Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тұрақты ток




А

1. Өткізгіштегі ток күші 5 С уақытта О-ден 2А дейін өсті. Өткізгіштен өткен зарядты анықтаңыз.

2. Тізбектегі гальванометрдің көрсетуі 1 мА болуы үшін өткізгіштің көлденең қимасынан бір секунта қанша электрон өтеді?

3. Электр шамының қылынан өткен ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 2В. Қылдың кедергісі қандай?

4. Егер кедергісі 6 Ом өткізгіштен 10 С уақытта 3 Кл заряд өтсе, кедергідегі кернеудің төмендеуін анықтаңыз.

5. Электр тізбегі ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және 1 Ом кедергісі бар өткізгіштен құралған. Тізбектегі ток күші 6 А. Ток көзінің ЭҚК-ін анықтаңыз.

6. Ток қөзінің ЭҚК ε=2В, ішкі кедергісі Z=0,5 Ом болса қысқаша тұйықталу тогын анықтаңыз.

 

7. Берілген вольтамперлік сипаттама бойынша тізбек бөлігінің кедергісін табыңыз

 

 

8. Өткізгіштің меншікті кедергісі 1.10-6Ом.м, ұзындығы 100 м, көлденең қимасы 0,2 мм2 . Оның электрлік кедергісі қандай?

9. Ұзындығы 6 см өткізгіштің кедергісі 3 Ом. Осындай өткізгіштің ұзындығы 10 м, көлденең қимасы бірдей болса, оның кедергісі қандай болады?

10. Тұйық электр тізбегінің сыртқы кедергісі 3 Ом, ал ішкі кедергісі 1 Ом болса, оның ПӘК-і қандай?

11. Тұйық электр тізбегінің сыртқы кедергісі R мен ішкі кедергісі Z тең болса, тізбектің ПӘК-і қандай?

12. Суреттегі R1=100 Ом кедергіден өткен ток күші I1=2А болса

R2= 200 кедергіден өтетін ток күші қандай?

 

 

13. Кернеу 4,5 В болғанда электр шамындағы ток күші 0,5 А болды. Шамның тұтынатын қуатын анықтаңыз.

14. Тізбектің бөлігіндегі 3с уақытта 6 Дж жұмыс атқарылады. Тізбектің бөлігіндегі кернеу 2В болса тізбектегі ток күшін есептеңіз.

15. Кедергісі 10 Ом өткізгіштен 5А ток күші өтсе оның қуаты қандай

16. Ток көзінің кернеуі 12 В болса, қуаты 60 Вт, шамдағы ток күші шамасы қандай?

17. Ток көзінің 0,6 А, электр шамы. 1,5 В ЭҚК-інен қоректенсе, 1 минут уақыттағы гольвано элементіндегі бөгде күштің жұмысы қандай?

18. Кернеулігі 2В/м , қозғалғыштығы 0,07 мм2/Вс ионның жылдамдығы қандай?

В

 

19. Егер көлденең қимасы 1,6мм2 өткізгіштен 2с уақытта 2.1019 электрон өтсе ток күші қандай болады

20. Өткізгіштегі ток күші I=4+2t заңы бойынша өзгереді, мұнда I Ампермен, t секундпен өлшенеді. 4 с уақытта өткізгіштің көлденең қимасынан қанша заряд өтеді?

21. Көлденең қимасының ауданы 1,5 мм2 өткізгіште ток жүреді. Заттағы еркін электрондардың концентрациясы 1028м-3. Егер ток күші 0,3 А болса еркін электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығын анықтаңыз.

22. Ұзындығы 10м темір сымның кернеуі И=6 В болса ток тығыздығын j анықтаңыз.

23. Нихром сымының кедергісі 24 Ом, ұзындығы 4,8 м сымның диаметрін анықтаңыз.

24. Көмір таяқшасының кедергісі, температура 500-ден 5450С дейін өзгерткенде, 5,0 тен 4,5 Омға дейін өзгереді. Көмірдің кедергісінің температуралық коэффициентін анықтаңыз.

25. Екі бірдей кедергіні тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 40 Ом болса, оларды параллель жалғағанда жалпы кедергісі қандай болады?

26. Екі өткізгішті тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 54 Ом, ал параллель жалғағанда жалпы кедергі 12 Ом болса, әрбір кедергінің шамасы қандай?

27. Сымның кедергісі 36 Ом. Осы сымды бірнеше тең бөліктерге бөліп оларды параллель жалғасақ жалпы кедергі 1 Ом болды. Сымды қанша бөлікке бөлген.

28. Сұлбадағы амперметр мен вольтметрдің көрсетулері 2А және 50В. Егер амперметрдің ішкі кедергісі R=0,5 Ом болса, резистордың кедергісін анықтаңыз.

 

29. белгісіз

30. Электр шамын ЭҚК-і 4,5 В ток көзіне қосқанда вольтметр 4 В, ал амперметр 0,25 А ток күшін көрсетті. Ток көзінің ішкі кедергісі қандай?

31. ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом реостат жалғанды. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің ұштарындағы кернеуді табыңыздар.

32. ЭҚК-і 1,5 гальваникалық элементтің ішкі кедергісі 1 Ом, сыртқы 4 Ом кедергіге қосылған. Тізбектегі ток күшін және элементтің ұштарындағы кернеуді анықтаңыздар.

33. Үш кедергіні тізбектей жалғағанда ток күші 5 А -ге тең болды. Егер кедергілер 4 Ом, 6 Ом және 10 Ом болса тораптағы кернеуді және әрбір кедергідегі кернеудің төмендеуін анықтаңыз.

34. Өткізгішті тұрақты кернеуі 120 В торапқа жалғағанда ток күші 1,5 А болды. Өткізгішке тізбектей қосымша кедергіні жалғаса ток күші 1,2 А болады. Қосымша кедергіні табу керек?

35. Батареяның ЭҚК-і 12 В. Ток күші I=4А болғанда батареяның ПЭК-і q =0,6 болды. Батареяның ішкі кедергісін Z анықтау керек

36. Егер амперметрдің көрсетуі 2А, ал шунттың кедергісі амперметрдің кедергісінен 5 есе аз болса, тізбектегі жалпы нақты тоқ қанша?

37. Тізбек ЭҚК-і 7,5В, ішкі кедергісі 0,3 Ом ток көзінен және өзара параллель жалғанған екі 3 Ом және 2 Ом кедергілерден тұрады. Екінші кедергідегі I2 токты анықтаңыз.

38. ЭҚК-і 6В ток көзіне кедергісі R=4Ом резистор қосылған. Амперметрдің көрсетуі 1 А. Егер резисторды R=2Ом кедергімен ауыстырса ток күші қандай болады?

39. Берілген үшін Кирхгофтың екінші ережесін жазыңыз.

40. ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі z=1Ом аккумулятор кедергісі

11 Ом сыртқы тізбекті қоректендіреді. Сыртқы тізбекте 1с уақытта қанша жылу бөлінеді?

41. Қуаты 300 Вт электр утюгінің қылы жанып кеткен соң ¼ ұзындыққа қысқартты. Оның қуаты қандай болды?

 

С

 

42. ЭҚК-і 4,5 В қалта шамының батареясын 7,5 Ом кедергіге жалғасақ ток күші 0,5 А болады. Оның қысқаша тұйықталуы кезіндегі токты табыңыз.

43. Шунтталған амперметр 10А токты өлшейді. Егер амперметрдің кедергісі 0,02 Ом және шунттың кедергісі 5 м Ом болса амперметр шунтсыз қандай ең үлкен ток күшін өлшейді?

44. Батареяның ЭҚК-і 80В, ішкі кедергісі z=5 Ом. Сыртқы тізбектің қуаты P=100 Вт. Тізбектегі ток күшін анықтаңыз.

45. Батареяның ЭҚК-і 24 В. Батареяның бере алатын ең үлкен тогы Iмах=10 А. Сыртқы тізбектің бере алатын ең үлкен қуаты қандай?

46. Кедергілері 3 және 12 Ом шамдарын ток көзіне кезекпен қоссақ бірдей энергия жұмсалады. Ток көзінің ішкі кедергісін табыңыз.

47. Өткізгіштегі ток күші нөлден бастап 20С уақытта бірқалыпты өседі. Бұл уақытты өткізгіште бөлінген жылу мөлшері Q=4 кДж. Егер өткізгіш кедергісі R=5 Ом болса токтың өсу жылдамдығын анықтаңыз.

48. Өткізгіштегі ток күші I=I0.ℓ-αt заңы бойынша өзгереді. Бастапқы ток күші I0 =20 A, α102С-1. Өткізгіште t=10-2С уақытта бөлінетін жылуды анықтаңыз.

50. Иондағыш камераның электродтарының ортасымен электродтарға параллель α-бөлшегі ұшып өтіп, өз жолында иондар тізбегін туғызды. Егер электродтардың арақашықтығы d= 2см, потенциалдар айырымы

И=6 кв және әр түрлі таңбалы иондардың қозғалғыштығы тең в+= в-=1,5 см2/(В.с) болса, α-бөлшегі өткен соң қанша уақыттан кейін иондар электродқа жетеді?

 

 

Электромагнетизм

1. Индуктивтілік дегеніміз не?

2. Өздік индукция үшін Э.Қ.К.-нің өрнегін жаз.

3. Өздік иднукция құбылысы дегеніміз не?

4. Өзара индукция құбылысы дегеніміз не?

5. Вакуумдағы өткізгіштің индуктивтілігі неге тәуелді?

6. Индуктивтілігі L катушканың магнит өрісінің энергиясының өрнегі

7. Трансформатордың жұмысы неге негізделген?

8. Магнит өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығының формуласы.

9. Соленойдтың индуктивтілігінің өрнегі

10. Заттың магниттелуін нені сипаттайды?

11. Сутегі атомындағы электроны қосынды магниттік моменті неден құралады?

12. Атомдағы электронның орбиталық қозғалысының гиромагниттік қатынасы үшін өрнегін жаз.

13. Магниттік өтімділік дегеніміз не?

14. Магниттік алғырлық қалай анықталады?

15. Магниттік алғырлық пен магниттік өтімділік арасындағы байланыс формуласын жаз.

16. Магниттік алғырлығы О-ден кіші заттар қалай анықталады?

17. Магниттік өтімділігі m>>1 заттар қалай аталады?

18. Изотропты біртекті ортадағы магниттелгіштік вектормен магнит өрісінің кернеулігінің вектор арасындағы байланыс формуласын жаз.

19. Магниттік индукция векторы В мен магнит өрісінің кернеулігі арасындағы байланыс формуласын жаз.

20. Диамагниттік эффект қалай түсіндіріледі?

21. Қай заттарда магниттік өтімділік m<1

22. Қай заттардың магнит алғырлығы температураға тәуелді емес?

23. Сыртқы магнит өрісі болмағанда қай магнетиктің атомының магниттік моменті 0-ге тең?

24. Парамагниттік эффект қалай пайда болады?

25. Қандай магнетиктерде магниттелгіштік векторының бағыты магнит өрісінің кернеулік векторына қарама-қарсы?

26. Қандай магнетиктерде магниттелгіштік вектордың бағыты магнит өрісінің кернеулік векторымен бағыттас?

27. Атомның магниттік моменті қандай құрамнан тұрады?

28. Парамагнетиктердің магниттік алғырлығы үшін жазылған Кюри заңын көрсет.

29. Электронның меншікті магниттік моментінің оның меншікті механикалық моментіне (спинға) гиромагниттік қатынасы неге тең?

30. Қандай магнетиктерде магниттік өтімділік сыртқы магнит өрісінің кернеулігіне тәуелді?

31. Магниттік домен дгеніміз не?

32. Коэрцитивтік күш дегеніміз не?

33. Қалдық магниттелгіштік дегеніміз не?

34. Қандай магнетиктер гистерезис тұзағын жасайды?

35. Ферромагниттік құбылыс қалай түсіндіріледі?

36. Индуктивтілігі L=0.021Гн катушкада уақыт бойынша І=58sin(314t) өзгермелі заңы тоқ өтеді? Өздік индукцияны Э.Қ.К.-нің модулі қандай?

37. Индуктивтілігі 0,2 Гн контурдан өтетін магнит ағыны 2 Вб болса ондағы тоқ күші қандай?

38. Индуктивтілігі 0,1Гн катушканың магнит өрісінің энергиясы 0,2Дж болса, одан қандай тоқ күші өтеді?

39. Индуктивтілігі L=10-3Гн болса, катушкадан өтетін тоқ күші I=1A катушканың магнит ағыны қандай?

40. П.Ә.К-і 80% трансформатордан шығатын тоқ 4А, ал кернеу 10В. Оның пайдаланылатын қуаты қандай?

41. Индуктивтілігі 0,7 Гн катушкадағы тоқ 10 А-ге тең. Катушканың магнит өрісінің энергиясын анықта.

42. Магнит индукциясы 4мс уақыт ішінде 0,2 ден 0,6 Тл-ға дейін өзгергенде көлденең қимасының ауданы 50см2 катушкада 5 В Э.Қ.К. пайда болса, онда катушканың орам саны қанша?

43. Ұзын сымнан ұзындығы 6,28см, радиусы 1 см, орам саны 200 катушка дайындалған. Егер одан 1А тоқ өтіп тұрса, катушка ішіндегі магнит ағыны қандай?

44. Индукциясы В магнит өрісіндегі кішкене тоғы бар контур орналасқан. Суретте оның магнит моменті Рm мен В бағыттары көрсетілген. Магнит өрісіндегі осы тоғы бар контурға әсер етуші ең үлкен механикалық моментін анықтаңдар.

45. Баллистикалық гальванометрге қосылған сым шеңбрге түзу магнит енгізді. Тізбектегі заряд шамасы q=2мкКл болды. Егер гальванометр тізбегіндегі кедергі 90 Ом-ға тең болса, шеңбердң қиып өтетін магнит ағынын тап.

46. Егер индуктивтілігі 2Гн катушкадағы тоқ 0,1с уақытта 5А-ден 3А-ге дейін азайса, пайда болатын Э.Қ.К. қандай?

47. Индукциясы 0,2Тл магнит өрісіндегі ұзындығы 0,5м сым түзу сызықты қозғалады. Егер оның жылдамдығы 10м/с болса, өткізгіштің ұштарындағы Э.Қ.К-ін анықтаңдар

48. Ұзындығы 20 см,орам саны 500 жән көлденең қимасының ауданы 10 см2 соленойдтың индуктивтілігін анықта. m=1, m0=4p*10-7 Гн/м.

49. Индуктивтілігі 0,1-ге тең катушкада пайда болатын өздік индукциясының Э.Қ.К-і 80В болса, катушкадағы тоқтың өзгеру жылдамдығының абсолют мәнін анықта.

50. Индукциясы 0,1Тл контурдың ауданы 10с ішінде 10см2-қа кеміді. Контур магнит өрісінің индукция векторы В перпендикуляр орналасқан. Э.Қ.К-ін анықта.

51. Ұзындығы l металл таяқша біртекті магнит өрісінде w бұрыштық жылдамдықпен металл таяқшаға перпендикуляр, бірақ оның бір ұшы арқылы өттін ось төңірегінде айналады. Егер магнит индукциясы вектор жазықтыққа параллель болса, айналып тұрған таяқшаның ұштарындағы потенциалдық айырымдары қандай?

52. Магниттік өтімділігі m=103 ортадағы магниттік индукциясы В=0,314Тл, m0=4p*10-7 болса, ортадағы магнит өрісінің кернеулігінің Н тап.

53. Егер берілгн ортаның магниттік өтімділігі m=100 және ондағы магнит өрісінің индукциясы В=10-2 болса, вакуумдағы магнит индукциясының шамасы қанша?

54. Магниттік алғырлық c=100 магнетиктің магниттік өтімділігін анықта.

55. Магнит өрісінің кернеулігі Н=102 А/м. Ортаның магниттік алғырлығы c=10-3 дәрежесі болса, магниттелгіштік векторының шамасын анықта.

56. Парамагнтиктің темпратурасын 2 есе өзгертсек оның магниттік алғырлығы қалай өзгереді?

57. Егер магнит өрісінің кернеулігі Н=103 А/м, m0=4p*10-7 болса , ал ортаның магниттік өтімділігі m=104 болса, ортадағы магниттік индукция шамасын анықтаңдар.

58. Ұзындығы l=2м сымның квадрат жасалып горизонталь орналасқан. Индукциясы В=5*10-2 Тл магнит өрісінің күш сызықтары контурға перпендикуляр. Егер квадраттың диагональ бойындағы қарама-қарсы бұрыштарын созу арқылы беттестірген кезде сымның бойымен қандай заряд өтеді?Өткізгіш кедергісі R=0,1 Ом.

59.Ауданы S контур индукциясы В біртекті магнит өрісінде орналасқан. Контур жазықтығы магнит индукциясы бағытына перпендикуляр. Контур кедергісі 1Ом. Контурда 900 бұрғанда контур бойымен қандай заряд өтеді?

60.Орам саны 2000 соленойдта 120В Э.Қ.К пайда болса, магнит ағынының өзгеру жылдамдығы қандай?

61.Кедергісі 2Ом орамдағы магнит ағынының өзгеру жылдамдығы 10мВб/с. Индукция тоқ күшін тап.

62.Диаметр 10 см орам саны 500 катушка магнит өрісіне орналасқан 2 Тл біртекті магнит өрісінің индукциясы 0,1с уақытта 0-ден 2Тл-ға ұлғайтса индукцияның Э.Қ.К.-нің орташа мәні қандай болады?

63.Ауданы 100см2 сымнан жасалған дөңгелек контур индукциясы 2Тл-ға тең біртекті магнит өрісіне орналасқан орам жазықтығы магнит өрісінің бағытына перпендикуляр. Егер 0,01с ішінде өріс жоғалса, орамда пайда болатын Э.Қ.К-нің мәні қандай?

64.Индукциясы 0,1Тл біртекті магнит өрісінде ұзындығы 10см өткізгіш магнит өрісінің бағытына перпендикуляр, 5м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіште туындаған Э.Қ.К-і қандай?

65.Ұзындығы 50см металл таяқша , оның бір ұшы арқылы өтетін тік ось төңірегінде 2 айн/с жиілікпен горизонталь айналады. Магнит өрісінің индукциясы 5*10-2 Тл. Магнит өрісінің күш сызықтары айналу осіне параллель. Таяқшаның екі ұшының арасындағы потенциалдар айырымын табыңдар.

66.Индукциясы В біртекті магнит өрісінде орам саны N, орам ауданы S рамка w бұрыштық жылдамдықпен бірқалыпты айналады. Айналу осі рамка жазықтығында жатыр және индукция сызығына перпендикуляр. Рамкада пайда болатын ең үлкен Э.Қ.К-нің формуласын жаз.

67.Ауданы 100см2 квадрат орам алғашқыда 0,1Тл магниттік индукция сызығына параллель содан кейін 0,1 с уақытта 90 градусқа бұрылды. Осы орамдағы Э.Қ.К-ін анықта.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 588; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты