Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


МКТ.Термодинамика. Нақты газдар. Фазалық ығысулар




А

1. Идеал газды қыздырғанда молекулалар қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 4 есеге артты.Абсолюттік температура қалай өзгереді?

2. Біратомды газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы

- 73oC температурадағыдан екі есе көп болатын температураны анықта.

3. молярлық массасы M=32 . 10-3 кг/моль болатын бір молекуланың массасын тап

4. массасы 3 . 10-27 кг 1 км / с орташа квадраттық жылдамдықпен қозғалатын концентрациясы 100 млрд куб миллиметрде болатын молекулалы идеал газ қабырғаларына қандай қысым көрсетеді?

5. 150 кПа қысымда, 270C температурада 2 м3 көлемді газда қанша молекула бар?

6. 270C температурадағы идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясын анықта.

7. T=120 K температурадағы 1,5 моль гелийдің барлық молекулаларының үдемелі қозғалыс кезіндегі Ек кинетикалық энергиясының жиынтығын анықта.

8. 270C температурадағы 5 . 106 Па қысымдағы сутек 30 дм3 көлемді баллонда.Сутекті идеал газ деп есептеп,газ массасын анықта.

9. массасы 0,5кг -10 0C температурадан +100C температураға дейін қыздыруға қажет жылу мөлшерін анықта.(темірдің меншікті жылу сыйымдылығы780 )

10. m1 массалы T1 температурадағы су m2 массалы T1 температурадағы сумен араласты.Қоспа температурасын тап.

11. Газ 0,2 МДж жылу алып, ішкі энергиясын 50 кДж көбейтті.Газдың атқарған жұмысын анықта.

12. Идеал газға5 Дж жылу берілген және ішкі күштер 8 Дж жүмыс атқарды.Газдың ішкі энергия өзгерісін анықта.

13. Изобаралық қыздыруда оттектің біршама массасы 200 К-де 25кДж жұмыс атқарды.Оттектің массасын тап.( -3кг/моль, R=8,31Дж /(моль . К))

14. Изохоралық процессте азотқа 60 Дж жылу берілді.Азоттың ішкі энергиясын арттыруға қанша жылу кетеді?

15. Газ Карно циклін атқарады.Изотермиялық кеңеюдегі газдың жұмысы А1=5 Дж ПӘК 20% болатын изотермиялық сығылудың А2 жұмысын анықта.

16. Бу трубинаға 4800C түсіп және оны 300C температура да қалдыратын болса,идеал бу трубинасының ПӘК ің анықта.

17. Пәтердегі ауаның көлемі 105 Па тұрақты қысымда 20дм3 ке артты.Газ қандай жұмыс атқарды?

 

В

1. р=200 кПа қысымда V=2 л сыйымдылықты ыдыстағы газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын анықта.Газ массасы m=0.3 г.

2. Гелиймен толтырылған 270С температурадағы 105 Па қысымдағы шардың көлемі 500 м3.Атмосфераның жоғарғы қабатында температура - 350С қа дейін төмендеп,ал қысым 5 *104 Па тең болса,шардың көлемі қандай?(Гелий массасы тұрақты)

3. Газды қысқанда оның көлемі 8 л-дан 5 л-ға дейін азайды,ал қысым 60кПа артты.Бастапқы қысымды тап.

4. 1,5 есеге артқан қысымда 140 К қыздырылған жабық ыдыстағы газ қандай температурада болды?

5. Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 450м/с.Газ қысымы 5*104Н/м2.Газдың тығыздығын анықта.

6. 100С температурадағы 20 г оттектің жылу энергиясы қандай?Осы энергияның қандай бөлігі үдемелі қозғалысқа, ал қандай бөлігі айнымалы қозғалысқа?

7. Р=200кПа қысымдағы массасы m=0.6г газы бар колба сыйымдылығы V=4л.Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын анықта.

8. Қандай температурада азоттың орташа квадраттық жылдамдығы 50м/с жылдамдықтан жоғары болады?

9. V=5 л сыйымдылықты ыдыстағы азот молекуласының еркін жолының орташа ұзындығын анықта.Газ массасы 0,5г.

10. Р=20МкПа қысымды сутек Т=300К температурадағы осындай газдың молекуласының еркін жолының орташа ұзындығын анықта.

11. Қалыпты жағдайда сутек молекуласының еркін жолының ұзындығы 0,160мкм.Сутектің 1 молекуласының диаметрін анықта.

12. Қандай қысымда азот молекуласының еркін жолының орташа ұзындығы 1 м ге тең болады.температурасы t=100С.

13. Р=133нПа қысымды Т=200К температурадағы оттегі берілген.Оттегі молекулаларының r=1c уақыт ішіндегі басқа молекулалармен соқтығысу санын анықта.

14. Азот пен оттегі қоспасынан тұратын газ қандай температурадат азот пен оттек молекулаларының жылдамдығы бір-бірінен V=30м/с ке өзгерісте болады?

15. Көлемі 70м3 бөлменің ауасының температурасы 280К болды.Пешті аздап жағып қойғанда температура 296 К дейін көтерілді.Қысым тұрақты 100кПа болып ауа ұлғайған кездегі жұмысын анықта.

16. Сутек Т=300К температурада 0,5 моль сутектің бір молекуласының айналмалы қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын <εвр> және осы газдың барлық молекулаларының кинетикалық энергиясының жиынтығын анықта.

17. Изохоралық процессте 190С тан 210С дейін қыздырғанда екі атомды идеал газдың үш молінің ішкі энергиясы қаншаға артады?

18. Жылуөткізбейтін ыдыста газ сығылса,оның температурасы қалай өзгереді?

19. Адиабаталық процесте 2 моль біратомды газдың температурасы 80К ге азайды.Газдың істеген жұмысын анықта.

20. Біратомды газдың қысымы 6 есеге артты,ал көлемі 2 есе азайды.Ішкі энергияның өзгерісі қандай?

21. Біратомды газдың қысымы 6 есеге артты,ал көлемі 2 есе азайды.Ішкі энергияның өзгерісі қандай?

22. 160 г оттекті ΔТ = 12 К қыздырғанда Q = 1,76 кДж жылу жұмсалды.Процесс қалай өтті?

23. Адиабаталық сығылуда газ температурасы 300К нен 1200 К ге дейін артты.егер =1,5 болса,қоспаның көлемі қаншаға кемиді?

24. Изобаралық процессте 299 К нен 301 К ге дейін қыздырғанда біратомды идеалгаздың үш мольнің ішкі энергиясы қаншаға артады?

25. Көлемі 70м3 бөлменің ауасының температурасы 280К болды.Пешті аздап жағып қойғанда температура 296 К дейін көтерілді.Қысым тұрақты 100кПа болып ауа ұлғайған кездегі жұмысын анықта

26. 5 кг аммиактыңNH3 340K температурадағы ішкі энергиясын анықта.

27. Біратомды газдың қысымы 6 есеге артты,ал көлемі 2 есе азайды.Ішкі энергияның өзгерісі қандай?

28. Адиабаталық процесте 2 моль біратомды газдың температурасы 80К ге азайды.Газдың істеген жұмысын анықта.

29. Идеалдық жылу двигателінің абсолюттік қыздыру температурасы тоңазытқыш температурасына қарағанда үш есе артық.Қыздырғыш газға 40кДж жылу берді.Газ қандай жұмыс атқарады?

30. Идеалдық жылу машинасында қыздырғыштан алынған әр кДж энергияға 300 Дж жұмыс атқарылады.Тоңазытқыш температурасы 280 К болғандағы машинаның ПӘКін және қыздырғыштың температурасын анықта.

31. Карно цикліндегі қыздырғыш температурасы 380 К нен 560 К ге дейін көтерілген кезде ПӘК і қанша есеге артады?Суытқыштың температурасы 430 К.

32. 1 моль газ 2 изохорадан және 2 изобарадан тұратын цикл жасайды.Газдың ең аз көлемі 10л, ал ең көбі 20л. Ең аз қысым 2,5 атмосфера,ал ең көбі 5 атмосфера.Циклдің жұмысын анықта.

33. m=1 кг мұздың еруінің (t=00C). энтропиялық өзгерісін тап.Мұздың еру жылуы r = 335 кДж/кг.

34. 250 нен 300К ге дейінгі изохоралық қыздыру кезіндегі 10 г ауаның энтропиялық өзгерісі қаншаға тең?

35. 3 л ден 8 л ге дейінгі изотермиялық кеңейу кезіндегі 10 г ауаның энтропиясын анықта.

36. массасы 0,2 кг оттегі 270С температурадан 1270С температураға дейін қыздырылуда.Бастапқы және соңғы қысым бірдей екені белгілі.Энтропиялық өзгерісін анықта.

37. 100 0C температурадағы 1 кг будың конденсациясы кезіндегі энтропиялық өзгерісін анықта.

38. Идеал газ процесс жасады.Нәтижесінде қысымы n есе артты.Еркін жолының орташа ұзындығын l әне n молекуланың t уақыт ішіндегі басқа моекулалармен соқтығысу санын анықта.Процесс изохоралық.

 

1. 20 г. Газды 100С-та изохорлық қыздырғанда 630 Дж. Ал изобарлық қыздырғанда 1050 Дж жылу керек болды. Газдың мольдік массасын анықтаңыз.

2. Сутегінің молекуласының орташа еркін жолының ұзындығы <L> 2 мм болса, оның тығыздығы табыңыз.

3. Қалыпты жағдайдағы оттегінің орташа еркін жолының ұзындығы <ℓ> 100 нм болса, осы жағдайдағы оттегі молекуласының орташа раифметикалық <υ> жылдамдығын анықтаңыз.

4. Көлемі =5 л ыдыста массасы 5=0,5 г сутегі бар. Осы ыдыстағы сутегі молекуласының еркін жолының орташа ұзындығын <ℓ> анықтаңыз.

5. Газ молекулаларының орташа квадрат жылдамдығы 450 м/с. Газ қысымы 5.104 Н/м2. Осы газдың тығыздығын анықтаңыз.

6. Температурасы Т=350 K, қысымы 0,4 Мпа, көлемі 300 л және жылу сыйымдылығы Сv=857 Дж/К идеал газдың адиабат көрсеткішін анықтаңыз.

 

Электростатика (вакуумдағы)

1. Әрбіреуінің заряды 10 Кл ені нүктелік хзарядтар 10 Н күшпен әсерлеседі. Олар қандай қашықтықта орналасқан?

2. Әрбіреуі 1 Кл екі заряд 1 м қашықтықтан қандай күшпен әсерлеседі?

3. Екі зарядтың біреуінің шамасын 4 есе артырғанда олардың арақашықтығын қанша есе өзгерту керек?

4. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 10-7 Кл зарядқа әсер етуші күш 4.10-3Н. Сол нүктедегі өрістің кернеулігін анықтаңыз?

5. Электр өрісінің 0,1 мк Кл заряд орналасқан нүктесінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әсер етуші күшті табу керек.

6. Массасы 2.10-16г бөлшек кернеулігі 10 В/м. Электр өрісінде қозғалады. Оның үдеуін анықтаңыз.

7. Электронның біртекті электр өрісіндегі қозғалысының үдеуі 1012см/2. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

8. Зарядтары тең q1= q2= q арақашықтығы d екі зарядтың ортасындағы нүктенің вакуумдағы кернеулігін табыңыз.

9. Ұзындығы 10 см таяқшаның заряды 1 мк Кл. Таяқшаның зарядының сызықтық тығыздығын анықтаңыз.

10. Радиусы 1 см металл шарға 6,3 мк Кл заряд берілді. Шардың зарядының беттік тығыздығын анықтаңыз.

11. Ішіне + q1 және (-q2) зарядтары орналасқан вакуумдағы сфералық бет арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын табыңыз.

12. Электр өрісінің берілген нүктесіне орналасқан нүктелік 10 нКл зарядтың потенциалдық энергиясы 10 мн Дж. Осы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

13. Егер 2 мн Кл зарядты шексіздіктен берілген нүктеге әкелгендегі істелген жұмыс 4.10-4 Дж болса, нүктенің потенциалын анықтаңыз.

14. Зарядтары бірдей q аттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Әрбір зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

15. Зарядтары тең q әраттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Екі зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

16. Потенциалдар айырымы 8 В екі нүктенің арасында электр заряды q қозғалған кезде атқарылған жұмыс 4 Дж. Заряд q шамасы қанша?

17. 20 н Кл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғандағы атқарылатын жұмыс қанша?

18. 20 н Кл заряд потенциалы -100 В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғандағы істелген жұмыс қандай?

19. Потенциалдар айырымы 10 кВ нүктелер арасында қозғалған электрон қандай кинетикалық энергияға ие болады?

20. Бір күш сызығының бойында бір-бірінен 4 см қашықтықтағы нүктелердің потенциалдар айырымы 120 В. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

21. Кернеулігі 60 кв/м біртекті өрісте 5 нКл заряд орын ауыстырды. Модулі 20 см орын ауыстыру бағыты күш сызығымен 600 бұрыш жасайды. Өрістің жұмысын табыңыз.

22. Заряды 9,8.10-18 Кл бөлшек горизонталь орналасқан конденсатордың астарларының арасында тепе-теңдік күйінде қозғалыссыз тұр. Конденсатордың өрісінің кернеулігі 2.104 В/м. Бөлшектің массасын анықтаңыз.

23. Конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің вакуумдағы кернеулігі 40 В/м, астарларының арақашықтығы 2 см. Конденсатор астарларының арасындағы кернеуді табыңыз.

24. Электр өтімділігі ε=1,5, кернеулігі Е=2. 103 В/м электр өрісінің тығыздығы қандай?

В

1. + q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі кернеуліктердің қатынасы қандай? ОА=АС

 

2. + q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі потенциалдарының қатынасы қандай? ОА=АС

 

3. Екі бірдей метал шариктердің біреуінің заряды екіншісінен 3 есе артық етіп зарядталады. Зарядтар аттас. Шариктердің бірі-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орнына апарып қойды. Олардың өзара әсерлесу күштері Ѓ2 / Ѓ1 қалай өзгерді.

4. Екі бірдей металл шариктердің біреуінің заряды екіншіден 3 есе артық. Зарядтар аттас емес (әр аттас). Шариктерді бірін-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орындарына апарған олардың өзара әсерлесу күштерінің қатынасы Ѓ2 / Ѓ1 қалай өзгереді?

 

5. Қабырғасының ұзындығы σ вакуумдағы куб көлемдік тығыздығы ρ зарядпен зарядталған. Кубтың қабырғалары арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын анықтаңыз.

6. Х ось бойындағы кернеулікті анықтаңыз. Өріс потенциалының х-пен байланысы

7. Массасы m, заряды оң + q шарик υ жылдамдықпен қозғалады. Ол алдында тұрған нүктелік оң зарядқа Q қанша қашықтыққа дейін жақындай алады?

8. Оң зарядтар q1 =10 мк Кл және q2 =40 мк Кл вакуумда бірі-бірінен 4 м қашықтыққа орналасқан. Екі зарядты бір-біріне 2 м қашықтыққа дейін жақындату үшін қандай жұмыс істеу керек ?

9. жылдамдығы 3600 Км/с электрон күш сызығының бойымен кернеулігі 3 В/см біртекті электр өрісінде қозғалып келе жатып тоқтайды. Электронның тоқтағанға дейінгі жол ұзындығын анықтаңыз. Электронның меншікті заряды qэл /mэл =1,8.1011 Кл/кг;

10. Радиусы R металл шарға заряд берілді. Шардан 4 R қашықтықтағы нүктенің кернеулігі 2 В/м. Шар бетінің өріс кернеулігін анықтаңыз.

11. Екі нүктелік зарядтар 6 q және 2 q бірі-бірімен 0,3Н күшпен әсерлеседі. Егер зарядтарды бір-бірімен тиістіріп содан кейін бұрынғы орнына апарып қойғанда қандай күшпен әсерлеседі?

12. Зарядтары бірдей екі кішкене мойыншақтың біреуінің зарядының 2/3 бөлігін алып екінші мойыншаққа қосса, олардың кулондық тебі күші неше есе өзгереді?

13. де орналасқан. Егер Кернеулігі 60 кв/м біртекті өріс 5 нКл заряд орын ауыстырды. Модулі 20 см орын ауыстыру бағыты күш сызығы бағытымен 600 бұрыш жасайды. Орын ауыстырудың алғашқы және соңғы нүктелері арасындағы потенциалдар айырымын табыңыз.

14.Массасы m тозаң түйірінің заряды Q. Ол электр өрісінің күш сызықтары бағытымен ұшып кіреді де И потенциалдар айырымын жүріп өткеннен кейін υ жылдамдыққа ие болады. Тозаң түйірінің өріске кірген кездегі жылдамдығын υ 0 анықтаңыз.

15.Біртекті электр өрісіндегі электрон 1012 см/с2 үдеумен қозғалады. Бастапқы электрон жылдамдығы О (нөль) болса 104С өткеннен кейінгі жылдамдығын табу керек.

16.Электрон конденсатордың бір астарынан екінші астарына қарай қозғалады. Астарлардың потенциалдар айырымы 4 кВ, арақашықтығы 8 мм болса, электронның қозғалысының үдеуін табыңыздар.

17. Электрон кернеулігі 200 кВ/м біртекті электр өрісінде орналасқан. Егер оның алғашқы жылдамдығы 0 болса 1 нс ішінде қандай жол жүреді?

18. Электрон кернеулігі 200 кВ/м біртекті электр өрісінде орналасқан. Егер оның алғашқы жылдамдығы 0 болса 1 нс уақыттан кейінгі жылдамдығы қандай болады?

19. Радиусы 1 см, зарядының беттік тығыздығы 10-11Кл/см2 шардан 10 см қашықтықтағы өріс нүктесінің потенциалын табыңыз.

C

1. Жылдамдығы U0=1 мм/с электрон кернеулігі Е=1rd/v біртекті өріске күш сызығы бойымен ұшып кіреді. Электронның алғашқы жылдамдығының жартысына тең болатын нүктеге дейінгі жол ұзындығын L анықтаңыз.

2. Зарядтар Q1=90 нКл және Q2=10 нКл бірі-бірінен 4 см қашықтыққа орналасқан. Осы екі зарядтың тарапынан әсер етуші күштердің модулі тең, бағыттары қарама-қарсы болуы үшін үшінші зарядты қандай қашықтыққа орналастыру керек?

3. Біртекті электр өрісіндегі электрон 1012 см/с2 үдеумен қозғалады. Электр өрісінің 10-4 С ішіндегі жұмысын анықтаңыз.

4. Электрондық лампаның аноды мен катодының арасындағы потенциал айырымы 90 В, ара қашықтығы 1мм. Электрон катодтан анодқа қанша уақытта жетеді?

5. Екі Q1=2Q және Q2=-Q зарядтары бір-бірінен d арақашықтыққа орналасқан. Осы екі зарядтар арқылы өтетін түзудің бойында жатқан, кернеулігі Е= 0 болатын нүктенің орнын анықтаңыз.

6. Майдың екі бірдей тамшысының әрқайсысында 100 артық электрондар бар. Олардың электрлік тебу күші гравитациялық тарту күшіне тең. Егер майдың тығыздығы 0,9.103 кг/м3 болса, әрбір тамшының көлемін анықтаңыз.

Электростатика (зат ішіндегі)

A

1. Этил спирті құйылған ыдыс ішінде екі нүктелік заряд бар. Спирт ұшып кеткеннен кейін зарядтардың өзара әсерлесу күштері қалай өзгереді (Есп = 25).

2. Вакуумдағы екі нүктелік зарядтардың 27 см қашықтықтан әсерлесу күші диэлектрик ішінде 3 см қашықтықтан әсерлесу күшіне тең. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.

3. Егер конденсатордың кернеуі И=500В, С=5пф болса оның астарларының заряды қандай?

4. Егер конденсатордың астарларының ауданын 5 есе ұлғайтып және оған 5 есе кем заряд берсек оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

5. Конденсатордың астарларының ауданын 5 есе өсіріп, ал арақашықтығын 6 есе кішірейтсек оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

6. Әрбір конденсатордың сыйымдылығы 3 миф болса, екі конденсаторды параллель қосқандағы жалпы сыйымдылық қандай?

7. Конденсаторлар батереясының электр сыйымдылығы қандай?

8. Конденсатордың астарларының арақашықтығын 3 есе ұлғайтты. Егер конденсаторды кернеу көзінен ажыратса, өріс кернеулігі неше есе өзгереді?

9. Конденсатордың астарларының арасын диэлектрлік тұрақтысы ε диэлектрлікпен толтырса, оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

10. Конденсатордың сыйымдылығы С 5пф, астарларындағы кернеу 300 В болса, оның энергиясы қандай?

11. Cыйымдылығы 10пф конденсаторға 4 мнКл заряд берілді. Зарядталаған конденсатордың энергиясы қандай?

 

В

1.Сыйымдылығы 0,02 мкф жазық конденсаторда ток көзімен қосқанда оның алған заряды 2.10-8 Кл болды. Егер астарларының арақашықтығы 5мм болса, конденсатор астарларының арасындағы кернеулік қандай?

2. q1=10 Кл, q2= 3 Кл, q3=5 Кл зарядтар ауданы 18м2 тұйық беттің ішіне орналасқан. Осы аудан арқылы өтетін электр индукциясы векторының ағынын табыңыз.

3. Кернеулігі Е=12 Кв/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр диэлектриктен жасалған (ε=3) пластинка орналасқан. Осы жағдайдағы диэлектриктің поляризациялануының сандық мәнін Р анықтаңыз.

4. Жазық ауа конденсаторын (ε=1) зарядтап алып ток көзінен ажыратты. Егер конденсатор астарларының арасын слюдамен (ε=6) толтырсақ, оның энергиясы қалай өзгереді?

5. Конденсатор батареясының жалпы сыйымдылығын анықтаңыз. Әрбір конденсатор үшін С=3 мкф.

6. Екі бірдей параллель жалғанған конденсаторлардың энергиясы W=1 Дж. Олардың кернеуі И=1 кв. Әрбір конденсатордың сыйымдылығын анықтаңыз

7. Астарларының арақашықтығы d конденсатор кернеуді тұрақты И ток көзіне жалғанған. Конденсаторларды ток қөзінен ажыратпай оның астарларының арасын 3 ға ұлғайтқанда астарларындағы заряд қалай өзгереді?

8. Астарларының арақашықтығы d конденсатор кернеуі тұрақты И ток көзіне жалғанған. Конденсаторды ток көзінен ажыратпай оның астарларының арасын 3d ұлғайтқанда конденсатордағы кернеу қалай өзгереді?

9. Конденсатордың астарларының ауданы S, астардағы заряд q .Астарлары арасындағы өріс кернеулігін анықтаңыз.

10. Жазық ауа конденсаторы 500В потенциал айырымына дейін зарядталған, астарлардың арасы 5мм. Конденсатордың энергиясының көлемдік тығыздығын анықтаңыз.

 

С

1. Кернеулігі Е0 біртекті электр өрісінің кеңістігі диэлектрлік тұрақтылығы диэлектрикпен толтырылған. Диэлектриктегі өріс кернеулігін Е және оның поляризациялануын Р анықтаңыз.

2. Кернеулігі Е0= 700 В/м біртекті электр өрісінің кернеулік векторына перпендикуляр қалыңдығы d=1см, ауданы S=200 см2 шыны пластинка (ε=7) қойылған. Пластинкада жинақталған электр өрісінің энергиясын анықтаңыз.

3. Жазық конденсатордағы электр өрісінің кернеулігі E=27104B астар ауданы S=200 см2, астарлар арақашықтығы d=1 cм, ε=4 конденсатор зарядын анықтаңыз.

4. Ауданы S=150 см2 жазық ауа конденсаторының заряды 5.10-8 Кл. Астарлардың бірін-бірі тарту күшін анықтаңыз.

5. Сыйымдылығы 20 пф конденсаторы 150 В дейін зарядталған. Конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігі 6.102В/м. Конденсатордың астарларының ауданын табыңыз.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 479; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты