Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р-ғы қор биржаларының дамуы мен пайда болуы.




 

1. ҚР-ғы Орталық Азиялық қор биржасы

2. Қазақстан қор биржасы қызметі мен операциялар.

1. ҚР-да қор биржалары 1990 жылдың басында пайда бола бастады. 1992 жылы пайда болып алғашқы «Алматы тауар қор биржасында» онан кейінгі пайда болды. Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен мәселелер сирек жүргізілді. Сондықтан да бұл қор биржасының қызметі 1994 жылғы негізінде Орталық Азиялық қор биржасы пайда болды. Бұл аталған биржалар ҚР-ның нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қажеттіліктерден пайда болып отыр. Өйткені бұған дейін қаржы нарығында болмаған бағалы қағаздардың түрлері жекешелендіру нәтижесінде сауда объектісі ретінде пайда болды.

Дәлірек айтсақ, 1994 жылдың желтоқсан айында Алматы тауар қор биржасы ашылды.

Осы кезде Орталық Азиялық қор биржасының бағалы қағаздармен сауда жасау үшін заңды тұлғалардың ішіндегі жалғыз заңды тұлға болатын. Биржалық сауда механизмдері Орталық Азиялық биржада тәжірибе жүзінде қолдана бастады. Сонымен бірге 1998 жылы мамыр айында Орталық Азия қор биржасы Еуразиялық қор биржасының федерациялық мүшесі болып қабылданды. Бұл федерация 13-ші қор биржаларынан тұратын. Жарғысы бойынша бұл федерацияларға әр елден бір ғана қор биржасы мүше болу мүмкіндігіне ие болды.

Федерацияның негізгі мақсаты –мүше елдердің қор биржасының өсуі мен дамуына халықаралық деңгейде әсер ету болды. Орталық Азиялық қор биржасы жеке акционерлік қоғам ретінде 4 млн. теңге, яғни 200 акция номиналдық құны бойынша 20 мың теңге есебінде құрылды. Қор биржасының қызметі ҚР-ның бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы реттеуі бойынша, яғни лицензиялау негізінде іске асты.

Биржадағы операциялар биржаның ұйымдастыру үшін ірі табыстар алып келеді. Оның себебі қор биржасы мекеме болып табылғанмен шығаратын шығындары тек қана анық құрылымдық ұлғайюына яғни техникалық-технологиялық жағдайына ғана жұмсалады. Биржа өзінің клиенттерімен сауда жасау мүмкіндіктерін тудыра отырып биржа алаңына орын алады немесе береді. Биржалық мүмкіндіктермен табыстары олардың мүшелерінің кіру, әрбір жылы төленіп отыратын жарналарына, есеп айырысу палатасыан төленетін кепілдік жарналарынан биржалық операциялардан алынатын алымдардан көрсеткен қызметі үшін төленетін ақылардан саула тәртібін бұзудан түскен айыппұлдардан т.б.

ҚР-да биржа өзінің жеке акцияларын сатудан қаражат алады. «Бағалы қағаздар нарығы» туралы ҚР-ның заңы бойынша қор биржасы:

1. өзін-өзі реттейтін бағалы қағаздар нарығының кәсібі қатысушылардың акционерлік қоғам ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. биржаның қызметі өзін-өзін өтеуге негізделген

3. қор биржасы өзінің қызмет етуінде ҚР-ның мемлекеттік органдарына тәелді емес

4. қор биржасының қызметі басқа кез-келген қызметтермен бірігуіне болмайды.

5. қор биржасының қызметі лицезияланады.

6. қор биржасы өз филиалдарын, өкілеттіктерін құруға құқылы.

Қор биржасының қызметі:

- өз клиенттеріне жан-жақты жабдықталған бағалы қағаздарымен операциялар жүргізуге арнайы орындарды беру.

- бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыру

- бағалы қағаздар котировкасын жүргізу

- өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беру қызметтерін көрсету және т.б.

Биржаның акционерлік қоғам сияқты қор биржасын басқару органдары бар. Олар:

- жоғарғы орган –акционерлердің жалпы жиналысы

- бақылау органы –биржалық кеңес

- атқару органы –басқарма ( ҚР-да биржа дирециясы деп аталады)

- бақылау органы –ревизияның комиссиясы

Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережесі мына келесідей бөлімдерден тұрады:

1. Қазақстан қор биржаларына бағалы қағаздарды айналысқа жіберу шарттары:

- мемлекеттік бағалы қағаздар;

- қор биржасының листингіден өткен, арнайы тізімге қосылған биржадағы сатылатын мемлекеттік емес бағалы қағаздар;

- ҚР-да айналысқа жіберілген шетел мемлекеттің мемлекеттік бағалы қағаздары;

- Базалық активтері жоғарыда аталған бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар;

Қор биржасындағы сатылатын бағалы қағаздардың негізгі параметрлері: бағалы қағаздар эмитенті кім болып табылады?, ол қандай түрде шығарылған, оның номиналы эмиссияның көлемі, бағалы қағаздар ұстаушылардың ристкін кім жүргізеді т.б.

2. Бағалы қағаздар бойынша биржалық қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мүшелік категориялар бойынша олардың құқықтары, трейдрлердің саудаға қатысу шарттары басақа да тұлғалардың сауда залында болу мүмкіндіктері (шарттары).

3. биржалар мен саудаға қатысушылардың арасындағы дау, жан-жалды шешу мәселелері.

Биржадағы аукционның түрлері:

1. ағылшын аукционы – бағаны жоғарлату;

2. Галандиялық аукцион – ең жоғарғы max бағадан бастап төмендету бойынша.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтер, олардың ерекшелігі.

1. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтердің түрлері.

2. кәсіби қатысушыларға қойылатын шектеулер

 

1. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып белгілі бір қызмет түріне лицензия алған заңды, жеке тұлғалар болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болуы үшін осы нарық жөніндегі жоғары білімі, бағалы қағаздар нарығындағы арнайы құрылған оқу орталықтарының белгілі бір кәсіби қызмет түріне берілген куәлігі болуы керек. Кәсіби қатысушылардың барлық қызметтері мемлекеттік бақылау органдарымен қадағаланып, тексеріліп отырады. Мұндай мемлекеттік басқару органы 2002 жылға дейін бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия болып келсе, қазіргі кезде Ұлттық Банк. Бағалы қағаздар нарығының жағдайын Ұлттық Банктегі қаржылық қадағалау реттеп отырады. Жалпы бағалы қағаздар нарығының қатысушылары кәсіби қатысушы болып бөлінеді. Кәсіби емес деп түсінетініміз – олар:

- қор биржалары

- оқу орталықтары

- инвестициялық институттар

Кәсіби, кәсіби емес қатысушылар өз қызметтерін реттеу мақсаттарында белгілі бір ұйымдарды құрады. Ол ұйымдар зейнетақы қорлары ассоцияциясы, сақтандыру қорлары ассоцияциясы, брокер диллерлерінің ассоцияциялары, тіркеушілердің ассоцияциялары т.б.

Қор нарығының кәсіби қатысушылары бағалы қағаздар нарығында қызметін жақсарту мақсатында өздерінің жалпы мүддесін қорғау мақсатында кәсіби қатысушылардың басқа да ассоцияцияларын құра алады. Бұл ассоцияциялардың, бірлестіктердің қызмет көрсетуі, бірлестік мүшелерінің өзара қарым-қатынасы ҚР-ның заңдарымен реттеліп отырады. Мұндай ассоцияцияларға бірлестіктерге мүше болған кәсіби қатысушылар өздерінің жеке тұлғалық шаруашылық тәуелсіздігін сақтайды. Кәсіби қатысушылардың құрылған бірлестіктері коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары деген атқа ие болды.

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсетудің мынандай келесідей түрлері бар:

1. Брокерлік – диллерлік қызмет өз клиеттерімен келісімшарт тапсырма негізінде бағалы қағаздармен кәсіби қатысушылардың азаматтық құқықтық операциялар жүргізеді. ҚР-да брокерлік диллерлік қызметтеріне бір лицензия беріледі, яғни брокер бағалы қағаздар мен операцияларды өз атынан, клиенттер атынан да жүргізе алады. Сонымен бірге бағалы қағаздардың қызметті жүргізуге комплексті лицензия бірге берілуі мүмкін. Ол депозиторлық клирингтік қызмет көрсетуге берілетін лицензиялар.

2. депозиторлық қызмет - бағалы қағаздарды есепке алу, сақтау бойынша қызмет көрсету, яғни депозитари мүшелеріне, олардың клиенттеріне тиісті болған бағалы қағаздармен операциялар жүргізу барысында техникалық қызметтерді көрсету бойынша қызметтерді іске асыру.

3. клирингтік қызмет – ҰБ-пен лицензия берілетін, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды өзара өтеу мақсатында қызмет көрсететін қаржылық ұйым. Клирингтік қызмет көрсетуде бағалы қағаздармен көптеп операция жүргізілетін мекемелер қатысады. Клирингтік операцияларға қатысушылар өзара міндеттемелерін белгілі бір уақыт мерзімінің өтуімен орындалып отырады, яғни белгілі бір мерзімі ол айдың белгілі бір (уақыт) күн болуы мүмкін.

4. басқа инвесторлар тиісті болған бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша қызмет көрсету.

5. Эмитенттің бағалы қағаздар реестрін ұстау бойынша қызмет көрсету (тіркеушілер қызметі) акционерлік қоғамдар өз акцияларын шығару мен бірге тәуелсіз тіркеушілерде өз акционерлерінің реестрін ұстауы тиіс. Реестрді ұстау кәсіпорын мен тәуелсіз, тіркеушінің арасында келесімшарт негізінде іске асады. Бұл қызметте акционерлік қоғамның акциясына ие тұлғалар өз акцияларын келесі бір тұлғаға сатуына байланысты өз тіркеушісіне келіп тіркеуші қызметтерімен өзінің шотындағы акцияның бары, белгілі бір бөлігін сатып алушының атына қайта жазу арқылы іске асады.

6. Кастодиандық қызмет – зейнетақы қорларының кәсіпорын ашқан шоттары мен басқа да активтерін бағалы қағаздар сақтау бойынша қызмет көрсету. Бұл қызметтермен ҚР-да тек қана коммерциялық банктер айналысады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 87; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты