Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Миокард инфарктісі




Миокард инфарктісі дегеніміз — жүректің б±лшыќетті қабатының ишемиялыќ некрозы. Оныњ клиникалық бейнесіне электр-кардиографиялыќ өзгерістер және ферментемия тән. Ол, әдетте, ќызыл кемерлі ишемиялық (аќ) инфаркт болады.

Классификациясы мен патологиялық анатомиясы. Миокард инфарктісі: 1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына, 3) қамтыѓан көлеміне және 4) даму барысына (аѓымына) қарай жіктеледі.

Миокард инфарктісі дегеніміз — мерзімдік ±ѓым. Оның даму мерзімі ишемия басталѓан сәттен 8 аптаѓа созылса, алѓашќы (первичный) инфаркт деп аталады.

Егер алғашқы (жедел) инфаркт басталѓан сәттен кейін 8 апта өткен соң, таѓы бір жаңа инфаркт ошағы дамыса, ол — ќайталанѓан (повторный) инфаркт деп аталады. Ал, алғашқы (жедел) инфарктінің даму барысында, яғни 8 аптаның ішінде, таѓы да жаңа инфаркт пайда болса, ол — ќайталамалы (рецидивирующий) инфаркт.

Инфаркт көбіне жүректің ±шында, сол жақ ќарыншаның алдыңѓы іргесі мен бүйірінде, қарыншааралыќ перденің алдыңѓы бөлімінде дамиды. Б±л аймаќтар сол жаќ тәждік артерияныњ ќарыншааралыќ алдыњѓы тарамы арқылы қоректенеді. Тап осы тарамға, әдетте, күш көп түседі, оны атеросклероз жиірек шалады. Ал, сол жаќ қарыншаның артқы іргесі мен қарыншааралық перденің артқы бөлігінде инфаркт сиректеу. Б±л жерлер сол жаќ тәждік артерияныњ айналып µтетін тарамынан нәр алады. Егер атеросклероздан сол жаќ тәждік артерияныњ негізгі сабаѓы мен екі бірдей тарамы да тарылса, миокардта ауқымды инфаркт дамиды. Оң жақ қарынша мен жүрекшелерде инфаркт сирек байқалады.

Инфарктінің топографиясы мен көлемі белгілі бір артерияның зақымдалу дәрежесіне ѓана емес, жүректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігіне (типіне) де байланысты. Ж‰рек сол жақ тәждік артерия (сол жақтық тип), оң жақ тәждік (оң жақтық тип) немесе ортаңѓы тәждік (ортаңѓы тип) артериялардың бірі арқылы басымырақ қоректенуі мүмкін. Көбіне сол жақ немесе оң жақ тәждік артерияның қызметі басымырақ болады. Ал, атеросклероз, әдетте, жақсырақ қалыптасќан єрі күш көбірек түсетін артерияларды зақымдайтыны белгілі. Сол себепті миокард инфарктісі де көбіне сол жаќтық немесе оң жаќтық типте өрістейді. Жүректің қанмен ќамтамасыз етілуінде осындай ерекшеліктер болатынын ескерсек, сол жақ тәждік артерияның төмен баѓытталѓан тарамында тромб түзілген кезде инфарктілер неліктен жүректің әр жерінде (сол ќарыншаның алдыңѓы немесе артқы іргесінде, қарыншааралық перденің алдыңғы яки артқы бµлімінде) қалыптасатыны да түсінікті.

Инфарктінің көлемі тәждік артериялардың атеросклероздан тарылу (стеноз) мөлшеріне, айналма жолдар (коллатералдар) арќылы ќанмен ќамтамасыз етілу м‰мкіндігіне, артерияның негізгі сабаѓыныњ ќай жері (тромбымен, эмболмен) бітелгеніне және миокардтќа ќаншалыќты к‰ш т‰скеніне байланысты. Гипертония ауруыныњ салдарынан б±лшыќетті қабаты қалыњдаған жүректе дамыѓан инфарктінің көлемі көбіне үлкен болып, тромбымен бітелген артерия қоректендіретін атраптан ауқымдылау келеді.

Миокард инфарктісі б±лшықетті қабаттың әр жерінде дамуы мүмкін: эндокардтың астындағы инфаркт — субэндокардылық инфаркт деп, эпикард астындаѓы — субэпикардылық инфаркт, б±лшыќетті қабаттаѓы — интрамуральдық инфаркт деп, ал жүректің үш қабатына түгел жайылған инфаркт — трансмуральдыќ инфаркт деп аталады. Некрозды ошақ сыртқы қабатты жайласа (инфаркт субэндокардылыќ жєне трансмуральдыќ болып), оѓан жауап ретінде эндокард қабынып, эндотелийдіњ үстінде тромбылар түзіледі. Субэпикардылыќ немесе трансмуральдыќ инфаркт дамыса, жүректің сыртқы қабаты ќабынып, фибринді перикардит өрістейді.

Некроздың көлеміне қарай, миокард инфарктісі ±саќошаќты, іріошаќты және трансмуральдыќ түрлерге бөлінеді.

Миокард инфарктісінің даму барысы (аѓымы) некрозды кезењнен және тыртыќтану деп аталатын кезеңдерден т±рады.

Некрозды кезењдегі инфаркт аймағын гистологиялық тәсілмен зерттегенде негізінен µлі ткань кµрініп, заќымдалмаѓан миокардтың ±сақ "үялары" тамырлардың төңірегінен ғана ±шырасады. Некрозды аймаќ толыќқанды тамырлармен және лейкоцит шоғырларымен шектеледі (демаркациялық ќабыну). Жүректің басќа жерлерінде де қанайналымы мен заталмасу процестері бұзылады. Тамырларға қан әртүрлі мөлшерде толып, қанды ошақтар пайда болады. Кардиомиоциттер гликогенінен айрылады, бірақ онда липидтер көбейеді. Б±лшықет клеткаларының митохондриялары мен саркоплазмалыќ торы ыдырап, кейбіреуі жойылады. Қанайналымы жүректе ѓана б±зылып ќоймайды, басқа ағзалардыњ да (мысалы, мидыњ) тамырлары ќанѓа біркелкі толмай, капиллярларында стаз дамиды, диапедездік қанды ошақтар қалыптасады.

Тыртыќтану (беріштену — организация) кезеңі лейкоциттерді макрофагтар мен фибробласт тектес жас клеткалар ыѓыстырѓан кезден басталады деуге әбден болады. Өйткені, макрофагтар цитоплазмасына липидтерді жинап, µлі тканьдердің қалдыѓын сіңіріп, өлескені жояды. Ферменттерінің белсенділігі өте жоѓары болѓандықтан, фибробласттар дәнекер ткань талшықтарын түзеді (фибриллагенез). Беріштену процесі инфарктіні шектейтін аймақтан да, некроз ошағындағы зақымдалмаѓан тканьдердің "±яларынан" да өрістеп, 7— 8 аптаѓа созылады. Дегенмен, беріштену мерзімі инфарктінің көлемі мен организмнің реактивтілігіне байланысты. Өскелең дәнекер ткань алғашќыда гарнуляциялық ткань тектес ж±мсаќ. Жетіле келе, ол жуан талшықты, тыѓыз тыртыққа айналады; заќымдалмаѓан тамырлардың төңірегінде ±лғайып, жуандаған б±лшықет "±ялары" байқалады. Фибринді перикардиттің салдарынан үлпершек қуысында бірікпелер түзіледі. Ол бірікпелерде қалыптасқан жас тамырлар жүректен тысқары жайѓасқан тамырлармен ±штасып, қан ағысына айналма (коллатераль) жол ашады да, миокардтың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Ақырында инфаркт ошаѓы беріштеніп, оның орнын тығыз тыртыќ (рубец) басып, іріошаќты кардиосклероз дамиды. Зақымдалмаған, әсіресе тыртықтың төңірегіндегі миокардта регенерациялыќ гипертрофия өрістейді.

Инфаркт мынадай процестермен асқынады: кардиогендік шок, жүрек ќарыншаларыныњ фибрилляциясы (жыбырлауы), асистолия, жүрек қызметінің жедел ағымды жеткіліксіздігі, миомаляция, жедел аневризма, жүректің жарылуы (жыртылуы), іргелік тромбоз және перикардит.

Миомаляция — миокардтаѓы өлі жерлердің жидіп, ыдырауы. Ол аутолиз басым болѓанда байқалады. Жүректің миомаляцияѓа ±шыраѓан жері жыртылып (жарылып), үлпершек қуысына қан құйылады (гемоперикард, ‰лпершек қуысыныњ тампонада (тыѓындалуы).

Инфаркт ауќымды болса, ол жер сыртқа қарай бұлтиып, жедел аневризмаѓа айналады. Аневризманың ішіне тромбылар түзіледі, эндокардының кей жерлері сетінейді. Сетінеген жерлер арқылы ќан кетіп, миокардты эндокардтан ажыратып, некроз жайлаған жерлерді жыртып та жібереді. Сөйтіп, ж‰рек жарылып, гемоперикард дамиды.

Іргелік тромбылар субэндокардылыќ жєне трансмуральдыќ инфарктіге тән; олар тромбылы эмболия синдромымен асќынуы мүмкін.

Перикардит, єдетте фибринді, көбіне субэпикардылыќ және трансмуральдыќ инфарктінің салдары ретінде дамиды.

Миокард инфарктісіне шалдыққандардың өлімі инфарктінің өзінен немесе оның әртүрлі зардаптарынан болады. Өлімнің тікелей себептері мынадай: ж‰рек ќарыншаларыныњ фибрилляциясы, асистолия, кардиогендік шок, ж‰рек ќызметініњ жедел жеткіліксіздігі. Даму барысында өлім қаупін туѓызатын, б±л аурудың бірќатар басқа да асқыну зардаптары бар: ж‰ректіњ өзі немесе жедел аневризмасы жыртылып, үлпершекке қан қ±йылуы; жүректегі инфаркт аймаѓы мен жедел аневризмада немесе жүректің қ±лақшасында түзілген тромбыдан тромбылы эмболия синдромы өрістеп, мысалы, мидың тамырлары тромбылыќ эмболмен бітеліп ќалуы да м‰мкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 120; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты