Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бұл ретте, Aрнaйы рұқсaтты уәкiлеттi оргaн не кеден оргaндaры толтырaды және мөрмен куәлaндырaды. 5 страница




3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық еспетілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

Декларацияға қосымшалардың 700.01-ден 700.02-ге дейінгі нысандар «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде осы декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

Декларацияны жасаған кезде «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша төлеушінің СТН;

2) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша төлеушінің ЖСН/БСН;

3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (жыл) - декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

Декларация түрі: тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

Хабарламаның нөмірі мен күні: жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша декларация тапсырылған жағдайда белгіленеді;

Салық төлеушінің санаты. Торкөздер егер салық төлеуші А, В, С, D жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жатқан жағдайда белгіленеді;

Қосымшалар парағының саны: мынадай нысандар бойынша тапсырылған декларацияға қосымшалардың парақтарының саны көрсетіледі (араб сандарымен көрсетіледі):

А жолында – 700.01 қосымшасы бойынша;

В жолында – 700.02 қосымшасы бойынша.

«Көлік құралдарына салынатын салығы» деген бөлімде:
700.00.001 жолында 700.00.002 және 700.00.003 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы барлығы көрсетіледі;

700.00.002 жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша есептелген көлік құралдары салығының сомасын қоспағанда, көлік құралдары салығын төлеушілер салық кезеңі үшін есептеген, 700.01.001-ден C бағанының 700.01.028-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі;

700.00.003 жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша көлік құралы салығын төлеушілер салық кезеңі үшін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте есептеген және Салық кодексінің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтылған, 700.01.001-ден C бағанының 700.01.028-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі;

700.00.004 жолында ағымдағы төлемдердің салық кезеңі үшін есептелген сомасы көрсетіледі;

Егер 700.00.001 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.004 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдердің сомасынан көп болған жағдайда 700.00.005 жолында 700.00.001 және 700.00.004 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

Егер 700.00.004 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.001 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдердің сомасынан көп болған жағдайда 700.00.006 жолында 700.00.004 және 700.00.001 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтуға салық сомасы көрсетіледі.

«Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде: «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер декларацияны жеке тұлға тапсыратын болса, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты қамтылуы тиіс;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын басқа жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

Декларацияның тапсырылған күні: Декларацияны салық органына табыс еткен ағымдағы күн көрсетіледі;

Салық органының коды: салық салу объектісінің орналасқан және тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

«Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

Декларацияның қабылданған күні: салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

Құжаттың кіріс нөмірі: салық органы беретін декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Пошта штемпелінің күні: пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

Көлік құралдарына салынатын салық – 700.01-нысаны, аталған декларацияға қосымша Салық кодексінің 13-бөліміне сәйкес салық төлеушілердің көлік құралдары салығын есептеуге арналған. 700.01-нысаны салық кезеңі ішінде меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқару құқығындағы, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) жиынтық барлық көлік құралдары бойынша салық төлеушімен толтырылады. Қосымша жеке толтырылады:

1) арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралдары бойынша;

2) арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша бөлек жасалады;

«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралдары салығын төлеушінің СТН;

2) көлік құралдары салығын төлеушінің БСН;

3) салық кезеңі (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі;

4) 4-жолды Салық кодексінің 448-452-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер толтырады және көлік құралдарына қатысты қолданылатын салық салу режимінің түрі көрсетіледі:
4 А торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша салық төлеушілер белгілейді;
4 В торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралдары бойынша салық төлеушілер белгілейді;

«Көлік құралдары салығын есептеу» деген бөлімде:

1) «көлік құралдарының түріне (санаттарына) қарай салық салу объектісі» А бағанында көлік құралдары көлік құралдарының түріне (санаттарына) қарай бөлініп және Салық кодексінің 367-бабында белгіленген көлік құралының мінездемесі мен салық ставкасына қарай топтастырылып көрсетіледі.

700.01.001-ден 700.01.004-ге дейінгі жолдарда «Тіркемелерді есепке алмағанда, жүк таситын және арнаулы автомобильдер» 1-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі.

Басқа жолдарды қарастырып кетуге де болады.

700.01.005 жолда «Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары» 2-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.006-ден 700.01.008-ге дейінгі жолдарда «Автобустар» 3-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.009-ден 700.01.010-ге дейінгі - жолдарда «Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер» 4-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.011-ден 700.01.014-ге дейінгі жолдарда «Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар» 5-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.015-ден 700.01.021-ге дейінгі жолдарда «Жеңіл автомобильдер» 6-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.022-ден 700.01.024-ге дейінгі жолдарда «1999 жылдың 1 сәуірінен кейін Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттары» 7-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.025-ден 700.01.027-ге дейінгі жолдарда «1999 жылдың 1 сәуіріне дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылдың 1 сәуірінен кейiн сатып алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 1 сәуіріне дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттары» 8-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.028 жолда «Темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдар» 9-кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі.

700.01.001-ден 700.01.028-ге дейінгі жолдарда:

В бағанында – жылына көлік құралдарының саны;

С бағанында – нақты иелік ету кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі;

D бағанында – «Жеңіл автомобильдер» кіші бөлімі бойынша двигатель көлемінің жиынтық асып кетуі жөнінде, G «1999 жылдың 1 сәуірінен кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттары», Н «1999 жылдың 1 сәуіріне дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылдың 1 сәуірінен кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 1 сәуіріне дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттары», І «Теміржол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамы» кіші бөлімдері бойынша жиынтық қуаты бойынша анықтамалық ақпарат;

Е бағанында - нақты иелік ету айларының жалпы саны бойынша анықтамалық ақпарат көрсетіледі.

Көлік салығының декларациясы қосымшада көрсетілген.

 

Қорытынды

Осы жазылған дипломдық жұмысымды қорытындылай келе , мынадай мәселелерге көңіл бөлінгенін айтуға болады .

Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл заңмен алдын-ала анықталған, белгілі бір көлемде және белгіленген мерзімде қажет қорына түсетін міндетті төлемдер.

ҚР Салық заңнамасы ҚР Конституциясына, Салық Кодексіне, Салық Кодексінде қабылдануы көзделген нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жадайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе алынып тасталады.

Салық саясаты - мемлекет пен Қоғамның экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау негізінде мемлекеттің қаржылық қажеттілігін қамтамсыз ету мақсатында қолданыстағы салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің жаңаларын белгілеу және қолданыстағыларын алып тастау шараларының жиынтығы.

Салық саясаты Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келе алмайды.

Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым- қатынастарымен анықталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні , олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.

Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштері ашылып көрсетілген.

Қазақстан Республикасының салықтардың тікелей және жанама түрлері бейнеленген.

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Aкционерлiк қоғaм «ҚaзAвтоКөлiк» мұннaн былaй «Қоғaм» деп aтaлaтын Қaзaқстaн Республикaсы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қыркүйегiнде № 965 Қaулысымен сәйкесiнше құрылған. Aкционерлiк Қоғaм 2004 жылғы 08 мaусымдaғы зaңды тұлғaның мемлекеттiк тiркелгенi турaлы куәлiгi Aстaнa қaлaсының Әдiлет бaсқaрмaсымен тiркелген.

Қоғaм 100% мемлекеттiң қaтысуымен aкционерлiк қоғaм формaсындa құрылғaн зaңды тұлғa болып еспетеледi. Қaржылық және өндiрiстiк қызметi дербес шaруaшылық негiзiнде жүзеге aсырылaды. Қоғaм өзiнiң дербес бaлaнсы, бaнктiк шоттaры бaр. Бұл мекемеге ешқандай ұсыныстарым жоқ, себебі АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалы өзінің қызметінің оперативтік және бухгалтерлік есеп нәтижелерін, сонымен бірге статистикалық, қаржылық және салықтық есебін Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкесінше жүргізіп, оларды бекітілген мерзімде сәйкес органдарына беріп отыр. МСФО немесе ХҚЕС Халықаралық қаржы есебінің стандартына сәйкес жүргізіледі. Салық Кодексі мен АҚ заңына сәйкес тәртіпте орындалады.

Осы жоғарыда келтірілген мәселелер дипломдық жұмыстың толықтай мазмұнын ашады және ол болашақ білікті мамандар үшін өз пайдасын тигізеді . Бірақ та бұл жұмыста келтірілген деректер салық жүйесін бастағысы келген адамға аз болады ,салықтың әлі де мазмұнын ашатын мәселелері толықтай қарастыруға болады.

 

 

Пaйдaлынғaн әдебиеттер тiзiмi

 

1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы № 812 Қаулысы

2. Сaлық және бюджетке төленетiн бaсқa дa мiндеттi төлемдер турaлы. (Сaлық кодексi) // Егемен қaзaқстaн, 2001ж, 20 мaусым.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы № 812 Қаулысы.

4. Қaзaқстaн Республикaсы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсaнындa № 1345 Қaулысы, Егемен Қазақстан 1999-18 мамыр

5. Салық Кодексі, А.Базарбаева , Сaлықтың жеңiлдетiлуi-реформaның жaрқын жетiстiгi / Егемен қaзaқстaн, 2001ж, 30 мaусым.

6. ҚР кодексi: Сaлық және бюджетке төленетiн бaсқa дa мiндеттi төлемдер турaлы. А.Д. Байдүйсенов / Бухгaлтер бюлетенi, 2001 ж, 29 шiлде, №27,1-139б.

7. Қaзaқстaн Республикaсының ПҮAЖ-ы, 2005 ж., N 2, 17-құжaт

8. Салық Кодексі, Қaлмaнбетовa Г. Сaлық жеңiлдiктерi: Aртықшылықтaры мен кемшiлiктерi, // Егемен қaзaқстaн 2001 жыл, 27 нaурыз.

9. Кәкiмжaнов З. // Сaлық кодексiндегi соңғы өзгерiстер, «Егемен Қaзaқстaн» 2002 жылы, 22 қaңтaр.

10. Әубaкиров, A.К. Экономикaлық теория (оқу құрaлы/А.К. Әубакиров,. -), Aлмaты, Қaзaқ универсиетi.-2005ж.-247 б

11. Нaзaровa, В.Л. Шaруaшылық жүргiзушi субьектiлердегi бухгaлтерлiк есеп: оқулық / В.Л. Назарова, - Aлмaты : Экономикa, -2005. - 310 б. - ISBN 9965-685-47-9

12. Дүйсенбaев, К.Ш., «Кәсiпорынның қaржылық жaғдaйын тaлдaу»/К.Ш. Дүйсенбаев,.- Оқулық - Алматы: Экономика.- 2007.-224 б.

13. Радостовец, В.В. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп [Текст] : оқу құралы / В. В. Радостовец, В. К. Радостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин. - Алматы : Қазақстан-аудит орталығы, -2002. - 656 б.

14. Хегaй, И.В. «Күмәндi борыш бойыншa резерв есебi»/И.В. Хегай,. – Алматы: Бухгaлтер бюллетен .-1998.-114 б.

15. Кеулiмжaев , Қ.К. «Бухгaлтерлiк есеп теориясы және негiздерi»/ Қ.К. Кеулiмжaев, Н.A. Құдaйбергенов,.-Алматы:оқулық.-2003.-256 б.

16. Бaлaпaновa Ә.Ж. мен Бaймұхaновa С.Б. «Бухгaлтерлiк есеп»

17. Iлиясов,Қ.Қ. Қaржы/ Қ.Қ.Iлиясов, С.Құлпыбaев,. – Aлмaты: -2003.-198 б.

18. Абдыманапов, А.А. «Концептуальное основы и принципы бухгалтерского учета» /А.А. Абдыманапов,. (учебное пособие) – Алматы, -2003ж.-255 б.

19. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финaнсы: учебник для вузов. – Aлмaты : ФинЭко, 2007.

20. Бaлaбaнов, A. А. Финaнсы: учебное пособие/ A.А. Бaлaбaнов, И. Бaлaбaнов,. -Питер: СПб.- 2000.-199 б.

21. Мелников, В.Д. «Финансы»/В.Д. Мелников, К.К. Ильясов,. – Алматы:-2001 Қаржы-қаражат.-1997.-287 б.

22. Құлпыбаев, С.К. «Қаржы теориясы»/С.К. Құлпыбаев,Ш. Баязитова,.Оқу құралы-Алматы: Мерей.-2001.-225 б.

23. Кеулiмжaев, Қ.К. Қaржылық есеп: Оқу құрaлы. / Қ.К.Кеулiмжaев, З.Н. Әжiбaевa, Н.A.Құдaйбергенов, A.Ә. Жaнтaевa,. – Aлмaты: Экономикa.-2008.-287 б.

24. Нидлз, Б.Принципы бухгaлтерского учетa / Б. Нидлз, Х.Aндерсон, Д.Колдуэлл.: пер. С aнгл. / Под ред. Я.В.Соколовa, стереотип. - М.: Финaнсы и стaтистикa,-2003.-291 б.

25. Алибекова, Б.А. Бухгалтерлік есеп қағидалары/ Б.А. Алибекова, . оқулық.- Астана: Сарыарқа, -2012.- 264 б.

26. Толпаков, Ж. Финансовый учет-1: учебник/Ж. Толпаков,.- Караганда: Карагандинская Полиграфия,- 2013.- Т.І.- 508с.

27. Қ.Р. Парламентінің жаршысы,. -1999. # 20

28. Қ.Р. Парламентінің жаршысы,. -1999. # 23

29. Қ.Р. Парламентінің жаршысы,. -1999. # 24

30. Қ.Р. Парламентінің жаршысы,. -1999. # 14

31. Бухгалтерлік бюллетені,. -2000. # 3-4

32. Бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарын қолдану жөніндегі «Әдістемелік ұсынымдар», Бухгалтер бюллетені №10, наурыз -2004ж. 35 б.

33. Тасмағанбетов, Т.А. «Қаржы есебі»/ Т.А. Тасмағанбетов, В.К. Радостовец,. - Алматы: Дәуір, -1998ж. 286 б.

34. Рахимбекова, Р.М. «Финансовый учет на предприятии / Р.М. Рахимбекова, К.К. Кеулимжаев, Л.Ж.Айтхожина, А.Т. Сальменова,. Алматы: Экономика

-2003г. -314 б.

35. www.adilet.zan.kz

36. www.minfin.kz

37. www.minplan.kz

38. www.kisi.kz

39. www.e.gov.kz

40. www.edu.gov.kz

 

Қосымша


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 79; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты