Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ор нарығы мен мемлекеттің бағалы қағаздар нарығы.




1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жалпы түсінігі.

2. ҚР-ның Ұлттық банкінің бағалы қағаздары.

3. Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары.

 

1. Мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттік қарыздың бар болу формасы немесе эмитенті мемлекет болып табылады. Қарыздық міндеттеме ретінде бағалы қағаздар экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік бағалы қағаздардың жалпы экономиканың дамуына, қаржы жүйесінің өтімділігін ұстап тұрса мемлекеттік шығыстарды толтыруды және басқа да негізгі рөлді ойнайды. Салық және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттің бюджеттен жұмсау барысында дефициттің пайда болуы жағдайында осы мемлекеттік бағала қағаздар шығару арқылы толықтырып отырылады.

Инвестиция тарту барысында көптеген эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруды несие алуға қарағанда алдыңғы қатарға қояды, яғни бағалы қағаздар арқылы қарыздарды тарту несие бойынша төленетін процентке қарағанда арзандау болып келеді. Бағалы қағаздарды шығару арқылы тікелей ақша қаражаттарын тарту мүмкіншіліктері бар. Мемлекеттік бағалы қағаздар бұл Үкіметтің белгіленген мерзімнен кейін анықталатын сыйақы мөлшерін төлей отырып, алынған қарызды өтеу міндеттемесі.

2. ҚР-нің Ұлттық банкі ақша – несие саясатын жүргізу үшін, ақша айналысының өтімділігін қадағалау үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздар шығарады. Ұлттық банк ноталарды шығару арқылы айналыста ақша массасын реттейді. ҚР-нің Ұлттық банкінің ноталарының айналыс мерзімі 7 – 84 күнге дейін. Ақша массасының өтімділігін реттеумен бірге Ұлттық банк бағалы қағаздар шығарумен бірге, несиелік саясатты да жүргізеді. Бұл алғашқы номиналдық құннан төмен бағаға сатылады, ал қайта сатып алғанда номиналдық құнымен алынады. Мұндай бағалы қағаздар дисконттық деп аталады. ҰБ-тің қарыздық міндеттемесі ноталарын орналастыру бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары яғни ҰБ анықтаған алғашқы агенттер арқылы жүзеге асырылады:

1. ҰБ жүргізген аукцион арқылы сатып алуға болады.

2. алғашқы агентпен келісілген баға бойынша сатып алуға болады.

ҰБ-тің арнаулы валюталық ноталары теңге девольвациясынан жинақтаушы зейнетақы қорындағы халықтың зейнетақы салымдарын қорғау мақсатында еркін өзгерген айырбас бағамының режимі. Валюталық ноталардың номиналы 100$ және 35 күндік айналым мерзімі бар:

МЕҚҚАМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі 3,6,9 ай.

МЕОҚАМ - валюталық орта мерзімді қазыналық міндеттемесі 2-3 жыл.

МЕАҚАМ – мемлекеттік арнайы қазыналық міндеттеме. Мұның шығарылуына ауқымды сертификат толтыруы онда келесі мәселелер көрінеді:

1. ұлттық сәйкестендіру номері;

2. шығару көлемі;

3. шығару күні;

4. сыйақы мөлшері;

МЕИҚАМ – мемлекеттің индекстелген қазыналық міндеттемесі.

МЕҚҚВАМ – мемлекеттік қысқа мерзімді валюталық міндеттемесі. Шығару мақсатында жинақтаушы зейнетақы активтерінің қорларының теңгенің девольвациялануынан қорғау.

Ұлттық жинақ облигациялары – мерзімі 364 күн.

Жоғарыда айтылғандар мемлекеттің ішкі займдары.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 52; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты