршық тасты ірі және орташа дақылды құмдарды бекіту үшін қолданады;

– қысыммен арнайы орнатылған скважиналарға беретін жанатын заттарды жандыру арқылы күйдіру. Бұл тәсіл сары сазды топырақтарды бекіту үшін қолданады;

– әлсіз топырақты берік топыраққа ауыстыру. Ауыстырылған топырақ қабаты төсеніш деп аталады. Үлкен емес күштерде негізге ірі немесе орташа ірі құмнан құмды төсеніш қолданады. Төсеніш қалыңдығы еептеу арқылы қабылданады.

Іргетастарғимараттың жер үсті бөлігінен күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың маңызды конструкциялық элементі болып табылады. Ғимараттар іргетастары берік, іргетастың табанының жазықтығында құлауға және жылжуға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді және индустриалды болуы тиіс.

Ғимараттың жер үсті бөлігі орналасатын іргетастың жоғарғы жазықтығы іргетас беті, ал топырақпен түйісетін оның төменгі жазықтығы іргетас табаны деп аталады. Топырақтың жоспарланған бетінен табан деңгейіне дейінгі арақашықтықты іргетастың орналасу тереңдігі деп атайды. Ғимараттың тағайындалуы, онда жертөленің болуы, қату тереңдігі, топырақ суларының деңгейі – осының бәрі іргетастың орналасу тереңдігіне әсер етеді. Егер негіз ылғалды ұсақ дақылды топырақтан (ұсақ, шаңды топырақтан, сары топырақтан, саздан) құрылса, онда іргетас табанын топырақтың қату деңгейінен биік емес етіп орналастырады. Ісінбейтін топырақтарда (ірі кесекті, қиыршық тасты, ірі және орташа ірі топырақты) іргетастың орналасу тереңдігі қату тереңдігіне байланысты емес, бірақ ол жоспарланған жер деңгейінен 0,5 м кем емес болуы қажет.

Жылытылатын ғимараттардың ішкі қабырғалары және бағаналары асты іргетастың орналасу тереңдігі топырақтың қату тереңдігіне тәуелді емес қабылданады, оны 0,5 м кем емес етіп тағайындайды. Біркелкі емес шөгулерді болдыртпау үшін ішкі және сыртқы қабырғалар іргетастары біртекті топыраққа сүйенуі тиіс.

Іргетастар түрлері:

конструкциялық схемалары бойынша –ғимараттың көтеруші қабырғалары асты үздіксіз лента түрінде орналасатын ленталы; ұстындар асты бөлек тіректер түріндегі бағаналы; ғимарат асты ірі плита пішініндегі тұтас; топыраққа қағылатын темірбетонды немесе басқа стерженьдер түріндегі қадалы (4 – сурет);

4 – сурет. Іргетастардың конструкциялық схемалары:

а – қабырғалар асты ленталы; б – ұстындар асты ленталы; в – қабырғалар асты бағаналы; г – ұстындар асты жеке; д – арқалықсыз тұтас; е – арқалықты тұтас; ж – қадалы; 1 – қабырға; 2 – ленталы іргетас; 3–темірбетонды ұстын; 4 – темірбетонды іргетасты арқалық; 5 – бағаналы іргетас; 6 – қадалы іргетас ростверкі; 7 – темірбетонды іргетасты плита; 8 – қадалар

 

материалы бойынша –табиғи тастан; бутобетоннан; бетоннан; темірбетоннан;

күштер әсерінен жұмыс істеу сипаты бойынша –сығылуға жұмыс істейтін қатаң (бутты, бетонды, бутобетонды); сығылуға және иілуге жұмыс істейтін иілгіш (темірбетонды);

орналасу тереңдігі бойынша –таяз (5 м дейінгі) және терең (5 м көп) орналасуы.

Жертөле. Техникалық жертөле.Шаруашылық қажеттіліктер үшін биіктігі екі метрден жоғары бөлме жертөле, кіші биіктікте – техникалық жертөле деп аталады.Жертөледе ғимараттың қалыпты пайдалануын қамтамасыз ететін әртүрлі қосымша бөлмелер; техникалық жертөледе– инженерлік жабдықтар, жүргізілетін коммуникациялар орналастырылады.

 

5–дәріс тақырыбы.Азаматтық ғимараттар қабырғалары және бөлек тіректері. Қабырғалардың түрлері және тағайындалуы.

 

Қабырғаларғимараттардың маңызды конструкциялық элементтері болып табылады. Қабырғалар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; жану тобы мен өртке тұрақтылық шегі нормадан төмен болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдық режимді ұстауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбысизоляциялық қасиеттерінің болуы; экономикалық үнемді, яғни материалдар шығыны мен аудын бірлігінің салмағының, еңбек пен жабдықтардың шығындарының аз болуы; сәулеттік-суреттік шешімдеріне жауап беруі керек.

Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі; жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі; конструкциясы және тұрғызу әдісі бойынша қабырғалар төрт топқа бөлінеді: ұсақтүйірлі элементтерден (кірпіштен), ірі тастардан (блоктардан), тұтас, іріпанельді; қолданылатын материалдар тегі бойынша: тасты, ағашты, синтетикалық материалдар.

Кірпіштен қалау.Калау дегеніміз арасындағы жіктері құрылыс ерітінділерімен (әктасты-цементті, цементті-сазды немесе цементті) толтырылатын бөлек тастардан (табиғи немесе жасанды) орындалатын конструкция. Қалау беріктігі тас пен ерітінді беріктігіне, тастар арасындағы вертикальды жіктерді байлау жүйесіне, сондай-ақ ылғал, температуралар, жел, коррозия әсерлеріне байланысты.

Конструкцияның дұрыс жұмысы үшін ондағы тастардың орналасуы қиманың үш ережесіне жауап беруі керек: қабырғадағы тастар горизонтальды қатармен, яғни негізгі әсер ететін күштерге перпендикуляр орналасуы қажет; қатардағы тастар бойлық және көлденең вертикальды жіктермен бөлінуі керек; қатарлас қатардағы вертикальды жіктер беттеспеуі керек, мұндай беттесу жіктерді байлау деп аталады. Байлау қабырғадағы тастардың біріккен жұмысын және күштердің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

Кірпішті қабырғалар керамикалық және силикатты кірпіштен орындалады. Стандартты кірпіштің өлшемдері 120х65х250, мм. Сонымен қатар биіктігі 88 мм кірпіште қолданылады

( 3.1-сурет).

 

 


3.1-сурет. Кірпішті қабырғада кірпіштердің орналасуы:

а - стандартты кірпіш; б – жанды қатар; в – бүйірлі қатар; 1 - бүйірі, 2 – төсенді; 3 – жаны

 

Өлшемдері 120 х 65, мм немесе 120 х 88 мм, кірпіштің бүйірлік беті бүйірі деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары бүйірлік деп аталады. Өлшемдері 65 х 250 мм, кірпіш беті жаны деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары жандық деп аталады.. Өлшемдері 250 х 120 мм, кірпіш беті төсенді деп аталады.

Қалау қалыңдығы жылутехникалық есептеумен анықталады. Қабырға қалаулары тұтас және жеңілдетілген болып бөлінеді. Қабырғаның тұтас қалауы толық біртекті материалдан тұрады. Тұтас қалаудан жасалған қабырғалар ауыр, еңбексиымдылықты және жылутехникалық сапасы төмен болып табылады.

Қалау қалыңдығы әрқашанда кірпіш жартысының тақ және жұп санына қысқыруы керек. Кірпіштік қабырғалардың қалыңдығы 120, 250, 380, 510, 640, 770 мм және одан жоғары болады және , 1, , 2, және одан көп кірпішке сәйкес келеді. Кірпіштің 65 мм биіктігінде горизонтальды жіктерді қалыңдығы 10-12 мм етіп орындайды; әр 4 қатар 300 мм, ал 88 мм биіктікте қалау қатары 100 мм құрайды.

Қалаудың қасбетті бетіне шығатын қатарлары алдыңғы (сыртқы) беті, ал ішкі жағына қарағандары – ішкі беті деп аталады. Ішкі және сыртқы қатарлар арасындағы қалаулар қатары таса беті деп аталады.

Қалаудағы тастарды төсеудің анықталған реті байлау жүйесі болып табылады (3.2-сурет).

 

 

 
 

 


 

3.2-сурет. Кірпішті қалаудың байлау жүйесі:

а — шынжырлы (бірқатарлы); б — көпқатарлы; 1 — бүйірлік қатар кірпіші; 2 — жандық қатар кірпіші

 

Шынжырлы қалауда бүйірлік қатары жандықпен кезектеседі. Көпқатарлы қалауда бірнеше жандық қатарларды бір бүйірлікпен жабады. Биіктігі h = 65 мм кірпіштен қалауда әр 5 жандық қатарлар, ал h = 88 мм-де 4 немесе 3 жандық қатарлар бір бүйірлікпен жабылады. Көпқатарлы қалау екіқатарлыға қарағанда қарапайым, сондықтан тас қалаушылардың еңбек өнімділігі осы жүйеде жоғары.

Жеңілдетілген кірпіштік қабырғалар .Көтеруші функцияларын беріктігі жоғары бір материал, ал жылу қорғау функцияларын беріктігі мен жылу өткізгіштігі төменірек басқа мтериал орындайтын қабырғаны жеңілдетілген деп атаймыз.

Қабырғаның бұл конструкциясы қабырғаның ішкі сылағын жүргізбей, бояуға немесе түсті қағазбен оларды желімдеуге мүмкіндік береді.

Ұсақ бетонды блоктардан және табиғи тастан қабырғалар.Кірпішпен қатар, қабырғалық материал ретінде керамикалық және жеңілбетонды ұсақ блоктар кеңінен қолданылуда.

Қуыс денелі керамикалық тастардың (блоктардың) (7-сурет) сыртқы қабырғалар қалыңдығын азайтуға мүмкіндік беретін, кірпішке қарағанда, аз жылу өткізгіштігі болады. Сонымен қатар, мұндай тастардың көлемі кірпіш көлемінен екі есе жоғары, бұл қалаудың еңбек сиымдылығын төмендетеді және ерітінді үнемділігін береді. Жеті саңылаулы керамикалық тастар кеңінен тараған.

 
 

 


 

 

7-сурет. Жеті саңылаулы керамикалық тастардан қабырғалар

Ұсақ қабырғалық блоктарды ұяшықты бетондардан орындайды жәнеқабырғалар мен аралық қабырғалар қалауы үшін қолданады. Оларды бүтін емес блоктарды қолданып, қалаудың бірқатарлы жүйесі бойынша төсейді. Блоктар өлшемі 600х300х300 мм. Мұндай блоктардан қабырғалар, кірпіштік қабырғалармен салыстырғанда, төмен жылу өткізгіштігімен, аз беріктігімен және жоғарғы су сіңіргіштігімен ерекшеленеді, бұл сыртқы әрлеуді немесе сылақты қажет етеді.

 

6–дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттардың аражабындары және едендері. Аражабындардың және едендердің түрлері мен тағайындалуы. Азаматтық ғимараттардың аралық қабырғалары. Аралық қабырғалардың түрлері мен тағайындалуы.

Аражабындар ғимараттардың жалпы орнықтылығын қамтамасыз етуде үлкен рөль атқарады және олардың элементтерінің қабырғалармен немесе бөлек тіректермен қосылу жүйесіне байланысты соңғыларының көтеруші қабілетіне ықпал етеді.

Аражабындар келесі белгілері бойынша топталады: ғимаратта орналасу орны бойынша: жертөле үсті, қабат аралық, шатырлы; конструкциясы бойынша: негізгі элменті төсенгіштер мен жабынның басқа элменттері төселінетін арқалықтары болып табылатын арқалықты ғимараттың вертикальды көтеруші тіректеріне немесе ригельдерге және арқауларға сүйенетін көтеруші плиталардан немесе төсеніштерден тұратын плиталы; көтеруші капительмен вертикальды тірекпен байланысқан плитадан тұратын арқалықсыз: материалы бойынша: құрама темірбетонды, тұтас құймалы темірбетонды, ағаш және болат арқалықтар бойынша аражабындар.

Аражабындар беріктік, яғни оларға әсер ететін тұрақты және уақытша күштерді қауіпсіз қабылдау, талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Аражабындардың пайдалану сапаларын анықтайтын маңызды талабы қатаңдық деп аталады. Қатаңдық нормалармен тағайындалған шектерден асатын жылжуларды болдыртпайды.

Аражабындардың жеткілікті дыбыс изоляциясы болуы қажет. Осыған байланысты әртүрлі дыбыс изоляциялық қасиеттерімен аражабындардың қабатты конструкциялар қолданылады.

Жылуқорғау талаптары шатырлы және жертөле үсті аражабындар үшін қойылады. Аражабындардың көтеруші қабырғаларға түйіскен жерлеріндегі конструкциясына ерекше назар аудару қажет, себебі қолайсыз жағдайларғаұшыратуы мүмкін, қабырғаларда «суық жалақтары» пайда болуы мумкін.

Аражабындар өртке қарсы талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Бөлмелердің тағайындалуына байланысты аражабындарға арнайы талаптар да қойылуы мүмкін: су өткізбеушілік (сан. түйіндердің, душтардың, моншалардың аражабындар үшін); жанбауы (өртке қауіпті бөлмелерде), ауа өткізбеушілік (төменгі қабаттарда зертханалар, қазандықтар орналастырғанда ).

Ғимараттарда орналасу орнына байланысты емес аражабындар орнатқанда индустриалды болуы қажет, ал олардың конструкциялық шешімдері экономикалық және технологиялық негізделген.

Темербетонды аражабындар өте сенімді және ұзақ мерзімді болып табылады. Орнату тәсілдері бойынша олар құрама, тұтас құймалы, құрама-тұтас құймалы болып бөлінеді.

Темірбетонды плиталардан құрама аражабындар. Көпқуысты темірбетонды плиталардың ұзындығы 2,4 – 6,3 м (300 мм градациямен), ені 1; 1,2; 1,5; 1,8 м, қалыңдығы 220 мм (8 – сурет), және бетон класы В15, В25 орындалады.

Тұтас жазық темірбетонды плиталардың ұзындығы 3,6 – 6,3 м, ені 2,4 –7,2 м, қалыңдығы 120 және 160мм. Төселінген плиталарды сыотқы байланыстармен анкерлейді.

 

 

8- сурет. Аражабындардың көпқуысты плиталары

а- шеңберлі қуыстарымен; б- бетондайтын плиталар; в- сопақ қуысты плиталар; 1 – жоғарғы қабат; 2 – ортаңғы қабат; 3 – төменгі қабат

 

Тұтас құймалы аражабындар. Құрылыс алаңында қалыпта тұрғызылатын аражабындар тұтас құймалы деп аталады. (9–сурет). Тұтас құймалы темірбетонды аражабындардың қарапайым түрі, күштер мен аралық шамасына байланысты 3 м үлкен емес аралықтар үшін қолданылатын және 70–80 мм қалыңдықты етіп орындалатын, тегіс тұтас құймалы плита болып табылады.

9–сурет. Тұтас құймалы темірбетонды аражабындар:

а – қырлы; б – кессонды; в – арқалықсыз; 1 – плита; 2 – қосымша арқалықтар; 3 – негізгі арқалықтар (прогондар); 4 – ұстындар; 5 – қиылысқан арқалықтар; 6 – капительдер

Арқалықсыз тұтас құймалы темірбетонды аражабындар, капительдер деп аталатын жоғары бөлігінде қалыңдатылып орындалған ұстындарға сүйенетін, қалыңдығы 150–250мм плита болып табылады.

Үлкен аралықтарда арқалықты аражабындар (қырлы және кессонды) орнатылады. Қырлы аражабындар негізгі және қосымша арқалықтардан тұрады. Егер өлшемі 8х18м бөлмені жабу керек болса, 6м қадаммен 8м аралықты арқалықтар орнатылады. Бұл арқалықтар негізгі деп аталады. Олардың үстіне 1,5–2 м сайын 6 м аралықты қосымша арқалықтар төселінеді. Жоғарғы жағында қалыңдығы 60–100 мм плитаны бетондайды.

Егер негізгі және қосымша арқалықтардың биіктігі бірдей етіліп қабылданса, онда аражабындардың мұндай түрі кессонды деп аталады.

Едендер.Еден – келесі элменттерден тұратын, көп қабатты конструкция: жабындысы (таза еден) – пайдалану әсерлеріне ұшырайтын еденнің жоғарғы қабаты; төсенгіш қабаты (дайындау) – таза еденнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және негізгі күштерді тең бөледі: дайындау қабаты мен таза еден арасына аралық қабат орналасқан – жабынды мен тегістегіш қабаттары арасындағы аралық байланыстырғыш қабат; тегістегіш қабаты – төсенгіш қабатының бетін тегістеуге арналған, сонымен қатар жабындыға қажетті еңісті беретін қабат.

Еденге негіз ретінде қабат аралық жабындар немесе табиғи топырақ қызмет етеді.

Аражабындар бойынша едендерде төсеніш қабаты болмайды. Едендер конструкциясында қосымша – жылу – және дыбысизоляциялық қабаттары болуы мүмкін.

Едендер конструкцияларының топталуы: орнату орны бойынша – аражабынға немесе топыраққа төселінген (топырақ жертөлелерде немесе жертөлесіз ғимараттардың бірінші қабаттарында болуы мүмкін); жабындысының материалы бойынша – ағаш, бетонды, керамикалық, синтетикалық материалдан; жабындысының түрі бойынша – тұтас (жіксіз), түйірлі; рулонды; еден асты конструкциясы бойынша – негіз бен таза еден арасындағы желдетілетін саңылауымен қуысты, еден асты кеңістігі жоқ қуыссыз.

Ғимараттардың тағайындалуына және бөлмелерде өтетін функционалдың процестің сипатына байланысты едендер келесі талаптарды қанағаттандыру қажет: берік болуы, ягни сыртқы әсерлерге (қажуға және соққыларға) жақсы қарсыласа алуы; сырғанамайтын және жүргенде дыбыссыз болуы аз жылу сіңіруінің болуы; гигиеналық, яғни жеңіл тазалануы, пайдалануда ыңгайлылығы (шаң жинамауы, женіл жөнделуі); сәндігі – ғимараттың ішкі әрленуімен гармониялық бір жерден шығуы; индустриалды – тұрғызғанда өте үлкен еңбек шығындарын талап етпеуі; экономикалық үнемді – аз құнымен, еңбек сиымдылығымен, пайдаланудың ұзақ мерзімімен ерекшеленуі. Бөлмелердің тағайындалуы мен сипатына байланысты дымқыл бөлмелердікі жанбайтын болуы қажет.

Аралық қабырғалардың топталуы: тағайындалуы бойынша: бөлмелер аралық, пәтерлер аралық, ас бөлмелерүшін, сантүйіндер үшін, функциялары бойынша: түйық, есік және терезелер үшін ойықтарымен, толық емес, яғни төбеге жетпейтін; конструкциялары бойынша: тұтас, яғни біртекті материалдардан орындалған, қанқалы – сыртынан беттік материалмен қапталған; орнату тәсілі бойынша: стационарлы (тұрақты орналасу орнымен), тасымалданатын (орын ауыстырылатын немесе жылжымалы); материалы мен конструкциялары бойынша: іріпанельді, тасты (кірпіштік, керамикалық блоктардан), ағаш, әйнекблоктардан, әйнекпрофилиттен, плиталы.

Аралық қабырғалардың тағайындалуына сәйкес келесі талаптарға жауап беруі тиіс: аз салмақты және үлкен емес қалыңдықты болуы; жақсы дыбысизолациялық сапаларының және жануға қажетті кедергісінің болуы; саниторлы – гигиеналық сапаларына (тегіс, тазалауға ыңғайлы болуы) жауап беруі; орнатуда индустриалды, берік және орнықты болуы.

Ірі панельді аралық қабырғалар. Ірі панельді қабырғалар бояуға немесе түс қағаздарды желімдеуге дайындалған беттік жағымен бөлме өлшемімен зауытта шығарылады.

Қалындығы 8 – 10 мм гипс бетонды панельдерді 400х400 мм ұяшықты тормен төселінетін, 10х20 мм ағаш рейкаларымен арматуралайды (10 – сурет).

 

 

10 – сурет. Прокатты панельдер – аралық қабырғалардың ағаш қанқаларының сұлбасы:

а – тұтас қанқа; б – жеңілдетілген қанқа; 1 – вертикальды бекіткіш; 2 – жоғары бекіткіш; 3 – қаңқа рейналары; 4 – төменгі бекіткіш; 5 – гипсбетон;

6 – монтаждық ілмек

 

Болат тормен арматураланған темірбетонды панельдер қалыңдығы 120 –160 мм бөлме өлшемімен дайындалады. Толық жиналатын ғимараттарда олар ішкі көтеруші қабырғалар мен аралық қабырғалар функцияларын біріктіреді.

Ұсақ өлшемді элменттерден аралық қабырғалар. Кірпіштен аралық қабырғалардың қалыңдығы ½ және ¼ кірпіш болуы мүмкін ( 11,а – сурет).

 

 
 

 

 


11 – сурет. Тасты аралық қабырғалар

1 – арматура; 2 – шегелер; 3 – қайырма

Әйнек блоктардан аралық қабырғаларды болат вертикальды және горизонтальды арматуралық стерженьдердің блоктарының арасына ойықтарда төсенішімен цементтік ерітіндіде жіктерді байламай орнатады. Әйнек блоктың өлшемі 194х194х98 мм (12,а – сурет).

Шлакобетонды тастардан аралық қабырғаларды (11,б – сурет) қалыңдығы 90 және 190мм, ал керамикалық – 120 мм етіп орындайды. Өте үлкен биіктігі бөлме биіктігіне тең әртүрлі профильді элменттерден жинайды ( 12,б – сурет). Әйнек блоктардан және әйнекпрофилиттерден аралық қабырғалар ылғалға тұрақты, жақсы түрі, жоғарғы жарық өткізгіш қабілеті болады.

12 – сурет. Аралық қабырғалар:

а – әйнекблоктардан; б – профильді әйнектен; 1 – кірпіштік цоколь; 2 – әйнекблоктар; 3 – дюбельдермен бектілген, болат бекіткіш; 4 – ерітінді үшін жіктер; 5 – арматура; 6 – ағаш қаптама; 7 – швеллерлі қималы профильді әйнек; 8 – жақтау; 9 – бекіткіш арқаулары; 10 – желімделетін пленка;

11 – резиналы төсеніш

 

Гипсты плиталардан аралық қабырғалар. Плиталарды тегіз беттік жағымен және контуры бойынша жартылай шеңберлі ойықтармен 800х400х80 мм өлшемді етіп орындайды.

Өлшемдері 1200х2500х40мм гипсталшықты плиталардан аралық қабырғаларды вертикальды жіктерін жабумен екі қабатты етіп орындайды.

Гипскартонды беттерден аралық қабырғалар. Мұндай металл қаңқада аралық қабырғалардың конструкцияларының ішіндегі жеңілдерінің бірі болып табылады. Ағаш аралық қабырғалар. Қаңқалы аралық қабырғалар ағаш қаңқадан және толтырулардан тұрады.

Қаңқа қалыңдығы 20 – 25 мм тақтайлармен екі жағынан қапталған, әр 0,5 – 1 м сайын орнатылған тіректер қатарлары болып табылады.

Тақтайлы аралық қабырғаларды төменгі бекіткішке орнатылған қалыңдығы 50 мм тақталардан орындайды, ал жоғары шеттерін төбеге бекітілген үшбұрышты арқаулармен бекітеді.

Столярлы аралық қабырғаларды қосымша бөлмелердің қоршауы үшін қолданады. Оларды еденге бекітетін бекіткішке орнатылатын тұйық немесе әйнектелген құрама ағаш қалқандардан орындайды.

Шкафты аралық қабырғаларды тартпа болттар мен шуруптардың көмегімен тіректер мен қалқандардан жинайды. Аралық қабырғалар ені (500мм) киімдерді, аяқ киімдерді, кітаптарды сақтау үшін оларды қолдануға мүмкіндік береді.

Жиналатын қалқанды аралық қабырғалар ілмектермен біріктірілген топса бойынша ілмелі роликтер қозғалғанда аралық қабырғалар жиналады.

 

7–дәріс тақырыбы.Азаматтық ғимараттардың терезелері мен есіктері. Азаматтық ғимараттардың шатырлары. Төбе жабындылары.

Терезелер және витраждар бөлмелердің табиғи жарықтандыруын қамтамасыз етуге арналған негізгі вертикальды конструкциялар болып табылады. Тұрғындық ғимараттар үшін, мысалы, терезелер ауданы бөлмелердің еден ауданынан 1/8 – 1/5 шегінде болуы тиіс. Әйнектеу конструкциясы ғимараттың сыртқы келбетіне және бөлмелердің интерьеріне әсер ететін маңызды элемент.

Азаматтық ғимараттардың терезелері әртүрлі пішіндерімен және конструкциялық шешімдерінің күрделілігімен ерекшеленеді. Оларды келесі белгілері бойынша топтау қабылданған: тағайындалуы бойынша: сыртқы, ішкі ( есіктер үсті, қатарлас бөлмелер арасындағы терезелер); топса саны бойынша: бір –, екі – және үштопсалы; топсаларды ашу тәсілі бойынша: тұыйқ немесе вертикальды немесе горизонтальды ашылатын түптерімен; желдеткіш қондырғысы бойынша: форточкалар арқылы, сыртында жалюзий торы, ал ішінде тұйық есігі, жіңішке вертикальды топсасы бар желдеткіш қорабы арқылы; Әйнектеу қатарының саны бойынша: бірқатарлы оңтүстік аудандарда немесе бөлмелер ішінде; екі қатарлы – қалыпты климатты аудандарда, үш қатарлы – биік ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және солтүстік аудандарда қолданылады; жарық өткізгіш материалының түрі бойынша: қалыңдығы 2 – 6 мм кәдімгі әйнектен; арнайы әйнектен (күннен қорғау, жарықты тарату, әдемілік), профильденген эйнектен, әйнек блоктардан; терезелер конструкцияларының материалы бойынша: ағаш, металл, темірбетонды, пластмассалы.

Терезелер қанағаттандыруы қажет негізгі талап олардың жылу қорғау қасиеттері, бұл жылудың негізделмеген шығынын сақтауға мүмкіндік береді және бөлмелердің дыбысизоляциясын қамтамасыз етеді.

 

 

(Кровля) төбе жабыны беттік қабатша 1. бұларға шлиферлер жатады, 2 түрі плиталы (черепица), 3) рулонды (рубеласт) шкрос, изон, 4) мастикалық, 5) рулонсыз түрі (темірбетонды плиталардан тұрады), 6) біріктірілген төбе жабындары дегеніміз, жоғарғы аралық жабын мен төбе араларының функцияларын бір уақытта атқаратын төбе жабыны. Олардың негізгі 2-түр болады. Желдетілмейтін, 2-желдетілетін. Желдетілмеген төбе жабындары ауаның есептік қыстық температурасы – 30 г төмен емес аудандарда қолданылады. Винтеляциялық жабындардың желдетілмегендерден айырмашылығы жылу изоляциясының үстіне ауалы саңылау орнатылады. Ал төсеніш ретінде жіңішке темір бетондық плиталар қолданылады.

Бөлек конструкциялы

Төбе жабындары құрама темір бетонды элементтерден орындалатын шатырлы бөлектегі шатырдың биіктігі 1,6 м – кем болмауы керек, ал төмендетілген жерлерде 1,2 м – кем болмауы керек. Бөлек конструкциялы шатырмен төбе жабындары келесі түрлерге бөлінеді.

1. Суық шатырлы және рулонды немесе мастикалық төбе жабынды.

2. Суық шатырлы және рулондық төбе жабындысы сыртқы және ішкі

3. Жылы шатырлы және рулонды және рулонсыз.

 

8–дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттардың сатылары. Сатылар конструкциялары және тағайындалуы. Ғимараттардың санитарлы-техникалық және инженерлік жабдықтарының құрылыстық элементтері. Ғимараттардың желдеткіш қондырғылары

 

Азаматтық ғимараттар сатылары келесі белгілері бойынша топталады:

тағайындалуы бойынша: қабаттар арасындағы күнделікті қатынастар үшін негізгі;жертөле немесе шатырмен байланысы үшін қосымша;асханалар, дүкендер және басқа қоғамдық ғимараттар кызметкерлеріне қызмет көрсету үшін қызметтік;ғимараттан шығару үшін апаттық; шатырға шығуды қамтамасыз ететін өрттік;ғимаратқа немесе бөлек бөлмелерге кіретін сатылар; адымдарының саны бойынша: бір адымды; екі адымды; үш адымды; өрттік қауіпсіздіктің шарттары бойынша: сатылы торларда орналасқан, өрт пен түтіннен қорғалмаған, өрт пен түтіннен қорғалатын сатылар; түтін тұрмайтын, яғни көп қабатты ғимараттардың бөлмелерімен балкон немесе лоджия арқылы байланысқан сатылар.

Саты адымдардан және алаңдардан тұрады. Қабат еденінің деңгейінде орналасқан сатылық алаңдар қабаттық, ал қабат биіктігі бойынша аралық сатылық алаңдар қабат аралық деп аталады. Сатылық адымдардың түрлері: цокольді, қабат аралық, жертөлелік, шатырлы. Марш баспалдақтардан, оларды сүйеп тұратын қиғаш тіректерден (баспалдақтар астында орналасқан) немесе тетивтен (баспалдақтарға бүйірінен түйіскен тіректер) тұрады. Баспалдақтардың вертикальды және горизонтальды қырлары болады. Сатылы тордың, фризді деп аталатын сатылық алаңға түйісетін жоғарғы және төменгі баспалдақтарынан басқа, барлық баспалдақтарының бірдей пішіндері болуы қажет.

Ғимарат жоспарын-да сатыларды орналастыру. Олардың саны мен өлшемдері адам-ы сыртқа шығару-ң ыңғайлылығын қамтамасыз етуді ескерлік ғимараттардың тағайындалуына өлшеміне және үйлесімділігіне байланыс-ы

Азаматтық ғимараттарда.

Талаптар

Сатылардың тағайындалуына байланысты беріктік ұзақ мерзімдік адамдар қозғалысында ыңғайлы және қауіпсіз. Өртке қарсы талаптарына жауап беру керек.

Қн мен Е бойынша

Адым еңісі негізгі сатылары үшін

1:2 – 1; 1,7 қ

Қосымша сатылар үшін 1:1,25

Адымдағы барлық баспалдақтар бірдей жүру үшін өлшемдері ыңғайлы болу керек.

Адымдағы баспалдақтар саны 18>8

Баспалдақ өлшемі.

Алаңдар мен адымдар астындағы өтетін жердің биіктігі 2 м кем болмауы керек. Сатылық адымның ені есептеу шен сатысының өткізу қабілетіне байланысты анықталады, бірақ 2-қабат үйлерде 900 мм кем емес 3 қабатты және жоғары үйлерде 1050 мм кем болмауы керек.

Сатылы торлар табиғи жарықтандырылу керек. Адымдар арасында өрттің шлангыларды өткізу үшін саңылау қамтамасыз ету керек.

Адым енінен кем болмауы керек. Негізгі сатылардың сатылық алаңдарының ені 1200 мм кем болмауы керек.

Сатымен – сатылық торлардың өлшемдерін анықтау үшін. Қабат биіктігін адым енін баспалдық енін білу керек.

Темірбетонды сатылар конструкциялары.Темірбетонды сатылар конструкцияға сатыны ортану әдісі бойынша құрама және тұтыс құйылмалы етіп бөледі.

Ұсақ өлшемді элементтерден сатылар.

Ірі өлшемді элементтерден сатылар.

Сатылар қоршауы.

9-дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттар түрлері. Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар. Ірі панельді ғимараттар. Ірі блокты ғимараттар.

 

Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар.Тұтас құймалыдеп ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу орнында біріккен тұтас (тұтас құймалы) түрінде орындаған негізгі бөліктері бетон мен темірбетоннан құрылыс конструкцияларын айтады. Тұтас құймалы конструкциялар құрамалармен араласқанда тұрғызу әдісі және ақырғы конструкция құрама - тұтас құймалы деп аталады. Тұтас құймалы және құрама - тұтас құймалы темірбетоннан ғимараттарды тұрғызу әдісі ғимараттың әртүрлі пішіндерін, ойықтардың кез келген пішіндері мен өлшемдерін, әртүрлі қабатты және т.б. алуға мүмкіндік береді. Бірақ геометриялық шамалардың, күштердің, бұйымдар түрлерінің ықшамдалу талаптары толық жиналатын ғимараттардағы сияқты сақталуы тиіс.

Біртұтас қүймалы ғимараттар – тұрғындық, қоғамдық, өндірістік–технологиялық және функциялық талаптарына байланысты көтеруші қабырғаларымен де, сондай–ақ қаңқаны қолданумен де тұрғызылады. Мұндай шешімдердің ерекшелігі конструкциялық пішіндерінің нақтылығы және қарапайымдылығы: ұстындар – шеңберлі немессе тікбұрышты қималы; аражабындар – негізінен арқалықсыз, аралық қабырғалардың орналасу еркіндігін, яғни жоспарлық шешімдердің еркіндігін қамтамасыз етеді; қатаңдықтың вертикальды диафрагмалары, бұл жағдайда тек қана вертикальды күштерге жұмыс істейтін, аражабындардың ұстындармен түйісу түйіндерінің конструкциясын қарапайымдайды; аражабындарда электр– және әлсіз тоқты қондырғылар үшін барлық құбырларды төсейді, бұл көбіне құбырлар орналасатын, ілмелі төбелерді орнатудың және еден асты себулердің қажеттілігін жояды.

Көпқабатты қаңқалы ғимараттар үшін, тұтас құймалы темірбетоннан орындалатын, қатаңдықтың кеңістік өзегі бұл ғимараттарды жоспарда күрделі пішінімен, әртүрлі көлемдік-жоспарлық шешімдерімен тұрғызуға мүмкіндік береді. Конструкциялық қатынасы бойынша жоспарда тұтас, қорапты пайда болуы, қатаңдық өзегінің қимасы қатаңдықтың жазық қабырғаларынына қарағанда ғимараттың кеңістік қатаңдығын көп рет ұлғайтады, сонымен қатар бетон мен болат шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Тұрғындық құрылыста қолданылатын, тұтас құймалы және құрама - тұтас құймалы жүйелер, қиылысқан-қабырғалы немесе көлденең-қабырғалы нұсқасында қаңқасыз конструкциялық жүйелерге көбірек бағытталған. Аралас конструкциялық жүйелерде бірінші қабат – қаңқалы, жоғарылары – қаңқасыз.

Тұтас құймалы үй құрылысы ықшамдаудың қатаң талабына бағынады: 300 мм қысқарумен бойлық және көлденең қабырғалар қадамы 2,7–7,2 м; тұрғындық қабаттар биіктігі 2,8 и 3 м; тұрғындық емес қабаттар биіктігі 3,3; 3,6; 4,2 м; бірінші тұрғындық емес қабаттардың көтеруші конструкцияларының қадамы: 6,0; 6,6; 7,2 м – ғимараттың жоғары орналасқан қабаттарының көтеруші конструкцияларының қадамына тәуелсіз қабылдануы мүмкін.

Тұтас құймалы темірбетонды қолданудың тиімді ауданы үлкен күштерді көтеретін аражабындар конструкциялары, оның ішінде арқалықсыз аражабындарды орнату. Мұндай аражабындарды көтеру әдісімен тұрғызу дамыған әдістердің бірі болып табылады.

Бұл әдістің артықшылықтары: аражабындардың борттық қалыбының түрлерін өзгерту арқылы, сондай-ақ аражабындардан шығып тұратын арқалықтар мен ригельдердің жоқтығы арқасында, ұстындардың жоспарда еркін орналасуы ғимараттардың әртүрлі көлемдік-жоспарлық шешімдерін құруға мүмкіндігі ; ғимараттарды тұрғызу процестерінің кешенді механизациясы, жер деңгейінде жұмыстардың көп бөлігін орындау ыңғайлылығы; нақты қала құрылысы арасындағы күрделі рельефтегі немесе шектелген алаңдардағы құрылыс жағдайында өте маңызды орын алатын, шектелген құрылыстық алаңның жағдайында (жерүсті крандарының және материалдарды жинау үшін алаңдардың жоқтығы арқасында) ғимараттарды тұрғызу мүмкіндігі.

Ірі панельді ғимараттар. Қабырғалардың, аражабындардың, жабулардың және басқа конструкциялардың алдын ала дайындалған ірі өлшемді жазықтықты элементтерінен жиналған ғимараттар Ірі панельдідеп аталады. Құрама конструкциялардың сыртқы және ішкі беттері әрленген, терезелері мен есіктері орнатылған жоғарғы зауыттық дайындығы болады.

Ғимараттар конструкциялық сұлбасы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: бойлық және көлденең көтеруші қабырғаларымен қаңқасыз және қаңқалы.

Қаңқасыз ғимараттар құрама элементтердің аз мөлшерінен тұрады, монтажының қарапайымдылығымен ерекшеленеді және жаппай тұрғындық құрылысында кеңінен қолданылады. Бұл ғимараттарда сыртқы және ішкі қабырғалар барлық әсер ететін күштерді қабылдайды. Кеңістік қатаңдық және орнықтылық қабырға панельдері және аражабындар арасындағы өзара байланыспен қамтамасыз етіледі.

Қаңқалы панельді ғимараттарда оларға әсер ететін күштерді ригельдер және қаңқа тіректері қабылдайды, ал панельдер көбіне қоршау функцияларын атқарады. Келесі конструкциялық сұлбалар болады: толық көлденең қаңқалы; толық бойлық қаңқалы; кеңістікті қаңқалы; : толық емес көлденең қаңқалы және көтеруші сыртқы қабырғаларымен; ұстындарға төрт бұрыштары бойынша аражабын плиталарының сүйенуімен; сыртқы панельдерге және ішкі қатар бойынша екі тірекке плиталардың сүйенуімен. Бұл сұлбалар қоғамдық ғимараттар үшін ерекше тиімді.

Ірі панельді ғимараттарды жобалаудың маңызды кезеңі қабырғаларды бөлудің жүйесін таңдау болып табылады (21-сурет).

21-сурет. Ғимарат қасбетін панельдерге бөлу сұлбасы:

а – терезелі бөлмеге; б – терезелерімен немесе терезе және балконды есігімен екі бөлмелерге; в–ленталы ілмелі панель; г – терезе асты жапсырмасымен екі қабатқа қабырға аралық панельдер

Ірі панельді ғимараттарда бөлудің горизонтальды сұлбасы (бір қатарлы бөлу) қолданылады – бір бөлме (бір терезелі), екі бөлме өлшеміндегі және жолақты (жолақты белдеулі және қабырға аралық панельдерден) бірқабатты панельдермен құрылады. Вертикальды сұлба (екі қатарлы бөлу) қабатқа бір терезелі және екі қабатты қабырға аралық және қабат аралық белдеулі панельдерден орындалған жолақты екі қабатты панельдерден құрылады. Азаматтық құрылыста қабырғаларды бөлудің горизонтальды сұлбасы көп тараған.

Қаңқалы - панельді ғимараттар.Қаңқалы - панельді ғимараттар қоғамдық ғимараттар құрылысында кеңінен қолданылады. Олар үшін ригельдердің көлденең және бойлық орналасуымен екі конструкциялық сұлбасы сипатты.

Құрама темірбетонды қаңқа элементтерінің құрамына шеткі қатар үшін бір консольді және ортаңғы қатар үшін екі консольді биіктігі бір–екі қабатты тікбұрышты қималы ұстындар; қабат аралық жабын плиталары және сатылы адымдардың сүйенуі үшін бір немесе екі текшелі таврлы қималы ригельдер; ұстындар мен ені 1200, 1500 мм қатардағы плиталар үшін қабырға жанындағы, ұстын аралық (байланыспалы) плиталардан тұратын қабат аралық жабын түрлері (көпқуысты немесе тұтас) кіреді.

Қаңқалар келесі жүйелерге бөлінеді: рамалы, рамалы–байланыспалы, байланыспалы.

Рамалы жүйе (22-сурет) өзара перпендикулярлы бағыттарда орналасқан және қатаң конструкциялық жүйені құратын ұстындардан, олармен қатаң біріккен ригельдерден тұрады.

22-сурет. Рамалы жүйелі ғимарат сұлбасы:

1 — ұстын; 2 — ригельдер

 

Рамалы–байланыспалы жүйелерде (23-сурет) қаңқа элементтерінің біріккен жұмысы ондағы рамалар мен вертикальды қабырға-байланыстардың (диафрагмалардың) қатысу үлесін бөлу арқылы жүзеге асырылады.

23-сурет. Рамалы–байланыспалы қаңқалы ғимарат сұлбасы:

а – жазық байланыстарымен; б – кеңістік байланыстарымен; 1 – ұстындар; 2 – ригельдер; 3 – жазық байланыспалы элементтер

Көпқабатты қоғамдық ғимараттар үшін қатаңдық өзегін құрайтын, ғимараттың барлық биіктігі бойынша өтетін, қабырғалардың немесе кеңістік элементтердің бұрышпен өзара қатаң біріккен түріндегі кеңістікті байланыспалы элементтері бар қаңқалардың байланыспалы жүйелері қолданылады.

Ірі блокты ғимараттар. Қабырғалары салмағы 0,3–3 т және одан көп ірі тастардан (блоктардан) тұрғызылатын ғимараттар ірі блокты деп аталады. Бұл ғимараттарда барлық басқа конструкциялық элементтері де ірі өлшемді элементтер мен бөлшектерден орындалады.

Блоктарды дайындау үшін материал ретінде жеңіл бетондар (керамзитбетон, ұяшықты бетон), сонымен қатар жергілікті материалдар (ракушкалар, туфтар) қолданылады. Сыртқы қабырғалар блоктарының сыртқы беті декорациялық бетонмен немесе қалыңдығы 30–40 мм ерітіндімен сылақталады, ал ішкі жағы бояуға немесе түс қағазын желімдеуге дайындалған.

Ірі блокты ғимараттар үшін көтеруші қабырғалардың бойлық және көлденең орналасуымен ко


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 927; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты