Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жүректің жүре болатын кемістіктері




 

Ж‰рек кемістігі ж‰ре болѓанда жүректің қақпақшалары және магистрал (к‰ре) тамырлары зақымдалады. Оның дамуына туғаннан кейінгі жүрек аурулары себеп болады: көбі ревматизмнен дамыса, біразы — атеросклероздыњ, мерездіњ, бактериялыќ эндокардит пен бруцеллездіњ зардабы, кейде ол — ж‰рек жараќатыныњ салдары.

Жүре болатын жүрек кемістігі, әдетте, созылмалы дамып, анда-санда ѓана (мысалы, жүрек кақпаќшаларын ойыќ жаралы эндокардит ќатты зақымдаѓанда) жедел қалыптасады.

Жүре болатын жүрек кемістігінің қалыптасу механизмі эндокардитпен тығыз байланысты. Эндокардиттің даму барысында тромбылар беріштенеді және қақпақшалар мен қарынша-жүрекшеаралыќ фиброзды сақина тыртықтанып, ізбестеніп, қалыпты сиқынан таяды (деформация). Оның үстіне, кемістік қалыптаса келе, гемодинамика б±зылып, склероз (шорлану) өрши түседі.

Патологиялық анатомиясы. Жүрек кемістігінің бірнеше морфологиялыќ түрі бар. Склероздан деформацияланып, қақпақшаның жақтаулары д±рыс қабыспаса, ќаќпаќша жеткіліксіздігі, ал жүрекше-қарыншааралыќ тесік немесе магистрал тамырдың саѓасы тарылса, стеноз (тарылу) деп аталатын кемістік қалыптасады. Егер қақпаќшаныњ жақтаулары жеткіліксіз болып, оѓан қоса тесігі де тарылса, ондай кемістік — ж‰ректіњ ќ±рамдас кемістігі (комбинированный порок сердца) деп аталады. Жүректің бір ғана қақпақшасы зақымдалған кемістік — дара кемістік (изолированный порок) деп, ал бірнеше қақпашаны бірден қамтыѓан кемістік — қосарлы кемістік (сочетанный порок) деп аталады.

Жүре болѓан жүрек кемістігінің ең жиі түрі — қосжаќтаулы қаќпаќшаныњ кемістігі, яѓни митралдыќ кемістік. Ол көбінесе ревматизмнен, кейде атросклероздан дамиды. Оның үш түрі бар: 1) қақпақшаның жақтаулары жеткіліксіз; 2) сол жақ жүрекше-қарыншааралыќ (митралдық) тесік қана тарылатын және 3) жақтау жеткіліксіздігі мен тесік тарлыѓы қосарлана дамитын (митралдық ауру). Дара кемістік түрінде қақпаќша жеткіліксіздігі сиректеу, ал стеноз жиірек байқалады. Көбіне осы екі ақау бірі екіншісінен басымырақ түрде қ±рамдаса дамып, ақырында ќарынша мен жүрекше арасындаѓы тесікті тарылтады. Қайталамалы ревматизмнен (эндокардиттен) зақымдалған қақпақшаны қан аѓысыныњ әсері одан әрі жарақаттап, гиперплазиялыќ процестер бүлдіре түседі, сондықтан склероз өршіп, кемістік тез қалыптасады. Гиперплазияныњ нәтижесінде қақпақшада тамырлар пайда болып, дәнекер ткань көбейеді, тыртықтанып, кейде ізбестеніп, қатайѓан қақпақшаныњ жақтаулары шорланып, бірігеді. Жүрекше-қарыншааралық тесіктің фиброзды сақинасы да шорланып, ізбестенеді. Хордалардың желісі шорлана келе жуандап, қысқарады. Митрал кақпаќшаның жеткіліксіздігі басымыраќ болса, диастола кезінде қан кері аѓып, сол жақ қарыншаны кернейді. Ќарыншаның іргесінде компенсациялық гипертрофия өрістеп, ол қалыңдайды.

Митралдық қақпақшаныњ көбінесе фиброзды сақина т±сы тарылады (стеноз). Тарыла келе митралдық тесік "түйме тесікті" немесе "балық ауыз" саңылауға айналады. Кейде оѓан пинцеттің ±шы әзер сияды. Митралдық тесік тым тарылса, ќанныњ кіші қанайналымындаѓы аѓысына кедергі туып, сол жаќ жүрекше кеңіп, оның іргесі қалыңдайды; эндокард шорланып, аќшыл тартады. Кіші қанайналымы шеңберіндегі гипертонияның салдарынан оң жақ қарыншаның іргесі де тым калыңдап (1—2 см дейін), оның да қуысы кеңиді.

Қолќалыќ ќаќпаќшаныњ кемістігі митралдық кемістіктен сиректеу. Оның көбі ревматизмнен, ал біразы атеросклероз бен сепсистік эндокардиттен және бруцеллез бен мерезден дамиды. Ќолқа кақпақшасыныњ ревматизмнен шорлануының басты себептері де митралдыќ кемістікті туындататын процестер. Сондықтан б±л қақпаќшаның жақтаулары да шорлана келе қалыңдап, ізбестенеді; бірде қаќпақша жеткіліксіздігі дамып, енді бірде — қолқа саѓасының тесігі тарылады (стеноз). Атеросклероз қақпақшада ізбестену мен шорлану және липоидоз бен липосклероз процестерін қатар өрістетіп, жақтаулардың синус жақ бетін басымыраќ бүлдіреді. Ал сепсистік эндокардит пен бруцеллезден жақтаулар тіпті көп ізбестеніп, қатты зақымдалады (жолақтар, тесіктер, аневризмалар қалыптасады), сөйтіп қалыпты сиқынан таяды. Мерез көбіне қолқа қақпақшасын зақымдайды және мезаортит дамытады, сондықтан қолқаның саңылауы кеңіп, әдетте, жақтаулардың жеткіліксіздігі байқалады.

Қолқа қақпақшасының кемістігі кезінде жүрекке едеуір қосымша күш түсіп, оның, әсіресе сол жақ қарыншасы қалыңдайды. Егер қолқа қақпақшасының жақтаулары жеткіліксіз болса, жүректің массасы 700 — 900 г дейін өседі; ондай үлкен жүрек "б±ќа ж‰регі" (сог bovinum) деп аталып кеткен. Әдетте, сол жақ қарыншаның эндокарды да шорланып, қалыңдайды. Гемодинамика өзгереді, сондықтан кейде ќаќпаќша тесігінің астында айшыќ жақтауларға ±қсайтын ќ±рылымдар қалыптасады. Олар "қосымша қақпаќшалар" деп аталады.

Үшжаќтаулы (трикуспидалдық) ќаќпаќша мен өкпе артериясы ќаќпаќшасыныњ жүре пайда болатын кемістігі сиректеу байқалады. Ол ревматизм, сифилис, сепсис, атеросклероз ауруларынан дамиды; қақпақшаның жақтаулары жеткіліксіз болады немесе тесігі тарылады.

Жүректе кемістік дара түрде ѓана болмайды: қосжақтаулы мен ќолқа қақпақшасы немесе қосжақтаулы мен үшжақтаулы қақпақша қатар зақымдалады, тіпті қосжақтаулы, қолқа мен үшжақтаулы қақпақшалар бірге бүлініп, қосарлы кемістік те (сочетанные пороки) ќалыптасады. Қосарлы кемістіктердің көбі — қ±рамдас кемістіктер (комбинированные пороки).

Жүректің жүре пайда болған кемістіктерінің компенсациялы және компенсациясыз (декомпенсациялы) түрлері бар.

Жүректің компенсациялы кемістігі көбіне ұзақ уақыт білінбейді, қанайналымы б±зыла қоймайды. Компенсациялық процесті жүректің кемістік әсерінен күш түсіп қалыңдаѓан жерлері қамтамасыз өтеді. Миокардта концентрлік гипертрофия қалыптасады. Дегенмен, гипертрофияның мөлшері шектеулі, сондыќтан оның барысында миокард дистрофияѓа ±шырап, жүректің ж±мысы әлсірейді. Бара-бара жүректе миогенді дилатация дамып, қуыстары кеңиді де, концентрлік гипертрофия эксцентрлік гипертрофияѓа ұласады.

Компенсациясыз кемістік кезінде жүрек өз ж±мысын д±рыс атқара алмайды, сондыќтан жүрек-тамыр жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. Жүрек қызметінің компенсацияланбауына қайталамалы ревматизм процесі, кездейсоқ инфекция, тым ауыр ж±мыстан қажу, психикалық жарақат себеп болады. Декомпенсация жаѓдайында жүректің қарыншалары болжырап, ќуыстары кеңейіп, қ±лақшаларында тромбылар түзіледі. Барлыќ ағзаларѓа веналыќ қан іркіледі, олар көгеріп, суланады, ішкі қуыстар шеменденеді (водянка). Жүректіњ єртүрлі кемістігімен сырқаттар көбіне жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен өледі. Кейде өлімге кенет дамыған тромбылы эмболия, жүректің митрал тесігінің шар тәрізді тромбымен бітелуі, ±лғайѓан жүректің параличі немесе пневмония себеп болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 127; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты